Медицина • 09 Сәуір, 2021
Дәрігерлерге үстемеақы төленбейді
Шығыс Қазақстанның дәрігерлері ынталандыру үстемеақысын толық ала алмай жүрген соң заңгердің көмегіне жүгінген. Жедел жәрдем қызметкерлерінің құқығын қорғаумен айналысатын адвокаттың айтуынша, үстемеақы сомасы 70 млрд теңгеге жеткен.
Экология • 08 Сәуір, 2021
ШҚО-да 5 тоннадан астам балық тәркіленді
Көкпекті аудандық полиция бөліміне Тассай ауылының тұрғындары Зайсан көлінен заңсыз балық аулайтындары туралы жедел ақпарат келіп түскен. Тексеру кезінде көл жағасында орналасқан «Қарақас» учаскесінде 34 жастағы ер адамның заңсыз балық аулағаны анықталды.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2021
ШҚО-да бірнеше үйдің ауласын су басқан
ШҚО-да құтқарушылар мен «Қазгидромет» мамандары Ертіс пен Үбі өзенінің аңғарын тікұшақпен бақылады. ТЖД мамандары су деңгейі шекті мөлшерінен асқан жоқ дегенімен, бірнеше үйдің ауласына су жайылып үлгірген секілді.
Саясат • 07 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанда жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың 45 пайызын мал ұрлығы құрайды екен. Мұндай қылмыстың орын алуына мал иелерінің өздері де кінәлі. Ол туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев онлайн форматта өткізілген халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Полицейлерге жалған хабар таратқан ер адам қамалды
Жылдың басында 56 жастағы ер адам Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қоңырау шалып, танысы Өскемендегі ГЭС-ке жарылғаш зат орнатылғанын хабарлаған.
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
8 мыңнан астам адамға екпе егілді
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған шаралар атқарылып жатыр. 1 сәуір күні өңірде Covid-19 індетіне қарсы вакцинаны 8 653 адам алды.
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
Қарғын судың қаупі сейілген жоқ
Судың тілсіз жау екеніне шығысқазақстандықтардың көзі әбден жеткен. Сонау жылдары өзенді қойып, жылт еткен бұлағы жоқ елді мекендерді де топан су басқан. 2019 жылдың көктемі ше, әкімдердің аяғынан резеңке етік түспеп еді ғой. Алдын алу жұмыстары жүргізілмесе, солай болады да. Өткеннен сабақ алған билік екі жыл қатарынан көктемгі тасқынды болдырмау үшін жан-жақты шараларды қолға алған.
Медицина • 02 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанда жоғары оқу орнының қызметкерлері екпе салдырып жатыр
30 наурыздан бастап Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушылары мен қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Шығыста тұңғыш рет карикатура, шарж көрмесі өтті
Мұндай көрме бұрын-соңды Шығыста болмаған. Бүгін 1 сәуір – күлкі күніне орай Өскемендегі А. Пушкин атындағы кітапханада «Езу тартар» атты шарж, карикатура көрмесі өтті.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанға санитарлық бекеттер қойылды
Шығыс Қазақстан облысымен шектесіп жатқан өзге өңірлер қызыл аймаққа енгендіктен,тұрғындардың денсаулықтарын сақтау үшін облыс шекараларына санитарлық бекеттер қойылды. Бірақ әзірше жеңілдетілген шектеу шаралары сақталып отыр.