Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинотанушы Бауыржан Нөгербек өмірден озды
Бауыржан Рамазанұлы – Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылының тумасы. 1948 жылы 6 тамызда дүниеге келген.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Журналист сұрағына уақытылы жауап бермеген мемқызметкер жұмыстан босатылуы мүмкін
Журналист сауалына уақытында жауап бермегендер жұмыстан босатылады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлады 24.kz.
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы Қазақстанның ІЖӨ құрылымындағы туризм үлесін арттырады
ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов Туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасын іске асырудың мақсаттары мен құралдары туралы айтты.
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Елімізде жеті жыл ішінде транзиттік жолаушылар ағыны 20 есеге артты
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлады primeminister.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Ақтөбеде жел генераторын шығаратын зауыт салынады
Жобаның құны – 84 млн еуро. Кәсіпорын 500 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бүгін осы жобаны жүзеге асыруға қатысты облыс әкімдігі мен құрылыс мекемесі меморандумға қол қойды, деп хабарлады 24.kz.
Бокс • 27 Маусым, 2017
Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды sports.kz.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
ҰБТ-ның жетінші күні 2034 талапкер қатысты
2017 жылдың 26 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген 2050 талапкердің 2034-і (99,2%) қатысты. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Ертең Астананың кейбір аудандарында жоспарлы түрде электр энергиясы сөндіріледі
Жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты Астана қаласы әкімдігінің жағдаяттар орталығы хабарлағандай, 10/0,4 кв. электр жүйелерінде жоспарлы түрде сөндіріледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
ЭКСПО-2017 • 27 Маусым, 2017
Түркістандағы «Жолаушы» ЖШС 100 қызметкері ЭКСПО-ға аттанды
ЭКСПО билеті сатылымға шыққан кезде Оңтүстік Қазақстан облысынан алғаш болып облыстық мәслихат депутаты, Түркістан қаласындағы «Жолаушы» ЖШС құрылтайшысы Р.Тәңірбергенов 500 билет сатып алған болатын. Осы игілікті істің алғашқы легінде Түркістандағы «Жолаушы» ЖШС-нің 100 қызметкері ЭКСПО көрмесін тамашалауға аттанды.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
ОҚО-да 128 мектепті робототехника кабинетімен жарақтандыруға 748 млн теңге бөлінді
Оңтүстік Қазақстан облысының 2017 жылға арналған бюджет көлемі жалпы 507,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23 млрд. теңгеге өсті.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
28 маусым – Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі. Атаулы күн қарсаңында Қарағандыда облыс әкімінің дәстүрлі «Алтын сұңқар» сыйлығы табысталады. Аталмыш марапат, биыл осымен 12-ші мәрте өз иелерін тауып отыр. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын айтулы додаға биыл 140-тан астам үміткер қатысқан.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Грузин саяхатшысы Петропавл қаласына келді
Грузин жиханкезі Нодар Беридзе Петропавл қаласына аялдап, аяқ суытып алғанды жөн көріпті.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
ОҚО әкімі құрылысты қадағаламаған аудан әкімдерін сынға алды
Оңтүстік Қазақстандағы аудан, қала әкімдері әлеуметтік нысандардағы кемшіліктерді түзетіп, олардың мерзімінде тапсырылуын тікелей қадағалауы керек. Тапсырманың тиянақты орындалуын облыс әкімі аппаратынан баратын инспекторлар тобы жүзеге асыратын болады.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстан журналистерінің спартакиадасы өтті
БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі құрметіне орай Мамлют ауданындағы «Искра» санаторийінде қалам иелері спорттың тоғыз түрі бойынша күш сынасты.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
ЖОО «G-Global-дың» үздік штабы анықталды
«Жастар G-GLOBAL-ды қолдайды» республикалық байқауының нәтижесі анықтағандай, «G-Global» жаһандық ақпараттық-коммуникативтік платформасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастар штабы бірінші орын иеленіп, Қазақстанның 51 жоғары оқу орнының штабтары арасында үздік деп танылды.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстанда екі ауданның әкімі ауысты
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен Ербол Болатұлы Сағдиев Тимирязев ауданының әкімі болып тағайындалды.
Футбол • 27 Маусым, 2017
«Тобыл» командасына жаңа директор тағайындалды
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев «Тобыл» ФК ұжымымен кездесіп, жаңа директор - Николай Панинді таныстырды, деп хабарлады футбол клубының ресми сайты.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Астанада Димаштың концертіне орай бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі
27 маусым күні сағат 20.00-де «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді, осыған байланысты Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары бойында көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі.
ЭКСПО-2017 • 27 Маусым, 2017
Астана әкімі британ ханзадасымен кездесті
Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев және британдық хандаза Ричард, герцог Глостер ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің Ұлыбритания павильонын аралады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Жамбыл облысында өзендер тасуы мүмкін
Жамбыл облысының өзендерінде су тасуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Елімізде ұшақ билеттері арзандауы мүмкін
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, келесі жылдан бастап Қазақстан азаматтық авиацияны толығымен отандық керосинмен қамтамасыз етсе, ұшақ билеттерінің бағасы арзандауы әбден мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Сыр өңірінде әлеуметтік көмек алушылар саны 14 мың адамға азайды
Жыл басынан бері Қызылорда облысында жергілікті бюджеттен 51318 аз қамтамасыз етілген азаматқа 475,6 млн теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Еліміздегі кедендік бақылаудың тиімділігі екі есеге артты
Елімізде кедендік бақылаудың тиімділігінің артуы байқалып отыр. Бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Үкімет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексіне түзетулер енгізу туралы заң жобасын қабылдады
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстан университетінің бұрынғы ректоры қызметіне қайта оралды
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бұрынғы ректоры Оңдасын Әшімов қызметін қайта жалғастыратын болды.
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Транзиттік тасымалдарды одан әрі арттыру шараларын қолдану қажет – Бақытжан Сағынтаев
Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев транзиттік тасымалдар көлемінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануды тапсырды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
30 маусымда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының барлық бөлімшелерінде «Әр салымшы үшін БҰЗҚ» үндеуімен ашық есік күні өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Қазақстан Дүниежүзілік банктің логистика тиімділігі бойынша рейтингісінде позициясын жақсартты
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін дамыту мәселелері қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Бақытжан Сағынтаев туристік саланы дамыту бойынша арнайы тапсырмалар берді
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Дүниежүзілік туристік ұйымның ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстанның туристік саласын одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Астанадағы сириялық келіссөздерге қатысатын АҚШ өкілі белгілі болды
Қазақстандағы АҚШ елшілігі Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздер барысында осы елді таныстыратын өкілін атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»