Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Байқаушылар миссиясының басшысымен кездесті
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға ТМД-дан байқаушылар миссиясының басшысы болып тағайындалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитеті төрағасының − Атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Виктор Гуминскиймен кездесу өткізді.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Бақтияр Маратұлының Ақтау қаласына, Каспий теңізінің жағасына келіп қызмет етіп жатқанына әлі бір жыл да бола қоймапты. 23 жастағы жігіттің қазақ даласының батыс өңіріне, соның ішінде киелі Маңғыстау даласына табаны алғаш рет тиген екен.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Жансейіт Түймебаев: «Қылмысты азайтудың ұтымды жолы - жұмыссыздықты жою»
Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық ахуал тұрақты. Соңғы бес айда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 25,1 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар 32,4 пайызға төмендеген. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция бастығы, полковник Әбдіғани Сейдуалиев мәлім етті.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл толды
Астана қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл: қорытынды, жетістіктер, болашаққа көзқарас» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстан әкімі журналистерді марапаттады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов республикалық және жергілікті баспасөз ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, кәсіби мерекемен құттықтады.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Жоғарғы Сот Төрағасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми БАҚ басшылары мен қызметкерлерін кәсіби мереке – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
ОҚО әкімі тәжірибе алмасу мақсатында 20 журналиске Түркияға жолдама берді
28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қаладағы бірқатар жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысымен танысты, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Қызылорданың «Қызыл кітабы...»
Қазір Сыр бойын мекен еткен жолбарыс туралы айтсаңыз, ертегі сияқты қабылдайтындар бар. Болған, құрыған... Тағы бір елу жылда арқар мен қарақұйрықтың да осы кепті кимесіне кім кепіл? Қолда бар байлықты толықтай түгендеп шыға алмасақ та, бірсыпырасын елдің есіне салайық, сол арқылы оларды сақтауға үндейік деген ниеттен туындап еді бұл жазба...
ЭКСПО-2017 • 29 Маусым, 2017
Күмісай – 100 мыңыншы көрермен
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қалашығындағы әлемнің 115 мемлекеті мен 22 жаһандық ұйымдарының павильондары жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде көлемімен де, жәдігерлерінің мазмұндылығымен де көрмеге келушілерді қызықтыратындары баршылық. Солардың бірі – Ресейдің павильоны.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Керемет көремін десең, Көлсайға кел
Аспантаулар өлкесі шын мәнінде ақынның жырына, сазгердің әніне арқау болып келе жатқан табиғат жауһарларына толы. Жетісу жерінің сұлу төрі саналатын Райымбек ауданының мерейі мен мәртебесін асырып отырған көркем келбетті жер жетерлік. Мәселен, алыс-жақын шетелдердің қызығушылығын туғызып отырған мекеннің бірі – Көлсай.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Қауіпсіздік шаралары қаперден шықпауы тиіс
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жұртшылықты су айдындарында абай болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ, қауіпсіздік қағидасын сақтауға шақырады.
Жеңіл атлетика • 29 Маусым, 2017
Кениялықтар Өскеменнің атынан жүгіреді
Кенияның желдей ескен желаяқтары Шығыс Қазақстанға келуі мүмкін. Бірақ кімнің келетіні, қашан келетіні әзірге белгісіз. Белгілісі – жақын арада облыста халықаралық деңгейдегі жеңіл атлетика клубының құрылатындығы. Жуықта облыс әкімі Даниал Ахметов Өскеменде Кения елінің үздік спортшыларымен кездескенде осы мәселелер жан-жақты талқыланды.
Парламент • 29 Маусым, 2017
Сенат депутаттығына сайланғандардың есімі белгілі болды
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарды.
Күрес • 29 Маусым, 2017
Әр белдесудегі жеңіс үшін – 100 мың теңге
Кеше Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» VII республикалық турнирінің баспасөз мәслихаты өтті.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Кернейшілер керемет өнер көрсетті
Өңірдің өнерпаз әскерилері өткен жылы осы сайыста талайларды талантымен тамсандырған еді. Елорда төрінде Ұлттық ұлан бас қолбасшысының жүлдесі үшін ұйымдастырылған «Әскери керней» халықаралық фестивалінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі биыл да сол биіктен көрініп, Гран-при жүлдесін иеленді.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Электронды кезек уақытыңды үнемдейді
Атырау қаласындағы №3 емханада «Электронды кезек» қанатқақты жобасының таныстырылымы өтті.
