Соңғы жаңалықтар
Өндіріс • 11 Қараша, 2025
Өнеркәсіп өңірдің өндірістік әлеуетін арттырады
Автомобиль өнеркәсібі – ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Бүгінде елімізде автокөлік құрастыру көлемі артып келе жатқанымен, қосалқы бөлшектердің басым бөлігі шетелден әкелінеді. Осыған байланысты мемлекет тарапынан автоқұрастыру зауыттарын отандық өнімдермен қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.
Аймақтар • 11 Қараша, 2025
Жетісу облысында діни ахуал тұрақты. Облыстық дін істері басқармасы тиісті мекемелермен бірлесе нақты іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Облыс басшылығы тарапынан бұл салаға ерекше қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселен, Ақмола облысынан – 2, Алматы облысынан – 6, Ақтөбе облысынан 3 кәсіби маман өңірге қызметке келді.
Спорт • 11 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу рәсімі өтті. Құттықтау сөздер айтылып, көрермендер театрландырылған қойылымдарды тамашалағаннан кейін қатысушы 57 мемлекеттің спорттық делегациясы сап түзеді. Салтанатты шарада еліміздің туын ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы мен дзюдошы Аруна Жангелдина ұстап шықты.
Теннис • 11 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта WTA-ның қорытынды турнирі аяқталды. Жарыста бақ сынаған еліміздің ең үздік теннисшісі Е.Рыбакина асқан шеберлігімен миллиондаған көрерменді тәнті етіп, бас жүлдені олжалады. Еленаны осынау толайым табысымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев арнайы құттықтады.
Шаруашылық • 11 Қараша, 2025
Балқаш ауданында «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында күріш жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Ала жаздай күтіп-баптаған ақ маржанды ысырапсыз жинап алуға қажетті барлық ауыл шаруашылығы техникасы толық жұмылдырылған.
Ауыл • 11 Қараша, 2025
Ел үміт еткен инвестордың игілік бола алмауынан ауыл тұрғындары зардап шегіп отыр. Тіпті бауыр басқан мекеннен біртіндеп көше бастапты. Биыл шілде айында ауылда 448 адам тұрса, қазір 427 адам қалған. Яғни төрт айдың ішінде 21 адам қоныс аударды.
Спорт • 11 Қараша, 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Осакада ұйымдастырылған Гран-при кезеңінде Софья Самоделкина табысты өнер көрсетті. Қос жаттығудың қорытындысында 200 ұпай жиған ол күміс медальды мойнында жарқыратты. Жерлесіміз тек жапониялық Каори Сакамотодан (227,18 ұпай) қалып қойды. Қола медаль бельгиялық Луна Хендрикске (198,97 ұпай) бұйырды.
Ғалам ғажаптары • 11 Қараша, 2025
Қалың мұздықтардың көгілдір түске боялатынын байқаған боларсыз. Бұл түс бояудан емес, жарықтың мұзда ерекше сынуынан пайда болады.
Аймақтар • 11 Қараша, 2025
Төтенше қызметке 30 техника берілді
Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті жаңа 30 техникаға ие болды. Салтанатты рәсімге Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.
Ғалам ғажаптары • 11 Қараша, 2025
Түнде жарқырайтын саңырауқұлақ
Табиғатта өз жарығын өзi шығаратын саңырауқұлақтар бар. Олар түнде жасыл не сары түсте әлсіз жарық шығарады. Бұл құбылыс ежелден адамды таңғалдырып келеді.
Кино • 11 Қараша, 2025
Кейінгі жылдары отандық фильмдерге көрермен сұранысы арта түскен. Мәселен, өткен жылдың өзінде фильмдеріміз прокаттан 22 миллиард теңгеден астам табыс тапқан. Біздің кинотуындылар кейінгі 5 жылда 300-ден астам фестивальға қатысып, 177 марапатқа ие болған. Бұл деректерді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атап өтті.
Мирас • 11 Қараша, 2025
Бұл – түз бүркітін ұстауға таңдалған тиімді тәсілдің бірі. Ол үшін бүркіттің жем аулауға шыққанда жүретін жолы мен аялдап, қонақтайтын мекенін анықтап алу керек.
Ғалам ғажаптары • 11 Қараша, 2025
Жердің терең қабатында біз көрмейтін, бірақ көлемі орасан бір «мұхит» бар екенін білесіз бе? Бұл – минералдар ішінде бекіген ерекше су элементтері.
Қоғам • 11 Қараша, 2025
Қостанайда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы мәресіне жетті. Дәстүрлі байқаудың бас жүлдесін Жамбыл облысынан келген жас қаламгер Нұрбек Нұржанұлы жеңіп алды.
Аймақтар • 11 Қараша, 2025
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы саласында тың бастама жүзеге асып жатыр. Бұған дейін аймақта қант қызылшасы, жүгері, тағы басқа бақша өнімдерімен танылған шаруалар енді алғаш рет жержаңғақ өсіруді қолға алды. Бұл бастама Ақсу ауданының егіншілері арасында жаңа серпін беріп, өңірдің агросекторы үшін тың мүмкіндік ашып отыр.
