қазақстан
Білім • 12 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда ҰБТ тапсыру ережелері өзгереді
Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткені туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Мәдени байланыстың мәйегі – бауырластық пен бірлік
Қазақта «Жатырқау – жаттың ісі, жақындау – Хақтың ісі» деген даналық сөз бар. Көршілес елдермен, оның ішінде тарихи тамыры бір туысқан жұртпен қарым-қатынасты нығайту мен бауырластық байланысты бекемдеу де бейбітшілік пен достыққа бағытталған игі іс. Осыған орай таяу күндері Әзербайжан Республикасында Қазақстанның Мәдениет күндері өтіп, екі халықты жақындастыруға септігін тигізген тарихи қадам жасалды.
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2023
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістері зерттелді
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістерін зерттеу үшін аграрлық бизнес, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, Түркістан, Қостанай, Алматы, Жетісу әкімдіктері басшылығынан құралған делегацияны Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды. Аустралия – жаһанда қой еті экспортынан – бірінші орында, ал сиыр еті экспорты бойынша – екінші орында. Оның 100-ге жуық өнім жеткізу нарығы бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Қазақстан мамандары аустралиялық фермерлер мал шаруашылығы саласында осындай экономикалық табысқа қалай қол жеткізгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Қазақстанның су қоры 102,3 текше шақырымды құрайды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Су кеңесінің отырысында су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2023
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді, оның жалпы көлемі 38 тоннадан асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2023
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2023
Паралимпиадалық боччадан Қазақстан кубогі үшін жарыс өтіп жатыр
Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев аталған паралимпиадалық спорт түрінен алғаш рет өткізіліп жатқан Қазақстан Кубогі жолындағы жарыстың ашылу рәсіміне қатысты. Сайысқа еліміздің 10 өңірінен келген 11-14 жас аралығындағы 64 жасөспірім қатысып жатыр. Олардың қатарында дебютанттар да бар екенін атап өткен жөн, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда ауыз су тапшылығы болмайды - вице-министр
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз еліміздегі су қорының 1%-ы ғана тұрғындарды ауыз сумен қамтуға жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2023
Депутаттар Шығыс Қазақстанда сүтті мал шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті Шығыс Қазақстан облысында сүтті мал шаруашылығын дамытуға арналған екі күндік көшпелі отырыс өткізді. Жиынға комитет төрағасы Серік Егізбаев жетекшілік етті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 08 Желтоқсан, 2023
ArcelorMittal «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге жарна аударады
ArcelorMittal компаниясы «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорына 16 миллиард теңге жарна аударады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Желтоқсан, 2023
«АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстан инвесторы басқарады
Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АрселорМиттал Теміртаудың жаңа инвесторы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 07 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік мерекесінде елімізде ауа райы қандай болады?
Еліміздің ең маңызды мерекесінде ел бойынша ауа райы қандай болады? Бұл туралы Egemen.kz «gismeteo.kz» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауа райы • 07 Желтоқсан, 2023
Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктердің болжауынша, Республика бойынша тұман түсіп, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Екі еларалық құжатқа қол қойылды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш пен «Узархив» агенттігінің директоры Ұлықбек Юсупов архиваралық байланысты нығайту, түрлі зерттеу жұмыстары үшін өзбекстандық архивте мүмкіндік қарастыру, құжаттамалық мәселелерді оңтайландыру тағы да басқа маңызды мәселелер бойынша өзара келісім құжатына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Желтоқсан, 2023
Жүзуден Қазақстан кубогі: Алғашқы күні үш рекорд жаңарды
Желтоқсанның 4-8 күндері аралығында Талдықорған қаласында жүзуден Қазақстан кубогі өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінің спортшылары және Ұлттық құрама мүшелері қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауа райы • 06 Желтоқсан, 2023
-42 градусқа дейін аяз: Қай өңірлерде ауа температурасы күрт төмендейді
Синоптиктер алдағы үш күнге (7-9 желтоқсан) арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күнінде ел азаматтары қанша күн демалады?
Биыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі аптаның сенбісіне түсіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2023
Президент: Қазақстан Қытаймен ықпалдастықты жандандыруға ниетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
1 қаңтардан бастап ел азаматтары қосымша жәрдемақы алады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 04 Желтоқсан, 2023
Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрағасы Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Орталық Азия әйелдерінің диалогы» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін елімізге келген Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Қазақстан Парламенті өткізіп жатқан халықаралық конференцияға қатысқаны үшін Т.Нарбаеваға алғыс білдірген М.Әшімбаев сондай-ақ Өзбекстанның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында Парламентаралық ынтымақтастықтың екінші жаһандық форумын сәтті өткізуімен құттықтады. Сенат Спикері Ташкентте өткен Форумның маңызына тоқталып, мұндай іс-шара Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда заңнаманы жетілдіру және парламенттік бақылау тетіктерін нығайту бағытында Парламент депутаттарының бірлескен жұмысын жандандыра түсетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2023
Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы аяқталды
4 желтоқсанда Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес мәселелерін талқылаумен аяқталды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық конференцияны қорытындылай келе, форумның 2023 жылғы жемісті жұмысын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 03 Желтоқсан, 2023
Қазақстан құрамасы қола жүлде қанжығалады
Нидерландының Леуварденде қаласында жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында конькимен жүгіруден Әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Осы сайыста құрама қыздары қола қанжығалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2023
inDriver компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматы атанды
Әлемдегі ірі инвесторлардың бірі әрі тасымал саласындағы танымал қосымша inDriver компаниясының иесі Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Несие • 01 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда кімдерге несие берілмейді?
1 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Қазақстанда несие беруге қандай шектеулер енгізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда алғаш рет АИТВ жұқтыру оқиғалары азайды
Мемлекеттің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының жұмыла қимылдауының арқасында АИТВ-ға қарсы әрекеттер өз нәтижесін бере бастады. Қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларын анықтау көрсеткіші төмендеп келе жатқаны байқалады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Желтоқсан, 2023
Алдағы үш күнде елімізде бұрқасын мен аяз күтіледі
Алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон жырасымен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жастар • 30 Қараша, 2023
Зерттеу нәтижесі: Биылғы жастар портреті қалай шықты?
Еліміздің әрбір үшінші тұрғыны жастар санатына жатады. Олардың сұранысы мен қажеттілігі жалпы қоғамның жағдайын тікелей көрсете алады. Сондықтан зерттеу жүргізіп, жастардың пікірін талдап отыру аса маңызды.
Үкімет • 29 Қараша, 2023
Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жіберіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Аталған мәселе Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Қараша, 2023
Елімізде қашан қар жауады? Синоптиктер болжам жасады
Әдетте қараша айында далада қалың қар жататын. Биыл күз ерекше жылы. Синоптиктердің айтуынша қараша айындағы мұндай жылы ауа райы соңғы рет 2010 жылы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қараша, 2023
Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды
Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатыны белгілі. Осы себепті «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірнеше бағытта қосымша пойыздарды шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.