е
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
Екібастұздықтардың орташа жалақысы 321 мың теңгеге дейін өседі
Екібастұз қаласының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2025 жылға қарай бес есеге ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2021
Өткен тәулікте елімізге 38 халықаралық әуе рейсі келді
2021 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан аумағына 38 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Қыркүйек, 2021
Қазақстан Парламентінің ТМД ПАА-дағы өкілетті өкілі бекітілді
Мәжіліс пен Сенат Бюросы өз отырыстарында Игорь Мусалимовтың ТМД парламентаралық Ассамблеясындағы Қазақстан Парламентінің өкілетті өкілі лауазымына кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
Екібастұзда бірнеше зауыт салынады
ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында Екібастұзды дамыту мақсатында қандай зауыттар салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2021
Велошабандоздардың әлем чемпионаты басталды
Бельгияның Фландрия өңірінде велоспорттан (шоссе) әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Бұл жарыста 11 жүлде жиынтығы сарапқа салынуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
Үкімет Екібастұзды дамытудың кешенді жоспарын мақұлдады
Үкімет отырысында Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары мақұлданды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Қазақстан Ауғанстанға бидай мен ұн жібереді
Үкімет отырысында қазақстандық бидай мен ұн қай елдерге жеткізілетіні айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2021
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі қандай?
2021 жылғы қаңтардан тамызға дейін көпбалалы отбасылар бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 188,4 миллиард теңгеге 447,1 мың отбасы қамтылды. Тамыз айында 452,3 мың отбасы 23,8 миллиард теңге жәрдемақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Егін жинау жұмыстарының 95%-ға жуығы орындалды - Асқар Мамин
Қазақстанда дәнді және майлы дақылдарды 18 миллион тонна деңгейіне дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2021
Әйгілі Элизабет Тұрсынбаева үлкен спортпен қош айтысты
Халықаралық аренада ел намысын абыройлы қорғап, көптеген байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырына көтерілген атақты мәнерлеп сырғанаушы, қазақтың мақтан тұтар қызы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Элизабет Тұрсынбаева үлкен спортпен қош айтысатыны жайында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2021
«Шұғаның белгісінен» «Айғыркісіге» дейін
«Әне, деді жолдасым, әне «Шұғаның белгісі көрінді... өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!..», деген сөйлемді бала күнімізден бәріміз оқыдық. Көпшілікке белгілі «Кітапхана» телехабарында «Қостанай неге «Шұғаның белгісіне» ескерткіш орнатпайды?» деп мәселе көтергеніміз бар. Сол Қостанайға баратын үлкен жолдың бойында «Шұғаның белгісі» тұрса, әдебиетке одан артық қандай насихат керек?
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2021
Оның есімі Нобель сыйлығын иеленген тұңғыш латынамерикалық ақын ретінде тарих бетіне жазылып қалды. Сонау 1945 жылы оның таланты мен әдебиетке сіңірген еңбегі оны сыйлықтың төріне шығарды. Алты жыл өткен соң, Чили үкіметі оған әдебиет саласы бойынша берілетін Мемлекеттік сыйлығын ұсынды. Әдебиетке деген жанкештілігі мен адалдығы турасында оның қаламдастары көптеген естелік айтып, Габриела Мистральдың даңқын аспандатты.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2021
Қазақ ежелден дүниеге келген нәрестеге ат қоюға ерекше мән береді. Оның ырымы да, жөн-жосығы да сан алуан. Әсіресе, атағы, абыройы ел арасына, тіпті жаһанға жайылған ұлы тұлғалардың есімдерін ұлықтап, өз баласына, немере- шөбересіне қойып жүруі жақсы дәстүрдің төрінен орын алады. Сондай ұлы есімдерді «арқалап» жүрген азаматтардың бірі – біздің әріптесіміз, замандасымыз, бауырымыз – Абай Бөлекбайұлы Тасболатов.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2021
Жұматай Жақыпбаевтың тақырыпсыз өлеңі бар. Джоконданың жамалы, қасиеті туралы айтып келе жатады да, Ләйләні жырлап кетеді. «Джоконда миығында – жымиыс, қарайды енді ол басқа арулар заманын» дейді. Тура сол сияқты, өнер, сұлулық сияқты Тәңірінің берген артық қасиеттері қай заманның болсын құрдасы болып жүре беретіні белгілі. Келер заманға Джокондаға ұқсап картинадан сығалауы мүмкін, өлең, ән болып сырласып, тіпті тіл бітіп сахнадан сөйлеп шыққанын да көрдік. Мұндай құбылысқа әсіресе, театрда көп ұшырасамыз.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2021
