әдебиет
Білім • 27 Қазан, 2021
Қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасы өзгереді
Орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 27 Қазан, 2021
Әр көрерменнің жүрегінде – өз Мұқағалиі бар. Бұл фильм – ақын өмірін зертеудің соңы емес. Осы тақырыпқа қызыққан кез келген режиссер келешекте Мұқағалиді жаңаша қырынан ашып көрсетуге мүмкіндігі бар.
Руханият • 24 Қазан, 2021
Ассалаумағалейкүм, айналайын іні-досым Сауытбек! Сізге арналған хұсни хатымды Хатжазған жартасының астындағы аршаның ығынан жазып отырмын. Өзіңіз білетін Таупістелі ауылының Қаратау жақ биігіндегі Бозторғай асуының оң қапталы ғой. Хатжазған жартасындағы таңбалар бертінгі ғасырларда өшіп, көрінбей кеткен. Әлдекімдер ерігіп те, еліріп те қиратқан деседі. Анда-санда осынау Хатжазғанның астындағы аршаның түбінде хат жазып отырып, шыбын жанына шипа тілейді мына жаман ағаңыз.
Әдебиет • 19 Қазан, 2021
Архат пен Құндызды ауылына болыстық еткен Әбен қажы ұлды боларын түсінде көріп, «балам тар заманда өмір сүреді, алайда ақыл-парасаты биік тұлға болады» деп жорыпты. Көреген кісі ғой. 1901 жылдың көктемінде Құндызды ауылындағы Әбеннің Ақтасы деген жерде сәби іңгәсі естіледі. Әкесі құдайға шүкір етіп, есімін Мұхамедшүкір қояды. Айтқанындай, Шәкір ақын – алмағайып заманда жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған тұлға еді.
Әлем • 06 Қазан, 2021
Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығын кім алады?
Бұл алпауыт сыйлық талай жазушының атын алысқа жеткізді. Себебі, оның дақпырты мен даңқы бөлектігінде. Былай қарасаң, қазіргі әдебиеттің өлшемі мәлім бір сыйлықтар емес екені шындық. Бірақ, өнер үшін сыйлық та керек-ақ.
Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2021
Қазақта жырдың күйіндей деген сөз бар. Әңгімені жырдың күйіндей қылып жеткізетіндер болады. Ақ тазының алғанын айтып қоя салмай, әуелі қара тазының шалғанын, сол уақытта желдің қалай соғып, жалт бұрылғанда тымағының қисайып бара жатқанын, оны түзей бергенде ер-тоқымы ауып, аттан түсіп қала жаздап зорға түзеліп, міңгі торының жуастығынан аман қалғанын, жынды торы болғанда құлап мертігіп, не жаяу жете алмай қиырда қаларын бір қаперге салып өтіп, әйтеуір сөйтіп жүргенде ақ тазының түлкіні аузына түсіргенін әсірелеп айтқанда, аузыңның суын құртып қояды. Аз ғана дүниені жырдың күйіндей қылады. Бұлай әсірелеп сөйлеудің жақсы, жамандығы бөлек әңгіме.
Тарих • 08 Қыркүйек, 2021
Солтүстік Осетия-Алания республикасының батысындағы Алагирск ауданына қарасты таулы қыратта Дзуарикау атты шағын ауыл орналасқан. Ауылдың аты осетин тілінде «Әулие мекен» дегенге саятын көрінеді. Осында «Жеті бауырға ескерткіш» атты монумент бар. Оның ұшар басына қанаттарын түйістіре самғаған ақ тырналар бейнеленсе, ескерткіштің етегіне қайғы меңдеп қара жамылған әз ананың мұңлы бейнесі мүсінделген.
Әдебиет • 24 Тамыз, 2021
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінің арасы қанша айшылық жол екен? Жер мен Күннің арақашықтығындай ма, әлде одан сәл жақын ба? Жалпы, бірінің біріне қатысы бар ма өзі? Қатысы болса, мерейтойлық аудармамен ғана шектеле ме? Ал қатысы жоқ десеңіз, әлем әдебиетін неге құбылаға теңейміз? Жұмыс күнінің басында осындай беймаза сұрақтар ойға қайдан келеді екен...
Әдебиет • 18 Тамыз, 2021
Оқырман үшін ең алдымен автор маңызды. Қандай да бір кітапты оқымас бұрын «Авторы кім?» деп қызығушылық танытады. Бұл – оқырманның бейсаналы түрде автормен рухани байланыс орнатқысы келетінін байқататын жайт. Автор өзінің адамдық, азаматтық позициясын (әсіресе, ақындар) шығармаларында көрсетіп, оқырманымен сырласатынын жоққа шығаруға болмайды. Прозалық шығармалардағы автор көбіне баяндаушы бейнесінде көрініп, оқиғаны бейнелеумен шектеледі. Жалпы, қазіргі әдебиетте автор дегеніңіздің өзі – күрделі ұғым.
Руханият • 12 Тамыз, 2021
Біздің қазақы түсініктен таған тартсаңыз тап осы туындыға былай анықтама берер едіңіз. «Адамның басы – Алланың добы». Бұдан артық тәмсіл таппасыңыз тағы аян. Ал мүсінші Томас Лерой олай ойламайды. Кешіріп қойыңыз, ең ауыр дерт – сана дерті. Салмақтап көріңізші, ойдан терең шыңырау бар ма, осы? Бір құласаңыз, қайтып шығуыңыз екіталай. Білесіз бе, біз көтерген ең ауыр жүк – біздің басымыздағы ақыл. Қалғаны күйбең тіршіліктің күйкілі ғана.
