Кино • 16 Мамыр, 2022
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Көрерменнің көптен күткен тілегі орындалып, ақ түйенің қарны жарылды. Күні кеше Қасым хан туралы түсірілген режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмі қалың қауымға жол тартты. Тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен қалған ұлы ханның ұлт мұраты жолындағы игі істерін ұлықтаған айтулы туынды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналыпты.
Өнер • 12 Мамыр, 2022
Ұлы Отан соғысында ерлігімен ел есінде қалған ерендер, Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына биыл 100 жыл! Атаулы мерейтойға орай елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Майдан хаттары» атты театрландырылған концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен тағылымды кештің авторы – Назгүл Сарыбай.
Театр • 03 Мамыр, 2022
«Дүниедегі ең қиыны – адам болып қалу» депті ұлы Шыңғыс Айтматов. Ал адамдықтың басты шарты – адамгершілік һәм ар мен иманда. Сондықтан болса керек, пенде жаны әрдайым тазару мен кемелденуге зәру. Жүрегін қолына ұстап, кірлеген жанын жарқырату үшін театрға асығатын адамның әрекетін де сондай сәтте ұғыну қиын емес. Өйткені пендеге тиесілі жүректің бәрі тазаруға бейілді, мінсіздік – тек Аллаға тән. Ондайда «тазарғың келсе – театрға бар» деген тәмсілдің де төркінін шын ұғына түсетіндейсің. Өйткені саф өнерде – өмірдің өзі өрнек түзеді.
Сұхбат • 20 Сәуір, 2022
Гүлназ Балпейісова: Классикада шекара жоқ. Шексіздік бар
Ол – қаршадайынан білім қуып барып, алып Мәскеуді мойындатқан талантты қазақ қызы. Мінезіндегі өткірлік пен бойындағы өр намыс оны әлемдік режиссураның алыбы, реформатор Римас Туминастың төл шәкірті етті. Бүгінде Мәскеудің Е.Вахтангов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының жетекші режиссерлерінің бірі ретінде табысты қызмет етіп жүрген талантты ару жақында Қарағандының С.Сейфуллин атындағы мемлекетттік академиялық драма театрында М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясын қойды. Премьерадан соң аядай ғана Шыңғырлау ауылынан түлеп ұшып, күллі Ресейді мойындатқан қаршадай қазақ қызы режиссер Гүлназ Балпейісовамен аз-кем тілдесудің сәті түскен еді.
Әдебиет • 17 Сәуір, 2022
Оралхан кейіпкерлерімен кездесу
Жастық шағында жазушы Оралхан Бөкей шығармаларын оқымаған оқырман кемде-кем шығар. Әсіресе, балалық шағы ауылда өткен жанның кітапханадан арқалап әкеліп, том-том кітапты кеміргені ақиқат. Соның ішінде Оралханды оқып, «Тортай мінез ақ боз атқа» Тортайды тастап, өзі мініп алып Шыңғыстай жаққа бір желіп барып қайтқысы келетін оқырманның көп болғанына да бәс тіге аламыз. Соның бірі – мына біз едік.
Театр • 14 Сәуір, 2022
Бұл «Қарагөз» бұрынғыдан өзгерек...
«Арқаның Ақсарайы» атанған Қарағандының С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық драма театрында түндігі түрілген күннен бергі 90 жыл ішінде түрлі «Қарагөздер» қойылған. Алайда бұл «Қарагөздің» сипаты да, сарапталуы да бөлек. Соңғы онжылдықта мәскеулік театр кеңістігін мойындатып жүрген қазақ қызы, Е.Вахтангов атындағы академиялық мемлекеттік театрының дарынды режиссері Гүлназ Балпейісованың қолтаңбасында жаңаша тынысы ашылған айтулы премьера заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық және киелі қарашаңырақ Сәкен театрының 90 жылдық мерейтойына орай сахна төріне шығып отыр.
Тарих • 10 Сәуір, 2022
«Қоянды жәрмеңкесі» құрудың аз-ақ алдында тұр
Өз дәуірінде-ақ атағы алысқа кеткен әйгілі Қоянды жәрмеңкесінің жылдар алға жылжыған сайын кезіндегі даңқты дақпырты сейілгенімен, уақыт ағзам алақанында бедерленген тағылымы һәм тарих алдындағы құндылығы титтей де құлдыраған жоқ. Қасиетті Қарқаралы топырағына табаны тигеннің дені уақыт тауып Қояндыға соға кеткісі келіп тұрады. Туған жерге талай жол түсіп жүрсе де, қазақ даласындағы алғашқы сауда-саттық орны ғана емес, өнердің үлкен ордасы болған ел төріндегі тарихи мекенге табан тигізудің, тағылымын танудың сәті енді бұйырыпты.
Өнер • 04 Сәуір, 2022
Қазақтың қаһарман қызы Роза Бағланованың көркем бейнесі – алғаш рет театр сахнасында! Әлемі әнмен егіз өрілген аңыз әншінің бекзат болмысын «Қазақконцерт» ұйымына қарасты Astana Musical мемлекеттік театрының талантты ұжымы «Роза Бағланова» мюзиклінде сараптап көрді. Ұлы тұлғаның ғасыр тойына арналып қойылған туынды әнші туралы тың деректерді сөйлетуімен құнды.
Театр • 31 Наурыз, 2022
«Қаллеки тынысы» қай деңгейде?
Халықаралық театр күніне орай Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрында «Қаллеки тынысы» атты премьералық спектакльдер апталығы өтті. Кәсіби театртанушылардан құралған сарапшылар бір апта бойы 2021-2022 жылдары сахналанған жаңа спектакльдерді тамашалап, қойылым соңында пікірлерін ортаға салып, талқылау өткізді. Апталық соңында жүзден жүйрік шыққан мықтылар арнайы аталымдар бойынша марапатталды.
Театр • 28 Наурыз, 2022
Көктем «АстанаОпера» театры үшін табысты басталды. Талай жылғы тәжірибесін жемісті жалғап келе жатқан жаңашыл ұжым 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай тағы бірнеше жағымды өнер жаңалығын көпшілік назарына ұсынып, талғампаз театрсүйер қауымнан сүйінші сұрады.