Ауыл әйелдеріне кәсіпкерлік негіздерін оқытады
Алматы облысының Ескелді ауданында «Әлеуметтік осал санаттағы әйелдерді микро-бизнес негіздеріне оқыту» жобасының танымалдылығы артып келеді. Жобаны «Белес-Жетісу» қоғамдық қоры «Шеврон» компаниясы мен Орта Азия-Еуразия қорының қолдауымен Qolda 3.0 жедел көмек бағдарламасы аясында іске асыруда.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2021
101 жастағы кейуана онлайн санақтан өтті
Бала тәрбиесі мен қоғамдық еңбектерден де тасада қалмаған аяулы аналардың бірі – Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Бәйтерек елді мекенінің тұрғыны Забира Смаилова. Ауылдық округ мамандарының көмегімен Забира әжейдің әулеті халық санағына онлайн тіркелді, деп жазады Egemen.kz .
Руханият • 20 Қыркүйек, 2021
Жамбылдың өлеңдері түрік тілінде жарық көрді
Бүгін С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының қолдауымен жарық көрген Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2021
Альберт Линдердің қазасы: Ауыр атлетика федерациясы пікір білдірді
Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы спортшы Альберт Линдердің қазасына қатысты жайтқа орай ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қыркүйек, 2021
Президент ақын Рафаэль Ниязбектің отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Мемлекеттік Дума Федералды Жиналысының VIII шақырылымына сайлау науқанының сәтті өтуімен құттықтады. Сайлау нәтижесі Ресейдің ішкі саяси тұрақтылығын нығайту үшін аса маңызды деп есептейді Қазақстан Президенті, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тағайындау • 20 Қыркүйек, 2021
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Бақытжан Слямов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Бағдарламалар • 20 Қыркүйек, 2021
«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы қашан басталады?
«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы қашан басталатыны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 20 Қыркүйек, 2021
Евсеев елордадағы турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ATP 250 сериялы турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда Мемлекеттік Думаға сайлауда 300-ден астам ресейлік дауыс берді
Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған учаскелерде РФ Мемлекеттік Думасына сайлауға 334 сайлаушы келді, деп хабарлады Egemen.kz Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттады
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша осы жылдың тамыз айында электр энергиясының тарифтері электр плиталары қолданылған жағдайда 100 кВт/сағ үшін 1,5 мың теңге және электр плиталары қолданылмаған жағдайда 1,4 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2021
Кабул әуежайы коммерциялық рейстер үшін ашылды
Кабул әуежайы ішкі және халықаралық коммерциялық рейстер үшін ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауғанстанның азаматтық авиация басқармасындағы дереккөзге сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2021
А.Мамин «Алтын-Емел» және «Шарын» ұлттық саябақтарының даму тұжырымдамасымен танысты
17 қыркүйек ҚР Премьер-Министрі еліміздің ең ірі ұлттық парктерінің бірі – «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сапармен болды. Сапар аясында «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Орман Нұрбаев пен жоба жетекшісі Жәнібек Әлкеев Премьер-Министрге Шарын шатқалында шағын сәулет нысандарын орнату бойынша жұмыс нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ осы екі ұлттық парктегі инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасымен таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021
«Берел» жәдігерлері Ұлыбританияда таныстырылады
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Ұлыбританияның Кембридж университетінің Fitzwilliam музейінде «Ұлы дала алтыны» Халықаралық көрмесін ұйымдастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2021
Ресейде 21 қыркүйек аза тұту күні болып жарияланды
Студенттер арасында атыс болған Пермь аумағында 21 қыркүйек күні қаза болғандарды аза тұту күні деп жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021
Қостанайда жарылыс кезінде зардап шеккен екі адам көз жұмды
Қостанай қаласында газ-ауа қоспасының жарылысынан зардап шеккен екі ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.