тарих
Кино • 02 Желтоқсан, 2021
Отандық кино нарығына 6 тарихи сериал қосылды
Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген тарихи телехикаялардың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 11 Қараша, 2021
Тарихи қисынсыз шындық та болмайды
Өмірдің өзін, қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды ақ қағаз бетінде сөйлетіп, оқырманға ой айтатын жазушылар қауымы ұлт руханияты үшін алтын көпір рөлін атқарып келеді. Олардың әр шығармасы өмірдің жолын, кешегісі мен бүгінін сипаттап бере алады. Жақында ғана «Бопай ханым» атты тарихи романы жарық көрген жазушы Мәди АЙЫМБЕТОВ бізге берген сұхбатында әдебиет туралы көзқарасын, шығармаларындағы кейіпкерлер образын кеңінен сөз етті.
Руханият • 31 Қазан, 2021
Қазақ халқының бес мың жылдық шежіресі
Өткен апта соңында елорда төрінде орналасқан Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимаратында әйгілі академик, қазақ антропологиясының негізін қалаушы Оразақ Смағұлов пен оның ізбасары Айнагүл Смағұлова екеуі бірлесіп жазған және қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдерінде жеке-жеке кітап болып жарық көрген «Қазақ халқы мен оның ататегіне орай антропологиялық очерктер» атты жаңалығы мол ғылыми еңбегінің таныстыру рәсімі өтті.
Президент • 21 Қазан, 2021
Тоқаев ел тарихы жайлы Tik-Tok жоба жасауға қолдау білдірді
Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевскаяның ел тарихы бойынша Tik-Tok жоба жасау туралы ұсынысын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 20 Қазан, 2021
Әдебиет • 19 Қазан, 2021
Архат пен Құндызды ауылына болыстық еткен Әбен қажы ұлды боларын түсінде көріп, «балам тар заманда өмір сүреді, алайда ақыл-парасаты биік тұлға болады» деп жорыпты. Көреген кісі ғой. 1901 жылдың көктемінде Құндызды ауылындағы Әбеннің Ақтасы деген жерде сәби іңгәсі естіледі. Әкесі құдайға шүкір етіп, есімін Мұхамедшүкір қояды. Айтқанындай, Шәкір ақын – алмағайып заманда жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған тұлға еді.
Таным • 19 Қазан, 2021
Тарихты жасаушы халық болғанымен тарихи үдеріске басшылық ететін де, оны тұтас ұлттық сана дәрежесі мен деңгейінде танымның объектісі ретінде зерттеп, зерделеп ғылыми айналымға түсіретін де, негізінен тарихи тұлғалар. Әсіресе, ұлы тұлғалардың ғылыми-шығармашылық мұрасын теориялық талдау философия тарихының ажырамас буыны. Себебі, жоғарыда атап өткеніміздей, көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі.
Қазақстан • 14 Қазан, 2021
Қазақстанның жаңа тарихына қатысты онлайн-тест 63 мың рет тапсырылды
30jyl.kz сайтындағы Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест екі айда 63 мыңнан астам рет тапсырылды, оның ішінде тестті тапсырушылар 141 рет ең көп ұпай жинай алды. Бүгінгі күні тест тапсыруда ең үздік көрсеткіш көрсеткен қатысушы, Ақмола облысының Қоржынкөл ауылының тарих пәнінің мұғалімі Ғалия Ысқақова болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қазан, 2021
Тараз және Түркі тарихына арналған тағылымды жиын
Бүгін Тараз қаласында Халықаралық Түркі Академиясы мен Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тараз және Түркі өркениеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2021
«Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес». Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Осы бір орамды ой бүгінгі мақаламызға мәйек болып отыр. Ел Президенті әрбір Жолдауында ұлттың мәдени болмысы хақында толғамды пікір түзіп, әсіресе руханиятқа достық рәуіште ерекше назар аударып келеді.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2021
Қырымбек Көшербаев Ұлттық архивтің маңызы туралы айтты
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ұлттық архивтің маңызы мен рөлі туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 21 Қыркүйек, 2021
Жақында бас шаһарда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке еңселі ескерткіш қойылып, тұғырлы тұлға халқымен қайта қауышты. Айта кетейік, елордадағы Ұлттық музейде ардақты азаматтың көзі тірісінде өзі тұтынған біраз жәдігерлері сақталған.
Кино • 18 Қыркүйек, 2021
Жұмабек Тәшенов туралы телехикая түсіріледі
Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның «Қорқыт ата» телехикаясы шығармашылық тобының мүшелерімен кездесуінде белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021
Өткеннен өнеге алмай келешекке керуен тарту мүмкін емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бір тармағы «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтауға арналғаны мәлім. Аталған жоба аясында ұлт тарихында есімі алтын әріппен қашалған Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығы қарсаңында танымдық экспедиция ұйымдастырылып, баһадүр басқан әр із ұрпақ жадында жаңғырды.
