Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
461 материал табылды

Өнер • 25 Қазан, 2022

Жаһанды жаулаған жанар

Әлем Самал есіміне сонау бір жылғы Францияның әйгілі Канн фестивалінде қанық болды. Фильмде тудырған қайталанбас бейнесі арқылы киноның талғампаз жанкүйерлерін күллі қазақ өнері мен өнер­пазына бас игізді. Өнермен өмір сүрген қа­зақтың қар­шадай қызы сонда тұтас ұлттың мерейін асырып, мәр­тебесін асқақ­татқан еді.

Қоғам • 25 Қазан, 2022

«Жас өрен» жеңімпаздары

Республика күніне орай композиторлар мен ақын­дар арасында өткен балалар әні мен поэзия­сына арналған «Жас өрен» республикалық байқа­уы­ның жеңімпаздары анықталды. Жүзден жүйрік шық­қандардың жұлдызын жаққан байқау мықтылары арнайы диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Өнер • 19 Қазан, 2022

«Алаштың Ақтоқтысына» арналған фестиваль

Биыл «Алаштың Ақтоқтысы» атанған аңыз актриса, театр мен кино жұлдызы, КСРО халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шолпан Жандарбекованың ғасыр тойы. Атаулы датаға орай ел ордасы Астанада Қазақстан драма театр­ларының республикалық XXVIII фестивалі өз жұмысын бастады.

Театр • 19 Қазан, 2022

Шолпан жұлдыз фестивалі

Бас шаһарда театр тойы! Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 18-23 қазан аралығында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалі өтіп жатыр.

Әдебиет • 12 Қазан, 2022

Драматургия дүлдүлі

«Драматургия – қым-қиғаш интрига. Мұны У.Шекспир де мойындаған. Арбасқан көздер, мың құбылған қас-қабақ пен жан берісіп, жан алысқан әрекетті сөз, қара тасты қақ айырар отты да өткір тіл. Қоғамдық-әлеуметтік көтерер жүк автор қиялының көркемдік мүмкіндігіне қарай жіті сұрыпталып, адамзат жүрегіне жол тартары тағы бар. Осынау ауыр мехнатқа саналы түрде бас қойған кісіні ықылым заманнан драматург деп атап келеміз». Театр сыншысы Әшірбек Сығайдың драматургия турасындағы бұл толғамы драма өнеріне жүктелер міндет пен жауапкершіліктің салмағына әділ таразы.

Сұхбат • 11 Қазан, 2022

Ұлттық кино қолдауға зәру

Еліміздегі кинотеатрлардың жағдайын пандемияға дейін және кейін деп қарастырып жүрміз. Карантин айтарлықтай өзгеріс әкелген прокаттағы жағдайлар күні бүгінге дейін талай түйткілге себеп болып отырғаны да жасырын емес. Одан бөлек прокат мәселесінде туындап жатқан өзекті проблемалар кино мамандарының дабыл қағуына да себеп болып отыр. Мұның бір мысалы – қазақстандық кинотеатрлар танымал емес Қытай мен Мексиканың фильмдерінің көрсетілуіне барынша жағдай жасап, есесіне бұл уақытта отандық режиссерлердің фильмдері сөрелерде шаң басып қалып жатыр. Өндірісіне мемлекеттік қаражат бөлінген фильмдер неліктен көрерменнің назарына жетпейді? Біздің кинопрокаттағы отандық картиналардың жағдайы қандай? Осы және басқа да сұрақтарға Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов жауап берді.

Театр • 10 Қазан, 2022

«Кармен-сюита» көрерменін күтеді

Жақында «Астана Балет» театрында үлкен өнер оқиғасы өтеді. 14-15 қазан күндері театр сахнасында Альберто Алонсоның Жорж Бизенің «Кармен» операсының негізінде қойылып, композитор Родион Щедрин оркестрге арнайы лайықтаған «Кармен-сюита» бір актілі балетінің премьерасы көрерменін қуантуға асық.

Театр • 09 Қазан, 2022

Көптің көңілінен шыққан Күлбике

Қуанышпен аяқталатын ертегіні кім жақсы көрмейді? Балалық шаққа қайта оралтып, қиял-ғажайып әлемнің қызығына бойлататын туындылардың қай кезде де көрерменінің көңіл төрінен орын алары сөзсіз. Күні кеше «Астана Опера» театрында тұсауы кесілген «Күлбике» («Золушка») балеттік спектаклінің дәл осы санаттан табылғанына күмән жоқ.

Сұхбат • 09 Қазан, 2022

Жапондық сценограф Йоко Сеяма: Арманымызбен үндес

«Астана Опера» театрында 8-9 қазан күндері премьерасы сәтті өткен «Күлбике» балетінен кейін қойылымның сценографы жапониялық жас маман Йоко Сеямамен тамаша туындының өмірге келу процесі жайында тілдесудің сәті түскен еді. Суретші шығармашылық ізденістері туралы ойын бүкпесіз ортаға салды.

Театр • 05 Қазан, 2022

«Астана Опера» труппасы – Кремль төрінде

«Астана Опера» балет труппасының қазан айына жоспарлаған шығармашылық жобалары мол. Соның бірі 29 қазанда Ресейдің ең танымал әрі беделді театрлық-концерттік алаңы Кремль сарайы­ның сахнасында өтеді. Мәскеулік көрермендер наза­рына Борис Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балеті ұсынылады.