Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Балалар Бектау ата баурайында демалады
Биылғы жаз Ақтоғай ауданының өрендері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында Бектау ата шатқалында орналасқан «Факел» балаларды сауықтыру лагері қайтадан іске қосылды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
1970 жылдары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде бұзылған ескі үйлердің бірінің астынан үлкен сандық табылады.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Өткен сенбі күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Астанадағы «Зодиак» бильярд клубында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Көпткен күткен тестілеу де аяқталды. Жоғары балл алған мектеп бітірушілердің есімдері де аталды. 138 балл жинап, жарқ етіп көзге түскен Алғыр Сәлменбаев − облыс орталығындағы №16 мектеп-лицейдің түлегі.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
«Егеменде» жарияланған ҰБТ сұрақтарының көмегі тиді
Шығыс Қазақстанда ҰБТ бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген оқушының есiмi де мәлім болды. Ол – 138 балл жинаған Аягөз қаласындағы №7 орта мектебінiң түлегі Мәди Жүнiсов.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Таяуда Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада отырып билеуден ел чемпионаты болып өтті. Біріншілік жеңімпаздары Әлем Кубогы мен биылғы Әлем чемпионатына қатысуға лицензияға ие болды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Сенбі күні Журналистер арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кубогына арналған алғашқы турнир өтті. Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күніне арналған жарысқа елордадағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Өткен жексенбі күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белігілі жазушы, кинодраматург Смағұл Елубайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «Тұғыры биік тұлға» атты шығармашылық кеші өтті.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Қазақ руханиятына қормалы қазына қосқан тұлғалардың бірі – Халифа Алтай. Қайраткердің биыл туғанына 100 жыл толған мерейлі мекересіне орай Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы өткен аптада «Халифа Алтай және қайта оралған тарих» атты халықаралық конференция өткізді.
Әлем • 27 Маусым, 2017
Әлеуметтік желілердің әлемдік көшбасшыларымыз – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп өзін және Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді «әлеуметтік желілердің әлемдік көшбасшылары» деп атады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Әдебиет • 27 Маусым, 2017
Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – жалпыұлттық «Егемен Қазақстан» газеті алдағы уақытта ел өңірлеріндегі, яғни облыстық, қалалық, аудандық газеттерде жарияланған маңызды мақалаларды өз бетінде жарыққа шығаруды қолға алып отыр. Бұл бастаманың тырнақалды туындысы ретінде бүгін біз Алматы облыстық «Жетісу» газетінде қызмет істейтін журналист Қуаныш Тұңғатардың «Атамыз − Алаш» айдары аясында жарық көрген зерттеу мақалаларының Шәкәрімге арналған бөлімін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Бүгінгі күн ертең тарих болып қалары сөзсіз. Ертең кешегі күннің ізін іздейміз. Өнерде де дәл солай. Өткен күннің іздерін сол күйінде «қалпына келтіру» арқылы жеке шығармалардың ғана емес, тұтас бір кезеңнің тарихын мейлінше объективті түрде шынайы суреттеуде, зерттеуде архивтің, ондағы сақталған материалдардың маңызы орасан зор.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Тұсауын тәуелсіздік кескен «Отарқа»
Аты елең еткізердей етіп қойылған Екібастұздың «Отарқа» қалалық газетінің жарыққа шыға бастағанына биыл 25 жыл толды. Егемендігімізбен рухтас басылымның өмірге келуі де оңай бола қойған жоқ. Алғашқы бас редакторы Аманкелді Қаңтарбаев ағамыз өзіндік ізін салып, ғұмырлық аманат етіп кеткен «Отарқа» бүгінде биік тұғырда, еңселі.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
«Қиындықтың жақсылығы бар» Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген еді. Бүгінгідей ақпарат билеген заманда газеттің Ахаң айтқан осы міндеттерінің жүгі бұрынғыдан да салмақтана түскені сөзсіз. Алайда, газеттердің нарық теңізіне шыққалы бастан кешкен қиындықтары аз емес. Әсіресе, жергілікті, өңірлік газеттердің «халықтың көзі, құлағы һәм тіліне» айналуы журналистігі де, ұйымдастырушылығы да мықты менеджер редакторға байланысты екені байқалады. Қарабалық аудандық «Айна» газеті қазір облыстағы кеуде қатарлы басылым саналады. Мария Сапарова 90-жылдары оқырманына жетпей қалған басылымды қайта қалпына келтіріп қана қойған жоқ, жұрт іздеп жүріп оқитын, билік те, оқырман да санасатын газетке айналдырды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Қазақстанның үздік ЖОО рейтингі – 2017
Қазіргі заманда рейтинг жоғары оқу орындарында білім беру сапасын салыстырудың танымал тетігіне айналып, көптеген мақсаттарда пайдаланылады.
Қазақстан өзінің Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы (ШЫҰ) 2016-2017 жылдардағы кезекті төрағалығын үстіміздегі жылдың 9 маусымында Астанада өткен Мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қорытындылады. Әдеттегідей, еліміз бұл төрағалыққа үлкен дайындықпен келіп, ұйымның жаңа сатыға көтерілуіне, аймақ мемлекеттері арасындағы саяси-экономикалық, қауіпсіздік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға барынша күш салғаны белгілі.
