
Театр • 30 Қазан, 2019
Музыка мүйісі «Астана Операда» түйіседі
Әйгілі италиялық музыка маманы, белгілі аспапшы Марио Стефано Пьетродарки бандонеонының сиқырлы да тылсым үні жаһан тыңдармандарына кеңінен мәшһүр. Есімі әлемді мойындатқан айтулы аккордеоншы 30 қазанда танымал қазақстандық музыканттармен бірге «Астана Опера» театры сахнасында өтетін «Музыкалық қиылыс: бәрімізді тоғыстырған әуен» концертінде өнер көрсетеді.
Қоғам • 29 Қазан, 2019
Өнер қалыпқа бағынбайды. Театр талғамды, сахна жаңашылдықты сүйеді. Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнерге (Ғ.Мүсірепов – авт.) тән осы бір даралықты ту еткен еліміздің ерекше театрларының бірі – Нұр-Сұлтан қаласының Жастар театры ХІІІ театр маусымының шымылдығын Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясымен түрді.
Руханият • 16 Қазан, 2019
Қазақ сахнасына әйгілі италия композиторы Джузеппе Вердидің «Дон Карлос» операсы тура 40 жылдан кейін қайта оралды. Өткен аптада «Астана Опера» театрында қойылым премьерасы зор табыспен өтті.
Руханият • 11 Қазан, 2019
Абайға тағзым: Қаллеки театры жаңа маусымының шымылдығын түрді
Елорданың бас театры – Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының бағзыдан бұлжымас қағидаға айналып, ертеден келе жатқан әдемі дәстүрі бар. Ол – қоңыр күзбен жараса шымылдығын түрер әр маусымын Мұхтар Әуезовтің әйгілі «Абай» қойлымымен ашып, дәл сол спектакльмен жемісті шығармашылық жұмысын түйіндеу. Жаңалыққа толы кезекті ХХІХ театр маусымын ұлы ақын рухына тағзым етуден бастады.
Кино • 01 Қазан, 2019
Ақан Сатаев: «Томирис» – режиссерлік тәжірибемдегі үлкен межем
Руханият • 30 Қыркүйек, 2019
Ұлы дала рухын тірілткен туындының премьерасы неге қазақ тілінде өтпеді?
Қазақтың жанын ұлттық рухпен суарған тағы бір тамаша туынды көпшілікке жол тартты. Көрерменін екі жарым жылдан бері тағатсыздандыра тостырған «Томиристің» үлкен экрандағы тұсауы кесілді. Елорданың «Қазақстан» орталық концерт залында өткен фильм премьерасына төл тарихын тануға ұмтылған халық ине шаншар орын қалдырмай, лық толды.
Кино • 24 Қыркүйек, 2019
Әлмира Тұрсын: Менің ішімде өз Томирисім өмір сүреді
Түбі бір түркі жұртының тұтастығы жолына ғұмырын арнап, тағдырын қиған даңқты қолбасшылар, жаужүрек батырлар тұлғасы тарих үшін қашанда қастерлі. Уақыт-ағзам алақанында әлдеқашан жазылып қалған ақиқат кейінгі ұрпаққа ғұмырлық тағылым десек те, сол дала данышпандарын лайықты деңгейде ұлықтай алып жатырмыз ба?! Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында ерекше тоқталып: «Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар» – деп, өскелең ұрпақтың танымын тағылымды тарихпен суарып, патриоттық рухта тәрбие алуына, жас өскіндер санасына ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы фильмдер мен сахналық қойылымдарды жарыққа шығару жұмыстарына барынша назар аудару керектігін айрықша атап өткен болатын. Ұсыныс баянды бастамаларға арқау болып, ұлттық кинематография бірнеше сапалы көркем туындымен толығып үлгерді. Соның бірі – «Томирис» фильмі. «Томирис» кино тілінде сөйлейді» деген ақжолтай хабарды естігеннен бастап-ақ премьера күнін көпшілік қауым асыға күтті. Әсіресе басты рөлді сомдайтын актрисаның таңдалуы қызу талқыға түскені де ұмытыла қойған жоқ. Қазақстанды былай қойғанда, атағы күллі түркіні шарлап кеткен туынды халықтың төл тарихын тануға деген ынта-ықыласын әйгілеп берді. Санаулы күннен кейін отандық режиссер Ақан Сатаевтың көркем сараптауында көпшілікпен қауышқалы отырған картинада басты рөлді кино әлеміндегі жаңа есім – Әлмира ТҰРСЫН сомдайды. Аты аңызға айналған әйгілі Сақ патшайымын өз биігінде бейнелеу жолында тер төккен актрисамен фильм тұсаукесері алдында жолығып, аз-кем ой бөлісудің сәті түскен еді.
Руханият • 17 Қыркүйек, 2019
Фариза... Фариза – жыр... Фариза – тағдыр...
– Әпке, артық билетіңіз жоқ па? Қанша болса да сатып аламын... – деп қиылды студент қыз. – Жоқ, өзім де билет таппай, не істерімді білмей тұрмын, – деді бала жетектеген орта жастағы келіншек күмілжи. Бұл – М.Әуезов театры алдындағы «Фариза» спектаклінің премьерасы күнгі көрініс. Алматыны қанша жерден мәдениеттің ордасы десек те, дәл осындай есікке ентелей ішке кіруге ұмтылған есепсіз көрерменнің қарасын көрмегелі көп болып еді. Қуандық һәм ойландық. Халық ақынын сағыныпты...
Руханият • 13 Қыркүйек, 2019
Қарағанды облысының Қарқаралы өңіріне жолы түскен кез келген жолаушының қаланың әсем табиғатымен танысу сапарындағы ең бірінші қоятын сауалы бұл. Қисынсыз емес. Өйткені аты ғана емес, заты да талай тылсым мен жұмбаққа арқау болған Әулиекөлдің Шайтанкөлге айналғанға дейінгі тарихында адам түйсігі түсініп болмас қаншама сыр жатыр.
Руханият • 06 Қыркүйек, 2019
Киелі Қарқаралы топырағы көрсе көз сүйсінер әсем табиғаты, тамырын тереңге тартқан тағылымды тарихымен ғана емес, талай ғұлама ғалымдардың табанының ізі қалған сырға толы шежіресімен де қастерлі. Мұны кезінде қазақтың біртуар перезенті Қаныш Сәтбаев: «Алтайдан Карпатқа дейінгі ұлан-байтақ далада дәл Қарқаралы топырағындай қасиетті жер жоқ» деп дөп басып бағалаған болатын. Міне, осы бір киелі мекеннің қасиетіне қасиет, тарихына тағылым үстейтін есімдердің бірегейі – Құнанбай қажы мен хәкім Абай тұлғасы.