Аймақтар • 17 Наурыз, 2022
Қабанбай батырдың 330 жылдығы аясында Шығыс Қазақстанда батырға арналған музей ашылады. С.Аманжолов атындағы университеттен орын белгіленген музейде экспозициялар QR-кодтар мен аудиогидтер арқылы заманауи үрдісте ресімделіп, көрерменге қазақтың дарабоз қолбасшысы туралы деректер ұсынатын болады.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2022
108 елді мекенді су басу қаупі бар
Шығыста болуы ықтимал тасқынға дайындық тыңғылықты. Өзен суларының көтеріліп кетуінің алдын алу үшін наурыз айының басынан бастап Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Үбі өзендерінде мұз жару профилактикалық жұмыстары басталды.
Өнер • 15 Наурыз, 2022
Сырмақ сыру, алаша тоқу сынды ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан өнерін жаңаша стильде қайта жаңғыртып, төрімізге шығарып жүрген суретшілердің қолдарына Құдай қуат берсін дейміз. Күні кеше Өскемендегі облыстық өнер музейінде «Туған өлкенің палитрасы» атты кескіндеме және сәндік қолданбалы өнердің көрмесі ашылды.
Өнер • 14 Наурыз, 2022
Әлемдегі ең үздік көрменің бірі – «Ұлы дала алтыны»
Ұлыбританияда өткен «Ұлы дала алтыны» көрмесі 2021 жылдағы әлемнің үздік бес көрмесінің бірі болып танылды. Халықаралық «Apollo» өнер журналы 2021 жылдың әлемдегі үздік көрмелерді анықтап, рейтингтің көш басына «Ұлы дала алтыны» көрмесін шығарды.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2022
Наурыз айы бастала сала жер-жерлерде қарғын су қаупінің алдын алу шаралары қолға алынды. Жауапты мамандар өзендердің арнасын ашып, бұлақ көздерін тазалауға кірісті. Тасқынға тосқын жұмыстары әсіресе Семей қаласында жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Өйткені, қала аумағында су басу қаупі төніп тұрған 15 учаске бар. Су басуға бейім жерлерде 2 364 тұрғыны бар 631 үй тұр.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2022
Бес-алты жыл бұрын Шығыста құстардың көбеюіне көктемгі аңшылық маусымы едәуір зиянын тигізе бастаған. Оны байқап, сараптап отырған мамандар бірқатар қанаттыларды аулауға шектеу енгізген. Нәтиже жоқ емес...
Спорт • 08 Наурыз, 2022
Сана Анарқұлова: Біз үшін әр ойын жауапты
«Алтай» волейбол командасының арулары алаңдарда атой салып, Алтайдың атын шығарып жүргелі қашан?! Бойлары сырықтай нәзік қыздар жыл он екі ай жаттығудан қол үзбейді. Тыңғылықты дайындық, темірдей тәртіп бар командада. Ерінбей еңбектенгеннің арқасында бес дүркін Қазақстан чемпионы атанған жоқ па?! 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында кіл мықты ойыншылардан құралған команда капитаны Сана Анарқұловамен емен-жарқын әңгімелескенбіз.
Сұхбат • 01 Наурыз, 2022
Тау басында аршасы-ай, Басыңа бұлбұл қонсашы-ай. Күнде жиын, күнде той, Заман сондай болсашы-ай. Ауу-ауу-а-иә, ауу-ауу-а-иә... деп тамағын қарлықтыра, көмеймен әндетті. Одан шаңқобызын езуіне салып, аңыратты.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2022
Жуықта Төр Алтайдың баурайында зиялы қауым өкілдері бас қосты. «Шығармашылық-ақпараттық» кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар оқиғасынан кейінгі үндеуі халыққа түсіндірілді. Кездесудің екінші бөлімінде ақындар өлең оқып, шығармашылық тақырыпта ой өрбітті.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2022
Интернационалдық борышын өтеп жүріп, оққа ұшқан сарбаздардың ерлігі есімізде ме? Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон І дәрежелі «Спитамен» орденімен марапаттаған жерлесіміз Раджан Батырхановтай батырдың бағасына біз жете алып жүрміз бе?