Жеңіл атлетика • 29 Маусым, 2017
«Азия чемпионатына қазы алып барамыз»
Жақында қазақстандық спринтер Виктория Зябкина Алматыдағы Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық мемориалдың үш бірдей алтынын жеңіп алды. Ол 100 және 200 метрде ешкімге дес бермесе, сондай-ақ құрбыларымен бірге 4х100 бойынша командалық эстафетада да алтынға қол жеткізді.
ЭКСПО-2017 • 29 Маусым, 2017
Елу елді аралап, ЭКСПО-ға келді...
Петропавл қаласына аялдаған грузин жиһанкезі Нодар Беридзе Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалау үшін арнайы маршрут түзіпті.
ЭКСПО-2017 • 29 Маусым, 2017
Арзан билеттер сатылымға шықты
Өткен аптада 170 мыңға жуық көрермен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалапты.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында «Мен қазақпын» атты дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің телевизиялық мега-жобасының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Аймақтың ауыл-аудандарынан жиылған өрелі өнерпаздар киелі сахнада бақтарын сынап, жеңгендер мега-жобаның республикалық кезеңіне жолдама алды.
Театр • 29 Маусым, 2017
Корей балеті барша жұртты таңдандырды
Кореяның «Universal Ballet» труппасы әлемдегі танымал өнер ұжымдарының бірі болып саналады. Жақында труппаның халықаралық «Eurasia Dance Festival» балет өнері фестивалі аясында ұйымдастырылған гастрольдік қойылымдары өтті.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Ұлттық кезеңге 16 үміткер қатысады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Беу, дүние! Бақ шаба ма, бап шаба ма, деп тағдыршешті сәттерде тәңірге сыйынып, тақымын қыспаған жан бар ма екен?! Бүкіл ғұмырға татитын сәттер болады, бүкіл өміріңнің мәніне айналған суреттер бар. Мына бір фотоға қарап отырып, жалт ете қалған жалған, жүйріктің тағдырындай жосылып бара жатқан жылдар көз алдыңа келеді. Бірде құлайсың, бірде жылайсың, бірде озбақ бар, кейде сүрінбек бар... Сонымен бір суреттің тарихы қалай дерсіз.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Әлемге «Дайдидау» деп ән салдырған
Ішкі-сыртқы тартымдылық үйлесімі мен үн тазалығы арқылы әлем сахнасына көтерілген Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін берді. «Астана Арена» кешеніне лық толған қалың көрермен қауым сүйікті ұлдарымен сағына қауышты.
Бокс • 29 Маусым, 2017
Стрельниковтің бапкерлік әлемі
Александр Стрельников. Екі дүркін Әлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиевтің жеке жаттықтырушысы. Стрельников пен Сәпиев дуэті шаршы алаңда сан жылдар салтанат құрғанын қалың жанкүйер жақсы біледі.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Алманың түп төркіні – Тарбағатай
Алманың отаны – қазақ жері. Мұны әлемнің мүйізі қарағайдай ғалымдары мойындап отыр. Оксфорд университетінің биологы Бэрри Джунипердің пайымдауынша, жер бетіндегі алғашқы алманың түп тамыры Тарбағатай тауларында пайда болған көрінеді.
ЭКСПО-2017 • 29 Маусым, 2017
Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында Сербияның ұлттық күні өтті. Салтанатты шара дәстүр бойынша екі мемлекеттің әнұрандарының орындалуымен басталып, екі елдің тулары көкке көтерілді. Содан кейін Қазақстан мен Сербия делегацияларының өкілдері сөз сөйледі.
Абай атамыз: «Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір «қырт мақтан» деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ», дейді. Расында, осы күні не адамдығы, не арлылығы жоқ бос мақтан қуғандар арамызда көбейіп бара жатқан жоқ па?
Медицина • 29 Маусым, 2017
Көз аурулары неге «жасарып» келеді?
Қазақта «Екi көзiң – шырағың» деген нақыл бар. Адамзат баласы ақпараттың 90 пайыздан астамын екі көзі арқылы алады екен.
Тәрбие • 29 Маусым, 2017
Онлайн-озбырлықтан қалай сақтануға болады?
Бүгінгінің баласы үйден шықпай-ақ, көзге көрінбейтін кесірге ұрынып қалатынын ұға бастадық қой. Қазіргі таңда компьютерде омалып отырған баланы онлайн-озбырлықтан сақтандыру үшін әр мемлекет өз бетінше шаралар қабылдауға мәжбүр болуда. Көрші Ресей балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қоюды заңдық тұрғыда реттеуге кірісті.