Абай • 28 Шілде, 2021
Әлемдік деңгейдегі ақыл-парасат иесі ұлы Абай даналығы мәңгілікке бағдар берер дара парасатымен баурап алады. Баурап алып қана қоймай, көзге шұқып көрсетеді, көңілге тоқытып діттетеді. Тіршілік әлемінің сан тарау сырларына бойлатып, құпия қырларын аңғаруға жол сілтейді. Ақындық қасиеті айқындалып, өлең-жырлары ел арасына кең тарай бастаған кезден-ақ бір өлеңі, бір сөзі кәдеге жарамай қалған жері жоқ екені көпке аян. Әр сөзі, әр ойы, әр ісі халық көңіліне берік ұялаған қалыпта даналықпен сабақтасып, жылдар жылжыған сайын тереңдеп, уақыт өткен сайын биіктеп бара жатқаны кәміл. Әлихан Бөкейханның 1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеу [С. Қирабаев. Абайтану ғылымының тарихынан. Кітапта: Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002, 21 б.] мақаласынан басталып, толассыз даму үстіндегі Абайтану әлемі қазақ әдебиеттану ғылымының ең іргелі саласына айналған ұлы ақын шығарашылығының әлі де ашылмай жатқан сансыз қыры бар екені күмәнсіз.
Әдебиет • 27 Шілде, 2021
Мұқағали мұрасы – Түркия төрінде
Биыл қазақ поэзиясының айшықты мерекесі. Маржан жыры, арман-мұңы халқының қастерлі қазынасына, миллиондардың музасына айналған Аспантаудың ақиығы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Тәуелсіздіктің мерейлі белесімен тұспа-тұс келген ақын тойына арналған шаралар шоғыры еліміздің әр өңірінде салтанат құруда. Күні кеше Түркия астанасы Анкарада «Мұқағали Мақатаев және оның шығармалары» атты конференция өтіп, ақынның алты тілде жарық көрген «Соңғы тырналар қайтқанда» кітабының тұсауы кесілді.
Әдебиет • 01 Шілде, 2021
Балаларға арналған 100 кітаптың тұсаyкесері өтті
Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде онлайн форматта «2021 - Балалар әдебиеті жылы» аясында Министрліктің ұсынысымен «Алтын сақа» балалар баспасынан шыққан 100 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 27 Сәуір, 2021
Үш жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Президент Әкімшілігі мен Жазушылар одағының ұйымдастыруымен әр өңірден арнайы шығармашылық топтар құрылып, облыс-аудандарға әдеби экспедициялар ұйымдастырып, жүргізілген зерттеу жұмыстары негізінде көркем шығарма жазу қолға алынған «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы бастау алған еді. Әлқисса.
Әдебиет • 14 Сәуір, 2021
Оқушыға көркем әдебиетті оқытудың жолы қандай?
Бүгін «Білімнің алтын көпірі» атты онлайн режимде өткен республикалық телекөпір барысында «Оқуға құштар мектеп» жобасы талқыланып, мектеп жасындағы балалардың оқуына арналған көркем әдебиеттің минималды тізімінің жасақталу барысы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Наурыз, 2021
Қандастарға неліктен жер жалға берілмейтіні белгілі болды
Жер реформасы жөніндегі комиссияның І отырысында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат қандастарға жер неге жалға берілмейтініне және сатылмайтынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Оқушылар әлем әдебиетінің үздік туындыларын комикс тілінде сөйлетті
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында «Үздік комикс кітап» байқауы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әдебиет • 08 Ақпан, 2021
Балалар мен жасөспірімдерге арналған 2021 жылдың 10 үздік кітабы
Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы бойынша биылғы жыл балалар әдебиетін қолдау жылы болып жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әдебиет • 29 Қазан, 2020
Балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселері қазақшаға аударылады
Ақордада өткен Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселері қазақшаға аударылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әдебиет • 09 Қазан, 2020
"Абай жолы" жобасының жаңа бөлімі жарыққа шықты
Massaget TV арнасында "Абай жолы" жобасының кезекті бөлімі жарыққа шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 08 Қазан, 2020
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты кім?
2020 жылғы Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы американдық Луиза Глюкқа берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.
Әдебиет • 07 Қазан, 2020
Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды
Бүгін "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын, "Egemen Qazaqstan" газеті Әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі Ерлан Жүніс ТМД мемлекеттері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МФГС) "Содружество дебютов" халықаралық сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әдебиет • 16 Қыркүйек, 2020
"Чарли және шоколад фабрикасы" қазақ тілінде жарық көрді
Әлем және Батыс Еуропа мәдениеті мен әдебиетіндегі ең атақты шығармалардың бірі "Чарли және шоколад фабрикасы" ертегі повесі қазақшаға аударылды. Шығарма авторы – әйгілі жазушы, ақын, сценарист Руал Даһл (Roald Dahl). Кітапты Қазақстанда Steppe & WORLD Publishing баспасы шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әдебиет • 30 Тамыз, 2020
Биылғы Әдебиет саласы бойынша халықаралық Букер сыйлығы нидерландық жазушы Марика Лукас Рейневелдке бұйырды. "Жайсыз кеш" (The Discomfort of Evening) романы үшін сыйлыққа лайық деп танылған автор беделді марапат тарихындағы ең жас лауреат атанды. Айта кетейік, бұл 29 жастағы Рейневелдтің дебюттік шығармасы.