солтүстік
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Машина алды... Жүргізушілік құқынан айрылды
Осындай да ақымақтар болады екен. Машина сатып алған бойында оны «жуамын» деп араққа сылқия тойып, рөлде келе жатқан адамды СҚО полициясы ұстап, 15 тәулікке қамағанымен қоймай, одан әрі сот шешімімен 7 жылға жүргізушілік құқынан айырады.
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Медицина: Жауырды жаба тоқымау керек...
Жуырда Солтүстік Қазақстандағы көрсетілген медициналық және фармацевтік қызметтер мен тауарлардың сапасы және қауіпсіздігін бақылау депарментінің бастығы Серікбай Қасмақасов журналистерге брифинг беріп, үстіміздегі жылдың І тоқсанында өздеріне 19 арыз-шағым түскенін жариялады. Соның 11-нің дұрыстығы дәлелденген.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда 26 армениялық автокөлік тіркелді
2020 жылғы 1 ақпанға дейін Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу демалыс күндері де жалғасып жатыр. Алты күнде Солтүстік Қазақстан облысында 26 темір тұлпар республикаға тіркеуге қойылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда моланың қоршауын ұрлап жүргендер ұсталды
Қазақ арасында «вандализм» деген тағылықтың қазақша атауы да жоқ, өйткені біздің халқымыз мұндай азғындықты бұрын білмеген. Бірақ осындай тағы қылмыс жасайтындардың әлі де арамызда жүргені өкінішті. Жуырда СҚО Аққайың ауданы орталығының бір тұрғыны полицияға шағым беріп, әкесінің басына қойылған темір шарбақты біреудің тас-талқан қылып бұзып әкеткенін айтады.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Құлқынын көбірек ойлаған жан қапы қалды
Жалпы елдің, тіпті әлемнің басына қауіп төніп, жұрттың бәрі пандемиямен күреске жұмылып жатқанда СҚО Шал ақын ауданы полициясы бастығының орынбасары, майор шеніндегі парақор өзіне ісі түскен бизнесменнен 1,3 млн теңге пара талап еткені үшін тұтқындалғанын бұрын жазған болатынбыз.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Қазақстанға темекінің ірі партиясын заңсыз кіргізбек болған
5 маусымда Қазақстан шекарашылары «Жаңа жол» автомобиль пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) Қазақстанға темекінің ірі партиясын (15 000 пачка) кіргізбек болған қылмыстың жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.