Өнер • 11 Қараша, 2025
Түркі дүниесі және шертпе күйдің шеберлері
Кеше Түркиядан сүйіншілеген хабар жетті. Анкарада өткен аптаның соңында түркі дүниесінің бір тарауы ретінде қазақ күйлері салтанат құрғанын естіген құлақ бар шығар. Оған Отанымыздан шертпе күйдің өкілдері Жанғали Жүзбай мен Қайрат Айтбаев жетіп, Тәттімбет бабамыздың 210 жылдығына арналған концерт-кездесуде күй иесінің Қосбасарлар шеруін жосылдырса керек.
Қоғам • 11 Қараша, 2025
YouTube-тегі Taldau Talks арнасында жаңа маусым жарияланымы жарық көрді. Бұл жолы сарапшылар инфляцияны тежеу үшін Үкімет қабылдап жатқан шаралардың тиімділігін бағалап, талдамалық болжамдар жасады. Атап айтқанда, дағдарысқа қарсы шаралар, бюджеттік-салық реформасының тәуекелдері, әлеуметтік теңсіздікке байланысты қалыптасқан жағдай, елдің экономикалық дамуының басқа да қырлары талқыланды.
Инвестиция • 10 Қараша, 2025
Атырауда инвестициялық жобаларға арнайы орталық талдау жүргізеді
Атырау облысында «Бюджеттік инвестициялық ұсыныстарды қарау жөніндегі орталық» КММ жұмысын бастады. Орталыққа бюджеттік инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру міндеті жүктелді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 10 Қараша, 2025
Қазақ балаларының сауатын ашу жолында аянбай еңбек қылған Жиенғали Тілепбергенов кім?
Темір ауданында жазушы, драматург, журналист Жиенғали Тілепбергеновтың туғанына 130 жылдығына орай бірқатар іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қараша, 2025
Pul.vc венчурлік платформасын ойлап тапқан жас кәсіпкер Президентке алғыс айтты
Алматы облысының жас кәсіпкері Бағлан Олжабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жас кәсіпкерлер мен IT-мамандардың дамуына ерекше назар аударып отырғаны үшін алғыс білдірді. Кәсіпкер өз сөзінде Президенттің бастамалары жаңа буын кәсіпкерлері мен инноваторлардың қалыптасуына зор серпін беріп отырғанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Қараша, 2025
Жасанды интеллект: Ғалымдар ірі тілдік модельдерді қолданысқа енгізеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақ тілін және технологиялық үрдісті қолдау үшін үлкен тілдік модель (LLM) әзірлеу» жобасы аясында workshop өтті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 10 Қараша, 2025
Алматы «ақылды» технология арқылы басқарылатын қалаға айналады
Бүгінде ел аумағын тазарту, көгалдандыру масқатында қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы көптеген игі істердің бастауына айналды. Жақында Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп өткізген «Алматы 2035: таза ауа және тұрақты инфрақұрылым» форсайт-сессиясында қалалық экожүйені қалыптастырып, тұрғындар үшін қауіпсіз қала міндеттері қарыстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Президент әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастыруы керек. Бұл реттеу заңның сақталуын қадағалау маңызды. Мемлекет басшысы Бас прокурорға осындай тапсырма берді.
Экономика • 10 Қараша, 2025
Ел экономикасы тұрақты және сапалы өсім жолында – сарапшы
2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы алдын ала деректерге сәйкес, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 6,4%-ға артты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Қараша, 2025
Бауыржан Тұрлыбеков: Статистикаларды ескерсек, жыл соңына дейін өте жақсы нәтижеге жетеміз
Биыл 10 айдағы есепті басшылыққа алсақ, ЖІӨ-нің ең көп үлесі өнеркәсіп саласына тиесілі екенін байқаймыз. Бұл бағытта өсім 7,3% құраған. Осылайша, саланың жалпы өсімдегі мөлшері – 30% құрапты. Егер осы нәтижені сауда және көлік салаларымен қоса есептесек, үлес жалпы мөлшердің 70%-нан асады. Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегі бойынша, жетекші салалардағы өсімнің есесіне қаңтар-қазан айларында елдің жалпы ішкі өнімі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,4%-ға өскен, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 10 Қараша, 2025
The Washington Post: Қазақстан прагматикалық әрі тәуелсіз сыртқы саяси ұстаным көрсетті
Бүгін таңертең The Washington Post басылымында «Қазақстанның Ибраһим келісіміне қол жеткізудегі прагматикалық жолы» атты ірі мақала жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 10 Қараша, 2025
Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған мурал салынды
Алматы шаһарының тәжі іспетті – теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктіктегі Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған көлемді мурал пайда болды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы тоғыз айдағы қызметінің есебі және 2026 жылға арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Қараша, 2025
Бірнеше жыл төмен жүктемемен жұмыс істеген мұғалім сотта жеңіп шықты
Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданының соты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Андрей Зянкиннің КММ «Мамлют санаторийлік орта мектебі-интернатына» қарсы талап арызын ішінара қанағаттандырды, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 10 Қараша, 2025
Қазақстан сингапурлық инвесторлар мен қаржы компанияларын елге шақырды
10 қарашада «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Сингапурда AIFC Connect: Singapore 2025 бизнес-іс-шарасын өткізді. Іс-шара Global Finance&Technology Network (GFTN) ұйымдастырған Singapore FinTech Festival (SFF) және Insights Forum аясында өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Сингапур арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту, сондай-ақ жаңа серіктестіктерді қалыптастыру және АХҚО алаңы арқылы бірлескен жобаларды іске асыруға шетелдік кәсіпкерлерді тарту, деп хабарлайды Egemen.kz.