Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1104 материал табылды

Білім • 26 Наурыз, 2021

Өскеменде физика орталығы ашылды

XXI ғасыр – ғылым мен инновация дәуірі. Рас, ғылымға, техникаға бет бұрып жатқан жастар аз емес бүгінде. Жуықта білімге ұмытылған жастар үшін Шығыс Қазақстан техникалық университетінде бес оқу зертханасымен жабдықталған физика орталығы ашылды. 

Оқиға • 25 Наурыз, 2021

Көктем шуағын шашқан көрме

Ақ қар, көк мұз дала. Шуақты көктемнің иісі кітапхана фойесінде ашылған суретшілер көрмесінде ғана сезіледі. Өнер десе ет жүрегі езіліп тұратын өскемендіктер бұл күні «Көктем бояулары» атты көрмені тамашалауға асығып бара жатқан.

Аймақтар • 24 Наурыз, 2021

Жармалықтар әз-Наурызды ерекше тойлады

Ұлыстың ұлы күнін Жарма ауданының халқы ерекше тойлады. Концерттік бағдарламалармен қатар, қазақтың салт-жоралғыларынан театрланған көрініс қойылды, күймеге мінген Қыдыр ата ауылды аралап, халыққа сыйлық таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 21 Наурыз, 2021

Ұлттық тағамды ұлықтап жүр

Қазақтың ұлттық тағамдарын еуропалық үлгіде мейрамханаға сай етіп әзірлеуді үш жыл бұрын қолға алған Мұхтар Тойбазаров дегеніне жетті. Ұлт мүддесі үшін еңбек етіп жүрген белгілі рес­торатор Өскеменнің ортасында ұлттық мейрамхана ашқан.

Аймақтар • 20 Наурыз, 2021

Жылжымалы кешен ауылдарды аралайды

Облыс орталығынан шалғайда жатқан Катонқарағай ауданының тұрғындары жылжымалы медициналық кешенде толық тексеруден өтті. Мұндай мүмкіндік күнделікті бола бермейтіндіктен, денсаулығына алаңдаған ауылдағы ағайындардың қатары көп болды.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

ШҚО трассаларында ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылады

Облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда 8 тоннадан астам жүгі бар көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Еgemen.kz

Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Семейде атауы жоқ даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі беріледі

Қарағайлы жаңа ықшам ауданындағы даңғылға Тұңғыш Президенттің есімі беріледі, деп хабарлайды Еgemen.kz

Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Қар құрсауында қалған 4 адам эвакуацияланды

Шығыста қыс әлі де әлек салып тұр. 18 наурызда құтқарушылар қар құрсауында қалған екі баласы бар әйелді эвакуациялады, деп хабарлайды Еgemen.kz

Білім • 18 Наурыз, 2021

Шығыс Қазақстан облысында оқушылар уланып қалған

Ұлан ауданының Бозанбай орта мектебінде 48 оқушының дене қызуы көтерілген. Жүректері айнып, құсқан. Олардың 19-ы Өскемендегі Ана мен бала орталығына жіберілді. Білім басқармасы мамандарының мәліметінше, дәрігердің тексеруінен өткен оқушылар мектеп асханасындағы тамақтан уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 17 Наурыз, 2021

Түкпірдегі елді туризм асырайды

«Мынандай ғажап өлкені қалай ғана қиып көшесіңдер?» дер еді Алтайдың сұлу табиғатына таңғала қараған меймандар. Ондайда «қарт Алтайдың қаталдығын сезінбей айту оңай. Бір қыстап шықсаңыз, сіз де көшер едіңіз» дегің-ақ келеді. Шын, отын-суың, ала жаздай жемшөбің бар... Мұның бәрі жергілікті тұрғындар үшін қып-қызыл әуре, тыртың тірлік. Алты айсыз қарының көбесі сөгілмейтін өңірде мал бағып, егін егіп, әл-ауқатыңды көтере де алмайсың. Қолайсыз. Ел шетінің сетінеп жатқанының бір себебі сол.