Аймақтар • 23 Ақпан, 2022
Бұл – байлық жарыстыратын рәсім емес
«Өмір бар жерде – өлім бар». Өлімді жерде жаға жыртысқан дау болмаса да, оқтын-оқтын кереғар пікірлер болып тұрады. Бірі марқұмды о дүниеге шығарып салу рәсімінде дастарқанды тойдағыдай жайнатып, тәтті-дәмдісін тосқысы келсе, енді бірі марқұмның басына күмбез тұрғызғысы келеді. Мұның бәрі ысырап. Өскемен аймағы ақсақалдарының VI форумында осы салттық рәсімдерді бір арнаға түсіру жөнінде сөз қозғалды.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2022
Балықшыларға «балық» ескерту жасады
Күнұзақ тапжылмай мұз тесіп, қармақ салып отырған балықшылар мамандардың ескертулеріне, шектеулеріне құлақ аса бермейді. Әйтпесе, қыстай үш балықшы мұз астына кетер ме еді?! Өзен-көлдерге қабыршық мұз қатқан күннен бастап, төтенше жағдай мамандары шыр-пыр болып, алдын алу жұмыстарына кіріседі.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2022
Елдің өркендеп, дамуы үшін өнертапқыштардың, техникалық мамандардың тынбай еңбек етуі керек. Ол туралы өткенде ғана Президент сөз еткен. Ал жуықта Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары екі бағытта ғылыми зерттеу жүргізіп, жаңалық ашты.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2022
Көк түтіннен көз ашпай отырмыз
Жиырма күннен бері Өскемен шаһары көк түтіннен көрінбей тұр. Жыл басынан бері 25 рет қолайсыз метео жағдай тіркеліп үлгерген. Былтыр жыл көлемінде 42 ҚМЖ фактісі жарияланған екен. Салыстыра беріңіз. Желсіз күндері өндіріс ошақтары қуатты азайтудың орнына одан сайын үдете түсетіндей. Мұржалардан шыққан будақ түтінге тұншыққан тұрғындардың басы ауырып, тамағы қызарып жүр. Дәрігерге қаралғанымен, диагнозы жоқ.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2022
Былтыр Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 161 тұлғаға қатысты 122 қылмыстық істі қараған. Жыл көлемінде 159 азамат сотталып, біреуі ақталыпты. Енді бір тұлғаға қатысты іс прокурорға бұзушылықты жою үшін қайта қайтарылды. Жасалған қылмыстардың ішінде адам өлтіру, есірткі заттарын сақтау, өңдеу, дайындау, жасөспірімдерді зорлау сынды ауыр қылмыстар бар. Ең өкініштісі, бұл жағдайлар қазақы қаймағы бұзылмаған аудандарда да орын ала бастаған.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2022
Шығыстың қай пұшпағында болсын, жортқан аң, ұшқан құс көп. Байқап отырсақ, олардың соңына түскен аңшылар, дұрысы браконьерлер аз емес. Жуықта полицейлер тағы да браконьерлікпен айналысып келген бірнеше топты ұстады. Тағы да деп отырғанымыз, өткен айда ғана сілеусін соғып алғандарға қатысты хаттама толтырылған еді.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2022
Қысқа айдан қысылмай шығу үшін...
Ақпан айы – таулы жердегі аң-құстар үшін ауыр. Жыртқыш жемтікке жарымай, тұяқтылар тебіндей алмай қиналады. Қалың жауған қарды бауырымен жара жортып, азық іздеу оңай ма?! Мұзы қалың қатқан өзен-көлдің балығы да тұншығып, қырыла бастайтыны осы кез.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2022
Шекаралық ауданға - айрықша назар
Шекаралық аудандарды дамытуға былтыр 43 млрд теңге қаржы жұмсалғанымен, шарапатын көрген жоқпыз деседі тұрғындар. Халықтың пікірінше, Катонқарағай, Тарбағатай, Марқакөл, Мақаншы жеке аудан болып бөлінбейінше, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқаты түзелмейді.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2022
Қоршаған ортаға өндіріс ошақтарын айтпағанда, өзіміз қаншалықты зиян келтіріп жатқанымызды білеміз бе осы? Базаршылап жүріп, азық-түлік толтырған полиэтилен пакеттер ертеңгі күні желмен ұшып, жасыл желектің бас жағынан желбірейді. Пластик бөтелкелер өзен-көлдердің жағалауында жайрап жатады. Оның зияны айтпасақ та түсінікті.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2022
Былтыр көктемде Семейде бірнеше үйді су басып, тұрғындарды эвакуациялауға тура келген. Биыл тілсіз жаудың алдын алуға бағытталған жұмыстар ерте басталды.