П
Әлем • 28 Шілде, 2021
Жапонияда вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді
Жапонияда COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
Боксшы Бекзат Нұрдәулетов Олимпиаданы аяқтады
Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
Қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні рас па?
What‘sApp мессенджерінде Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді. Осыған байланысты қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні туралы хабарлама таратылуда, деп хабарлайды Stopfake.kz.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
«Күшім жетпеді»: Серік Теміржанов Олимпиада ойындарын аяқтады
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Серік Теміржанов Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
Коронавирус пен пневмониядан 92 адам қайтыс болды
Қазақстанда соңғы тәулікте 81 адам коронавирус инфекциясынан, тағы 11 адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 28 Шілде, 2021
Оқулықтағы олқылық: Сын мен шын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында еліміздегі оқулықтардың сапасы сын көтермейтінін айтқан еді. Президент аталған мәселені шешу үшін Үкіметке кітапты әзірлейтін азаматтардың жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан реттеп, сапасыз оқулық дайындағандарды жауапқа тартуды тапсырған болатын.
Абай • 28 Шілде, 2021
Әлемдік деңгейдегі ақыл-парасат иесі ұлы Абай даналығы мәңгілікке бағдар берер дара парасатымен баурап алады. Баурап алып қана қоймай, көзге шұқып көрсетеді, көңілге тоқытып діттетеді. Тіршілік әлемінің сан тарау сырларына бойлатып, құпия қырларын аңғаруға жол сілтейді. Ақындық қасиеті айқындалып, өлең-жырлары ел арасына кең тарай бастаған кезден-ақ бір өлеңі, бір сөзі кәдеге жарамай қалған жері жоқ екені көпке аян. Әр сөзі, әр ойы, әр ісі халық көңіліне берік ұялаған қалыпта даналықпен сабақтасып, жылдар жылжыған сайын тереңдеп, уақыт өткен сайын биіктеп бара жатқаны кәміл. Әлихан Бөкейханның 1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеу [С. Қирабаев. Абайтану ғылымының тарихынан. Кітапта: Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002, 21 б.] мақаласынан басталып, толассыз даму үстіндегі Абайтану әлемі қазақ әдебиеттану ғылымының ең іргелі саласына айналған ұлы ақын шығарашылығының әлі де ашылмай жатқан сансыз қыры бар екені күмәнсіз.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
«Қазақтың салмағы» кімге бұйырады?
Олимпиаданың төртінші жарыс күні де артта қалды. Үш күн бойы күніне бір-бір қоладан алып, «қолабек» атанған қазақстандықтардың арасынан «алтынбекті» алаңдап күтудеміз. Алтыннан дәмеленетін жөніміз де бар. Әлемдік рейтингте үздік ондықта тұрған таэквондошы Руслан Жапаров пен Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз және өзінің екінші Олимпиадасында бақ сынауға келген дзюдошы Дидар Хамза секілді спортшылар алтынға бастар жолды біледі деп сендік. Сөйтсек...
Туризм • 28 Шілде, 2021
Туристік қызметті жандандырады
Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ержан Еркінбаев және Қазақстан туроператорлар қауымдастығының басшысы Инна Рейдің қатысуымен «Туристік қызмет туралы заңнамаға қабылданған өзгерістер туралы» арнайы жиын өтті.
Ауыл • 28 Шілде, 2021
Мал-жанның тағдыры бұйрықпен шешілмейді...
Маусым айының орта шенінен бастап, Қазақстанның батыс аймақтары қуаңшылық қыспағында қалып қойғаны, малдың-өлім жітімі туралы ақпараттар тек әлеуметтік желілерде ғана емес, ресми басылымдарда да ашық айтыла бастады. Қуаңшылықтан қанша мал басының өлгені туралы ресми ақпарат пен әлеуметтік желілерде айтылған деректер арасында қарама-қайшылық көп. Ресми ақпарат күні бүгінге дейін 2 мыңдай малдың аштан өлгенін айтса, әлеуметтік желілер одан да көп дейді.
Қазақстан • 27 Шілде, 2021
Жоғалып-табылғандардың әлегі жетерлік
«Таксиші жоғалды» дегенге жұрт елең ете қалады. Өйткені осы кәсіптің адамдарына әне бір жылдары жиі қастандық жасалып, өлі денелері жиі табылатын. Бұл жолы да сондай оқиға емес пе екен деп петропавлдық тәртіп сақшылары өре түрегелген.
Таным • 27 Шілде, 2021
Ұрпақтар сабақтастығы қалай сақталады?