Өнер • 13 Қыркүйек, 2021
Ахметсапаның қысқаша өмірбаяны
Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – алаш» атты үш томдық түрме әпсанасында өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің басында алғашқылардың бірі болып атылып кеткен Ахметсапа Юсупов туралы да қысқа мағлұмат берілген. Ахметсапа туралы ғалым «Осы адамның тарихы жұмбақ» деп түйіндепті.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021
Каспий жағалауынан 200 жылдық тарихы бар жәдігер табылды
Танымал археолог Андрей Астафьев 200 жыл бұрын Каспий теңізінде болған кеменің бекіту бұрандалары мен шегелерін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
Қазақта «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» деген аталы сөз бар. Осы нақыл орайында биылғы 23 маусымда «Egemen Qazaqstan» газетінде ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Ақсұңқарұлының «Ер есімі неге ұмытылып барады?» атты мақаласы жарияланды. Онда қоғам қайраткері, журналист, батыр ағамыз Нұрмахан Оразбекке «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы ұсыныс жасалған.
Тарих • 08 Қыркүйек, 2021
Солтүстік Осетия-Алания республикасының батысындағы Алагирск ауданына қарасты таулы қыратта Дзуарикау атты шағын ауыл орналасқан. Ауылдың аты осетин тілінде «Әулие мекен» дегенге саятын көрінеді. Осында «Жеті бауырға ескерткіш» атты монумент бар. Оның ұшар басына қанаттарын түйістіре самғаған ақ тырналар бейнеленсе, ескерткіштің етегіне қайғы меңдеп қара жамылған әз ананың мұңлы бейнесі мүсінделген.
Тарих • 08 Қыркүйек, 2021
Бұрынғы тарих – келешек үшін ескерту
Кеңес Одағында қалыптасқан тоталитарлық режімнің өз халқына қарсы бағытталған қысымшылық саясаты құрамындағы ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде жүргізген шараларының бірі – азаматтарды сайлау құқығынан айыру. Бұл қатыгез идея 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көп ұзамай Кеңес басшылығының арасында пайда болды, ал 1918 жылы шілдеде белгілі бір тапқа немесе әлеуметтік топқа кіргені үшін дауыс беру құқығынан айыру РСФСР-дің бірінші Конституциясының арнайы бабында бекітілді.
Әлем • 02 Қыркүйек, 2021
Астанасы 32 рет ауысқан ел туралы 13 дерек
Әлем елдері бір-бірінің тарихи мұраларымен танысып, мәдени байланысын нығайту арқылы достық туын биікке көтереді. Мемлекеттік орталық музей еліміздегі Иран Ислам Республикасының Елшілігімен бірлесе отырып «Иран тарихы, мәдениеті және бүгіні» атты көрме ұйымдастырды. Ежелден бері өзінің тарихымен, жазу, сәулет, әдебиет пен ескерткіштері арқылы әлемге әйгілі елдің өткені мен бүгініне үңіліп көрелік.
Тарих • 25 Тамыз, 2021
Әрбір суретке естелік деп емес, тарих деп қарауға болады. Сондай құнды дүниенің бірі − орыстың атақты адвокаты Федор Никифорович Плевако мен торғайлық Смағұл Төкеұлының суреті.
Тарих • 09 Тамыз, 2021
Мәңгілікке мәнін жоймайтын, жылдар өте аңызға айналатын, адамзат таңғалатын, ғажайып ерліктер болады. Олардың көбі Отан қорғау, ел мен жердің тұтастығын сақтау үшін күресте жасалып жатады. Сол ерлікті жасаушылар, ғасыр тудырған ерлер қара жерге қан жауып, қанға малынған ұрыс даласында Прометейдің мәңгілік шырағын сөндірмей, атой салғандай елестейді...
Тарих • 05 Тамыз, 2021
Қай кезде болсын қоғамның дамуын алға жылжытуда жекелеген тұлғалардың феномені ерекше орын алады. Өз елінің тәуелсіздігі мен ұлтының жарқын болашағы үшін күрескен ірі тұлғалар бүкіл адамзат өркениетіне маңызды үлес қосып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» еңбегінде: «Аса көрнекті тарихи қайраткерлердің, шын мәніндегі мемлекетшілердің тұтас бір шоғырының – жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ мемлекеттілігінің даму мақсатын тұжырымдап берген тұлғалардың ұлттық мүдделерге қызмет етуінің ұлы тарихи үлгісі көз алдымызда тұр», деп жазғанындай, қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың қоғамда алған орны мен олардың ұлт үшін жасаған еңбектерінің маңызын көрсете білу – парызымыз.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2021
Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест іске қосылды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде іс-шаралар навигаторы сайтында Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz 30jyl.kz сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 21 Шілде, 2021
ЕАЭО елдері кредит тарихын алмасуды қарастырып жатыр
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихына енгізілген ақпаратпен алмасу тәртібі туралы Келісімнің жобасын дайындады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Шілде, 2021
Қазақстан • 10 Шілде, 2021
Тарихи тұлғалар туралы телесериалдар түсіріледі
Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақтың тау тұлғаларының өмірі мен өнерін насихаттау мақсатында бірқатар телесериал түсірілетіні мәлім болды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады.
Аймақтар • 30 Маусым, 2021
Тұрғын үй ауласынан X-XI ғасырға тән ескерткіш табылды
Түркістан облысы Түлкібас ауданы Абай ауылындағы жекеменшік тұрғын үй ауласынан ортағасырлық құлпытас пен әулиелерге тән ескерткіш орны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2021
Қазақтанда тарих пәні жаңа мазмұнда оқытылады
ҚР Білім және ғылым министрінің тарих пәнін мектептерде оқыту тәртібін белгілейтін бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Павлодарлық ғалымдар репрессиялар туралы жабық қорлармен жұмыс істейді
Павлодар облысының орталығындағы Достық үйінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.