Оқиға • 13 Ақпан, 2025

Бұрыннан қолданыстағы емдеу әдістері Қазақстанда әлі сараптамадан өтіп жатыр - депутат

372 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Депутат Айнұр Арғынбекова әлемде медициналық маңызды шешімдер болса да отандық емделушілер диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін жылдар бойы күтуге мәжбүр екендерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрыннан қолданыстағы емдеу әдістері Қазақстанда әлі сараптамадан өтіп жатыр - депутат

Фото: instagram.com/aargynbekova

Депутаттың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі, ең күрделі ұйымдастырылған құрылымның бірі. Оның қиындығы аурудың көптігі мен қазіргі заманғы экологияға және басқа қауіптерге байланысты жаңа аурулардың пайда болуына, әр пациенттің ерекшелігіне, медициналық көмектің ұдайы қажет болуына және адам ағзасының әлі де жан-жақты зерттелмеуіне байланысты.

Әлемде нанотехнология, сәулемен диагноз қою, гендік инженерия және ядролық медицина сияқты инновациялық емдеу әдістері пайда болды. Алайда, оларды Қазақстанда енгізу ұзаққа созылып барады.

Айнұр Арғынбекова әлемде енгізілген технологияларды еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне жедел енгізу өте қиын екенін атап өтті. Өйткені, жеңілдетілген рұқсат беру рәсімдерін қолдану қиын, жаңа әдістерді қолдануға берілген өтінімді шешу мерзімі нақты реттелмеген, түрлі мемлекеттік органдарда сараптамалық қорытындыны қайталап отырады.

«Қалқанша без ауруын емдеуге арналған Йод-131 радиофармацевтикалық препаратын тіркеу 8 жылға созылғаны осының жарқын мысалы болды демеске лаж жоқ. Қалқанша бездің қатерлі ісігін радиоактивті йодпен емдеу әдісі 1943 жылы алғаш рет қолданылған болатын. Шетелде бұрыннан қолданылып келе жатқан галий, С-метионин, Самарий-153 және Лютециймен ПЭТ-диагностика технологиясын тіркеуде де осыған ұқсас жағдай байқалып отыр. Бұл мәселе бойынша Қазақстанда ұзақ сараптамалық келісу әлі біткен жоқ. Сондықтан осы әдістерге мұқтаж пациенттерді әзірше шетелге жіберуге тура келуде», деді Айнұр Арғынбекова.

Депутаттың денсаулық сақтау технологияларын бағалау кезеңдерін регламенттеу мерзімін оңтайландыру және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату, түрлі мемлекеттік органдардан жаңа технологияларға қайталама сараптамаларды алып тастау, сондай-ақ инновацияларды келісуге қатысатын мекемелер бойынша консультативтік-кеңесші органдардың санын қайта қарауды ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше