жамбыл
Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен бір жылда 240 ауылға барған
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бір жыл ішінде жүзден астам жұмыс сапарына шығып, жалпы 240 елді мекенді аралаған. Соның ішінде 657 нысанның қызметімен танысқан, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Жамбылдық полицейлер марихуана сатушысын ұстады
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері талдау барысында Тараз қаласының аумағында «Марихуана» есірткі құралын сатқан 34 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай бірқатар іс-шара өтеді
Қазақ мемлекеттік филармониясы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай бірқатар іс-шара өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2021
Қауіпті індетпен күрес күшейе түсті
Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 5 709 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда науқастар көрсеткіші 501,4-ті құрап отыр. Ал пневмонияның 1 329 жағдайы анықталған. Тіркелген жағдайлардың ішінде 2 692 науқас симптомды, 3 017 науқас симптомсыз болып отыр. Өңірде қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде 5 383 азамат қауіпті індеттен жазылып шыққан. Алайда өкінішке қарай, коронавирус індетінен 64 адам қайтыс болған.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2021
Жамбылда диқандар көктемгі дала жұмыстарын бастап кетті
Жамбыл облысымен іргелес жатқан Жамбыл ауданының еңбеккерлері көктемгі дала жұмыстарын бастап кетті. Дихандар қазір жер жыртып, егіс алқаптарын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Ақпан, 2021
Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігі ғимаратының қабырғасы қақырап тұр
Сейсмикалық жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бірақ қаражат мәселесі қолбайлау, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021
Жамбылда жыл басынан бері 78 оқушы вирус жұқтырды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтің төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штаб отырысында облыстағы эпидемиялық жағдай, сондай-ақ вакцинация мәселелері сараланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 20 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Мемлекет басшысына өңірдің 2020 жылғы даму қорытындылары мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ, Қазақстан халқына арналған Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру жоспары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021
Жамбыл облысында су басуы ықтимал 38 елді мекен анықталған
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев облыс аумағында су басудың орын алуы Шу, Талас және Аса өзендерінің арналарында су деңгейінің көтерілуі және тау бөктеріндегі елді мекендерде еріген қар мен жаңбыр суларынан болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021
Жамбыл облысындағы Қызылқайнар ауылына ауызсу тартылды
Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылында талай жылдан бері көпшіліктің көкейкесті мәселесі шешіліп, су жүйесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2021
Жамбыл облысында 500-ге жуық құқықбұзушылық анықталды
Жамбыл облысында Жаңа жылдық мереке күндері жамбылдық полицейлер 500-ге жуық құқықбұзушылық дерегін анықтаған. Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастарға байланысты 9 құқықбұзушылық, 40 ұсақ бұзақылық және қоғамдық пайдалану орындарын ластау деректері тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020
Жамбыл облысының әкімі бюджет қаражатын толық игеруді тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткіштерінің орындалуы және бюджет қаражатының игерілуі қаралды,деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2020
Жамбыл өңірінде көрсеткіштер қандай деңгейде?
Қазіргі кезде мемлекет қазынасынан өңірлерге тиісті қаражат бөлініп отыр. Алайда, атқарылған жұмыс бөлінген ақшаның көлеміне сай болуы керек. Ал, бұл көрсеткіш Жамбыл облысында қай деңгейде? Жуырда Ш.Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы бірқатар басшылардың идеологиялық салада атқарылған жұмыстарының есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2020
Жаңатаста 180 пәтерлі екі тұрғын үй қолданысқа берілді
Жамбыл облысы Жаңатас қаласында көптен бері жарамсыз, бос-қаңырап тұрған 180 пәтерлі көпқабатты екі үй қайта жаңғыртудан өтіп, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2020
Жамбылда сайлау учаскелері депутаттар сайлауына дайын болмай отыр
Бүгін Жамбыл облысының әкімдігінде Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау мәселелері бойынша облыстық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Бизнес • 07 Желтоқсан, 2020
Жамбыл тұрғыны ешкі сүтінен сабын жасап шығарды
Жамбыл облысы Көкдөнен ауылының тұрғыны Кенжебек Сейдахметов асыл тұқымды ешкі өсірумен айналысып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2020
Тараз қаласында 72 жастағы қария коронавирустан айықты
Тараз қаласында 72 жастағы қария коронавирус індетінен құлантаза айығып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2020
Бердібек Сапарбаев: Ұлтаралық қарым-қатынас мәселесіне жіті назар аударылуда
Жамбыл обылысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев өңірдегі ұлтаралық қарым-қатынас мәселесіне жіті назар аударылып отырғанын айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 30 Қараша, 2020
Жамбылда қар құрсауында 51 адам қалып қойған
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті 51 адамды қар құрсауынан құтқарғанын хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 24 Қараша, 2020
Жамбыл облысында жедел медициналық жәрдем көліктері жаңартылды
Бүгінде Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында орналасқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорының «Қамқорлық» оңалту орталығында ерекше қажеттілігі бар балаларға барынша қолдау көрсетілуде. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Тараз қаласына келіп, аталған орталыққа атбасын бұрды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2020
Таразда 442 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Тараз қалалық полиция басқармасының бастығы Асылхан Зауырбеков елімізде карантин талаптары енгізілгелі тараздық полицейлер төтенше жағдай режімін бұзу бойынша 442 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 15 Қараша, 2020
Жамбылда II тоқсанда оқушылар дәстүрлі оқуға көшеді
Жамбыл облысы Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова II тоқсаннан бастап 1-5 сынып оқитын 59 090 оқушы дәстүрлі оқуға көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Қараша, 2020
Қордай ауданы ақпандағы оқиғалардан кейін қалай өзгерді? (Фоторепортаж)
Бүгінде Масанчи ауылындағы жағымды көріністерге қарап, ақпан айындағы тәртіпсіздіктерден ешқандай із қалмағанын байқауға болады. Жергілікті атқарушы органдар мен жай ғана жанашыр адамдардың көмегімен ауыл тұрғындарының тұрғын үйлері мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандары толығымен ретке келтірілген. Айталық, төрт баланың әкесі, 43 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Абдурашид Багиев қайта қалпына келтірілген өз үйіне көшіп үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Жамбылда мониторингтік топтардың жұмысын күшейту керек
Коронавирус індетімен күрес бойынша облыстық жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 03 Қараша, 2020
Бердібек Сапарбаев коронавируспен күреске барлық ресурстарды жұмылдыруды тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирустың екінші толқынына дайындық барысын пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Бердібек Сапарбаев нан бағасын негізсіз қымбаттатпауды тапсырды
Өткен демалыс күндері Тараз дүкендерінде нан бағасы 5-10 теңгеге өскен еді. Бұл шешім жергілікті билікпен келісілмеген күйі қабылданған. Жедел штаб қазір жағдайды жан-жақты зерттеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз 19 мың литрден астам алкоголь өнімін әкелмек болған
Жамбыл облысында тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдау фактілерінің алды алынды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Қазан, 2020
Жамбылда 2,8 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Жамбыл облысында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы барысында 2,8 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Жамбыл облысында кен игеру комбинаты салынады
Келесі жылы Жамбыл облысында тау-кен металлургия комбинатының құрылысы басталады. Аталған кәсіпорынды салу және алтын кен орындарын игеру жөніндегі жобаны іске асыруды талқылау үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Monterra Qasaqstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшыларымен кездесті. 2015 жылы құрылған аталған компания "Monterra Group AG" неміс инвестициялық компаниясының еншілес мекемесі болып табылады.
Аймақтар • 15 Қазан, 2020
Жамбыл облысында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жол картасына қол қойды
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Тараз қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz