Соңғы жаңалықтар
Валерия Тюленова әлем чемпионатында ТОП-30 қатарына енді
Австрияның Зеефельд қаласындағы әлем чемпионатында әйелдер 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысты. Қазақстандық Валерия Тюленова алғашқы отыз спортшының қатарына енді деп хабарлайды Olympic.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2019
Қарағандыда «Белсенді өмір орталығы» жұмыс істейді
Қарағандыдағы «Достық үйінде» зейнеткерлерге арналған «Белсенді өмір орталығының» ашылғанына көп бола қойған жоқ. Соған қарамастан, аз ғана уақыт ішінде аталған орталық құрметті еңбек демалысында жүрген қариялардың сүйікті орнына айналып үлгерді.
Қаржы • 27 Ақпан, 2019
Барлық кедендік операция ақысыз негізде жүзеге асырылады
Интернет-сауданы дамыту жағдайында шетелден экспресс-тасымалдаушылармен Қазақстанға әкелінетін сәлем-сауқаттар тапсырыстарының саны көбейіп келе жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағы да өсімдік өнімдерін заңсыз әкелу әрекеттерінің жолын кесті
2019 жылғы 16-22 ақпан аралығында Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аудандық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясы мен Өзбекстаннан жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз әкелуге 22 әрекеттің жолын кесті.
Білім • 27 Ақпан, 2019
Солтүстiкқазақстандық балалардың 50% жаңартылған мектептерде оқитын болады
Облысты дамытуға арналған Кешендi жоспардың арқасында осыған қол жеткiзуге болады. Биыл 120 бiлiм ошағын жөндеуге 5 млрд теңге бөлiндi. Бұл мектептерде облыстағы оқушылардың жартысы, яғни, 35 мың бала оқиды. Сондай-ақ мектептерге биыл 4 мың компьютер сатылынып алынады.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2019
Бүгін «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтеді (фоторепортаж)
Бүгін елордада Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтеді.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2019
Шекарашылар 275 литрге жуық спирттік ішімдікті ел аумағына заңсыз енгізуге тосқауыл болды
Қазақстандық шекарашылар өткен тәулікте 275 литрге жуық спирттік ішімдіктерді ел аумағына заңсыз енгізуге тосқауыл болды. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Фристайл-могулдан әлем кубогінің финалына қатысатын спортшылар Алматыға келді
26 ақпан күні кешкісін Алматыға фристайл-могулдан әлем кубогінің финалдық кезеңіне қатысатын спортшылар ұшып келді. Оңтүстік астанамызға Олимпиада чемпиондары – канадалық Микаэль Кингсбери мен франциялық Перрин Лаффон, әлем чемпионы Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы, әлемнің вице-чемпионы Бенджамин Кавет пен өзге де спортшылар табан тіреді деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2019
Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі басталды
Астанада Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі басталды.
Қазақстан туралы фильм American Testing Award байқауында жүлдеге ие болды
Американың Fashion News Lifestyle Network телеарнасы шығарған фильм «Қайда саяхаттаған жөн» аталымы бойынша Голливудтың American Testing Award марапатын жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Мәжіліс депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2019
Елордада тағы 4 көше біржақты болады
Биыл Қонаев, Достық, Түркістан, Ақмешіт көшелеріне біржақты қозғалыс енгізіледі деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Спорт • 27 Ақпан, 2019
Алматыда әуесқой волейболшылардың жарысы өтті
Алматыдағы Қазақтың Спорт және туризм академиясында волейболдан әуесқойлар арасында «Үміткерлер кубогы» өтті.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2019
Тараз қаласындағы төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды
27 ақпанда сағат 06-21-де Тараз қаласында 9 ықшам ауданындағы 62-ші үйдің 1-3 қабаттары құлаған (алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылыс 2-ші қабаттағы 46-шы пәтерде болған).
«Нарцисс елінің музыкасы» атты концерт өтеді
3 наурыз күні «Астана Опера» Камералық залында валлис мәдениетіне арналған «Нарцисс елінің музыкасы» атты ерекше концерт өтеді.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2019
«OMV Petrom S.A.» мұнай компаниясымен жемқорлыққа қарсы бірлескен келісімге қол қойылды
Ақтауда өңірлік кәсіпкерлер Палатасының алаңшасында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «OMV Petrom S.A.» компаниясымен бизнес-кездесу болып өтті.