Шетелдік ғалымдар ұсынған «ұрпақтар теориясы» деген ұғыммен бұрыннан таныспыз. Түрлі ұрпақ ұстанатын құндылықтар, ұқсастықтар мен ерекшеліктер сол дәуірдегі саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдаймен һәм технологияның дамуымен байланысты. Өсіп келе жатқан жас буынды түсініп, жылы қарым-қатынас орнату қашанда оңай шаруа емес. Алайда олар ер жетіп, қоғамның бар бөлігіне айналғанда санаспауға болмайтыны анық.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Талабы ерек Босқындар құрамасы
Төртжылдықтың басты бәсекесінде Босқындар құрамасы да бақ сынауда. Отанындағы қиын жағдайларға байланысты туған елінен кетуге мәжбүр болған спортшылар биыл бөлек одақ құрып, өнер көрсетіп жатыр.
Қазақстан • 27 Шілде, 2021
Металды терең өңдеуге бет алды
Қазақстан металының көп бөлігі шикізат күйінде шетелге экспортталатыны белгілі. Дегенмен, қолға алынған индустрияландыру бағдарламаларының нәтижесінде, елімізде металдан дайын өнімдер алуға ерекше басымдық берілуде. Әсіресе алюминий өндірісінде жақсы қадамдар жасалғанына жұрт куә.
Тарих • 27 Шілде, 2021
1942 жылдың қыркүйегінде майданға Ақтөбе облысынан 18-25 жас аралығындағы 300 қыз аттанған. Соғыстың беталысын болжауға мүмкін болмай, ер жауынгерлер жетіспей жатқан шақта әскерге алынған қыздардың қатарында Новоресей аудандық партия комитеті құпия бөлімінің хатшысы, 18 жастағы Шолпан Тасмұхамедова да бар еді. Мектеп бітірген бойы партия қызметіне араласқан бойжеткен тағдырын соғыс осылайша күрт өзгертті.
Бизнес • 27 Шілде, 2021
СҚО-да мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 42 жоба жүзеге асты
СҚО кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 10,4 миллиард теңгенің 42 жобасы жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Токио-2020: 28 шілдедегі қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Ертең, 28 шілдеде Токиода өтетін Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың жеті түрінен бақ сынайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Шымкентте 60 жастағы қала тұрғынын қағып, ізін суытқан жүргізуші ұсталды
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Қызылордада 9 жасар бала белгісіз жағдайда суға батты
Қызылорда облысында тоғыз жасар бала каналдың суына батып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Алматы облысында шөп жинау науқаны өтуде
Алматы облысындағы шөп шабу науқанына 1670 адам тартылып, 295 шөп шабатын бригада, 1576 шөп шабатын машина мен 1401 пішен нығыздап жинайтын техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 27 Шілде, 2021
Елорданың жабық базарлары Ashyq жобасына қосылады
Елордадағы жабық сауда орындары өзге кәсіпкерлік нысандары секілді Ashyq жобасына қосылады. Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, қызметкерлер мен келушілерді қорғауға және нысанның қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Шілде, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының инвестициялық жобаларымен танысты
Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен Көкшетау қаласының даму перспективалары туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Шілде, 2021
Президент «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС-ның сервис орталығын аралады
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы John Deer маркалы ауыл шаруашылығы техникаларының барлық түріне қызмет көрсететін ТМД-дағы ең ірі сервис орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 27 Шілде, 2021
ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы ауысты
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық өзгерістер орын алды. Мемлекет Басшысының тиісті өкімдері Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Түрікменстан Олимпиада ойындарындағы алғашқы күміс медалін алды
Түрікменстандық зілтемірші Полина Гурьева Токиода өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Түркі Академиясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 27 Шілде, 2021
Мемлекет басшысы Көкшетау қаласындағы онкологиялық емханаға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы қазіргі Covid-19 індетіне қатысты ахуалмен және өңірдегі денсаулық сақтау қызметінің жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Экономика • 27 Шілде, 2021
Ұлттық банк: Біз қазір инфляциялық болжамдарға емес, нақты фактіге назар аударамыз
Ұлттық Банктің Зерттеулер және талдама орталығы – департаментінің директоры Сәбит Хакимжанов базалық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтеруге қатысты пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz. бас банк таратқан дерекке сілтеме жасап.
Коронавирус • 27 Шілде, 2021
Токиода бір күнде коронавирусқа шалдыққандардың рекордтық саны анықталды
Токио билігі Олимпиада астанасында бір күнде коронавирустық инфекцияның рекордтық санын анықтады. Бұл туралы статистикалық мәліметтерді Жапония астанасының әкімшілігі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Испандық боксшы қазақстандық Василий Левитті нокаутқа жіберді
Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі үшін Токио Олимпиадасы соңына жетті. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токио ойындарының бірінші айналымында сүрінді , деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Токио Олимпиадасы: Василий Левит бірінші жекпе-жекте нокаутпен ұтылды
Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Токио Олимпиадасын аяқтады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токиода бірінші айналымнан аса алған жоқ, деп жазады Egemen.kz ҰОК-қа сілтеме жасап.