Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Елімізде ұзын саны 30-35 гидрологиялық электр стансасы болса, соның бесеуі Шығыс Қазақстанда екен. Алайда оның екеуі, яғни Өскемен және Шүлбі ГЭС-і жекеменшікке өтіп кетуі мүмкін. Стратегиялық нысандардың сатылуына қарсылық білдірген 7 мың адам петицияға қол қойып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған.
Руханият • 15 Сәуір, 2021
Сарыала қаздың қаңқылы естілді
Еміл өзенінің аңғарынан ерте көктемде-ақ сарыала қаздың қаңқылы естіледі. Бітімі үйрекке ұқсас қасиетті бұл құс жаздай Үржар, Қатынсу, Еміл өзендерінің саздауыт тұсын мекен етеді.
Қоғам • 15 Сәуір, 2021
Екпе алу пункті мешітте де ашылды
Дәрігерлердің пікірінше, халықты коронавирус инфекциясынан вакцина мен ұжымдық иммунитет ғана сақтайды. Ал жалпы иммунитет қалыптасу үшін кем дегенде ересек азаматтардың 60 пайызы екпе алу керек. Сондықтан да Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын ресейлік Спутник V препаратымен жаппай вакциналау басталды.
Қоғам • 14 Сәуір, 2021
Ауылдарға кең жолақты интернет тартылады
– «Қой кезек-2021» деген тобымыз бар «уатсапта». Үйді-үйді аралап бөтен қой іздемейміз, топқа жаза саламыз. Интернет деген қолымызды ұзартып, көзімізді ашты, – дейді Ізғұтты Айтықов ауылының тұрғыны Жанимхан Өмірбек. Ұлан ауданына қарасты бұл ауыл Өскеменнен қырық-ақ шақырым жерде жатқанымен, осы уақытқа дейін интернетті қойып, ұялы байланысы болмаған.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
ШҚО-да жол қызметінің 80 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін үнемі назарда ұстайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 13 Сәуір, 2021
Өскемендегі облыстық өнер музейінде «Дала дидары» атты өнер фестивалі басталды. Өз қазанында өзі қайнап жатқан аудандардағы суретшілер мен қолөнершілердің шеберліктерін шыңдау үшін бұл – тамаша мүмкіндік. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған рухани жобаны бірінші болып Көкпекті ауданы бастады.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2021
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Семейдегі қалаішілік автобустардың графикке сай қатынамауы туралы мәселе бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде аз көтерілген жоқ.
Өнер • 11 Сәуір, 2021
Музей қоры құнды картиналармен толықты
«Рухани жаңғыру». Ұмыт болған салт-дәстүрімізді, өнерімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жадымызда жаңаша жаңғыртқан бағдарлама бұл. Ұлттық рух пен санаға тың леп берген ауқымы кең бағдарламаның аясында атқарылған игі істер аз емес. Әсіресе, өңірдегі өнер музейінде төрт жыл қатарынан істелген шаралар туралы ауыз толтырып айтуға болады.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды
Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылының тұрғындарын эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
«Ашығын айтуымыз керек, мемлекеттік органдарда әлі де болса формализм мен жайбасарлық кеңінен етек алып отыр. Азаматтарымыз өздерінің жергілікті деңгейдегі мәселелерімен орталық мемлекеттік органдарға жүгініп, Мемлекет басшысына шағымдануға мәжбүр. Әлеуметтік желілердің арқасында өңірлерде шешімін таппаған мәселелер бүкіл елге белгілі болып жатады», деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. Шындық, жергілікті биліктен күдер үзген халық арыз-шағымын тікелей Президентке жолдағысы келеді. Болмаса, фото, бейне-жазбаларын әлеуметтік желіге салып, әділдік іздейді.