Түркістан: жекеменшік клиникалар белсенділік танытуда
Түркістан облысы бойынша тегін медициналық көмек көрсететін жеткізуші-ұйымдармен бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 71 550 млрд. теңге болған. Оның ішінде мемлекеттік емханалармен – 66 229 млрд. теңгенің, жекеменшік клиникалармен – 5 321 млрд. теңгенің келісімшарты бекітілді.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2019
Қазақстан мен Өзбекстан дипломаттары ірі іс-шаралар қарсаңында «сағат теңестірді»
Сыртқы саяси ведомствода сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Қазақстан-Өзбекстан саяси консультациялары өтті.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2019
Қарағандыда Бейбіт Қорған 700 баланың алдында ән салды
Қарағандыда қазақстандық белгілі эстрада әншісі Бейбіт Қорғанның қатысуымен қайырымдылық концерт өтті. Аталған шараны балалар үйлері мен мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері үшін Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдастырды.
«Орал-Атырау» бағытындағы жолаушылар автобусы жол-көлік апатына ұшырады
Атырау облысында Оралдан Атырауға шыққан рейстік автобус жүк көлігімен соқтығысқан, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2019
Бейбіт Атамқұлов Араб елдерінің елшілерімен ынтымақтастық жоспарын талқылады
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Ирак, Катар, Кувейт, Ливан, Ливия, Марокко, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.
Күрес • 27 Ақпан, 2019
Қазақ күресі бұқаралық сипат алуға тиіс
Алматыда жасөспірімдер мен жастар арасында қазақ күресінен қаланың іріктеу чемпионаты аяқталды.
Спорт • 27 Ақпан, 2019
Марафонға өзіңмен бірге 10 досыңды ерте кел!
Алматыда қаласында орналасқан Тұңғыш Президенттің саябағында өткен қысқы жарыстың ашылу салтанатында ұйымдастырушылар әр қатысушыға өзімен бірге 10 досын ерте келу жөнінде ұсыныс білдірген еді.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2019
Ана тілінің абызы, академик Әбдуәли Қайдар өмірден озды
Белгілі түркітанушы ғалым Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы 95 жасында дүниеден өтті.
Облыстық өнер музейінде Мәлік Мұқанов, Бауыржан Досжанов, Айдар Жамхан және Самал Үсентаеваның «Қазіргі заманғы гобелен. Қазақстанда жасалған» атты шығармашылық жобаларының тұсаукесері болды.
Спорт • 27 Ақпан, 2019
Владимир Смирнов: Ондай сәттер ешқашан ұмытылмайды
Осыдан дәл 25 жыл бұрын, яғни 1994 жылдың 12-27 ақпаны аралығында Норвегияның Лиллехаммер қаласында XVII қысқы Олимпия ойындары өткені барша жанкүйердің есінде. Байрақты бәсеке барысында 67 мемлекеттен келген 1 737 оғлан спорттың 12 түрі бойынша 61 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жалпы командалық есепте Ресей құрамасы (11 алтын + 8 күміс + 4 қола) топ жарса, Норвегия (10+11+5) мен Германия (9+7+8) үздік үштіктің қатарына қосылды. Осы дүбірлі додада 1 алтын және 2 қола медальды иеленген Қазақстанның спортшылары 12-орынға табан тіреген еді. Лиллехаммерде Қазақстанның туы астында 29 спортшы өнер көрсеткенімен, 30 жастағы даңқты шаңғышы Владимир Смирнов қана жеңіс тұғырына көтерілді. Жоғарыда аталған үш жүлденің барлығы дәл сол саңлаққа тиесілі. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы Олимпия ойындарының алғашқы жүлделері еді. Азаттықтың алғашқы алтыны. Сол тарих қойнауына кеткен дүбірлі доданың басты кейіпкері болған отандасымызбен күні кеше ғана телефон арқылы тілдестік. Бұл күндері Владимир Смирнов Швецияда тұрып жатыр.
Жаңа маусым жобалары таныстырылды
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің қатысуымен «Қазақстан» корпорациясының құрамына кіретін телеарналардың көктемгі маусымға арналған жаңа жобалары жайлы брифинг өтті.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2019
Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының білім басқармасы «Ernst & Yong» компаниясымен бірігіп политехникалық колледж базасында техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттері арасында «Хакатон» идеялар байқауын өткізді. Шараның негізгі мақсаты – Қазақстан колледждерінің үздік студенттерін коммерциялық және өндірістік салалардағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.