Әлем • 27 Маусым, 2017
өз іштерінде тарқатуды қажет ететін түйінді мәселелер бар екенін көрсетіп берді. Жуырда Брюссельде Еуроодақ елдерінің саммиті болып, онда ЕО-ға қатысты кейбір өзекті мәселелер талқыланды. Соның ішінде Ұлыбританияның Одақтан шығу үдерістерін пысықтай түсу мәселесі алдыңғы қатарда қаралды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Астана – халықаралық тақырыптар талқыланатын қала
Күні кеше Астанада ЭКСПО-2017 аясында ХІV Еуразиялық медиа-форум өткені белгілі. Оған әлемнің көптеген елінен танымал саясаткерлер мен сарапшылар және БАҚ өкілдері келген болатын. Біз төменде солардың бірнешеуінің медиа-форум, Астана және жалпы Қазақ елі туралы айтқандарын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Әлем • 27 Маусым, 2017
Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) штаб-пәтерінде БҰҰ-ның Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдардағы Тұрақты өкілі, елші Жанар Айтжанованың төрайымдығымен ДСҰ-ның Сауда және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Қазақстан ДСҰ мүшесі болғаннан кейін алғаш рет ұйымның маңызды комитеттерінің бірін басқарды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Елбасы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттар беру туралы өкімге қол қойды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Алыс ауылдарда әуежай салынады
Атырау-Астрахан тас жолының жағдайы көңіл көншітпейтін еді. Енді «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы осы жолдың 277 шақырымын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Төрт өңірді етпен қамтамасыз етеді
Күре жолдың бойында отырған Сайрам ауданының диқандары мен шаруаларының маңдай термен өсірген көкөністері мен ет өнімдері Қазақстанды қойып, көрші мемлекеттердің дастарқанын жайнатып отыр.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Биыл Батыс Қазақстан облысының 12 ауданындағы 55 елді мекенге таза ауыз су, 35 ауылға көгілдір отын құбырлары тартылып жатыр. Өңірде 8 мектеп құрылысы жүруде. Күрделі жөнделіп жатқан әлеуметтік нысандар да көп. Орта есеппен әр ауданға 3,5-4,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Облыс әкімі Алтай Көлгінов жақында барлық ауданды аралап, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып шыққан еді.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Жібек жолы белдеуі елдерінің аграрлық форумы өтеді
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу – тәуелсіз еліміздің шежіресінде алтын әріптермен жазылатын оқиға. Жалпы, аталған көрменің негізі қаланған сәттен бастап адамзат тарихын саралайтын болсақ, әлем бойынша техниканың, инженерлік ойдың, өндірістің дамуына үлкен қарқын бергенін көреміз. Эйфель мұнарасынан бастап, қазіргі уақытта тіршілігімізге дендеп кірген «ақылды» үйлер, экологиялық таза өндіріс негіздері, жаңа қуат көздері, тағысын тағы соны жаңалықтар осы көрмеден бастау алады.
ЭКСПО-2017 • 27 Маусым, 2017
«Британдықтар да біз сияқты...»
Халықаралық көрме қалашығында қос мемлекет ұлттық күндерін атап өтті. Алғашқысы – Ұлыбритания. Салтанатты шараға ханзада Ричард арнайы келіп қатысты. Екіншісі – Монако. Олардың жиынына да xанзада II Альберт пен оның жұбайы Стефани келді.
ЭКСПО-2017 • 27 Маусым, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды. Халықаралық мамандандырылған көрменің басталғанына екі аптадан асты. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдегендей, маусым айының басынан бері елорда әуежайына 140 мың шетелдік мейман түскен. Күні кешеге дейін көрме қалашығына 400 мың адам табан тірепті. Соның 150 мыңға жуығы «Нұр Әлем» деп аталатын Қазақстан павильонын тамашалады. Ал көрме билеттерін әлемнің 55 елінің азаматтары сатып алған.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Имидждік тұрғыдан нығайта түседі
Қазақстан қоғамының өмірінде айтарлықтай оқиға болды. Астана халықаралық әуежайы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын иеленді.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Жиырма жылдық белесіне көтеріліп келе жатқан Астана қаласының әуежайын «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» деп атау өте орынды шешім.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Ер еңбегі еленгенінің көрінісі
Елордамызда күні кеше Астана экономикалық форумы, Дүние жүзі қазақтарының V құрылтайы, Еуразиялық медиа-форум өтті, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, басқа да халықаралық шаралар ұйымдастырылған Астана шын мәнінде халықаралық және жаһандық мәселелер талқыланатын орталыққа айналды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында бағзы заманнан қалыптасқан ұлттық келбетімізді сақтай отырып, қазіргі жаһандық өзгерістермен бірге өзімізді, ұлттың ой-санасын қалай өзгерту керек мәселесі өте терең қозғалған Отандық тарихтың өтпелі кезеңінде, жаңа әлеуметтік-тарихи дамумен бірге қазақтардың бұрынғы құндылықтары өзгеріп, олардың жаңа өмірлік бағыты айқындалғанда, ұлттың рухани көсемдері ата-бабамыздың баға жетпейтін рухани мұрасына, ұлттың құлықтық-этикалық қалпына өнегелі бағыт беретін ұстаным ретінде жүгінді.