Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Зейнетақы қорының барлық бөлімшелерінде Ашық есік күні өтті
Бүгін, жұма күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық бөлімшелерінде «Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есік күні өтті.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Астананың кейбір аудандарында элетр қуаты уақытша сөндіріледі
Астана қаласының әкімдігі электр қуаты уақытша сөндірілетін қала аудандарының тізімін жариялады.
Қаржы • 30 Маусым, 2017
KASE мен АӨҚО рейтинг агенттігі мәмілеге келді
«Қазақстан қор биржасы» АҚ мен «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы рейтинг агенттігі» еліміздегі бағалы қағаздар нарығын әрі қарай дамыту мен инвесторлар мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Ұлттық спорт • 30 Маусым, 2017
Ұлан Рысқұл: Биыл екінші рет «Қазақстан барысы» атанамын
2 шілдеде Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтеді.
ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017
ЭКСПО – 2017 көрмесіне келушілер саны жарты миллионнан асты
«ЭКСПО– 2017» көрмесін тамашалауға 20 күнде жарты миллионнан астам адам келді. 2017 жылдың 29 маусымында кешкісін Халықаралық мамандандырылған көрменің 500 000-шы келушісі тіркелді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО – 2017» ҰҚ» АК-ның баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Шымкентте Еуро-4 және Еуро-5 стандартымен жанармай шығарыла бастады
Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігі 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбейді. Ең бастысы – жанармай сапасы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына көшті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Атырау театры халықаралық фестивальден олжалы оралды
Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры Ресейдің Керчь қаласынан олжалы оралды. «Боспорские агоны» атты антикалық өнердің XIX халықаралық фестивалінде Атырау театры «Антикалық тақырыпқа қазіргі заман көзімен» аталымын жеңіп алды.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
БҚО тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып осы кезге дейін аталған облыстың білім басқармасын басқарған Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева тағайындалды. Жаңа басшысыны облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов таныстырды.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстанда дәрі-дәрмек мәселесі өткір тұр
«Нұр Отан» партиясы СҚО филиалының бюро мәжілісінде денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелер талқыланып, көптеген олқылықтар анықталды.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Түзеу мекемесінде де дінаралық татулық бар
Ағымдағы жылдың 29 маусым күні Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде діни бірлестіктермен бірлескен маңызды шара болып өтті, деп хабарлайды Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы.
Білім • 30 Маусым, 2017
ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 12 түлек тестілеуден шығарылды
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесін бұзғаны үшін 12 түлек шығарылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Еліміздің үш облысында 43 градус ыстық болады
Қазақстанның үш облысында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстан бишілері халықаралық байқауда лауреат атанды
14-ші «Қазан өрнектері» халықаралық байқауы балалар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылып, «Экспромт» халықтық би театрының бишілері топ жарды.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Оңтүстік Қазақстанда егін ору науқаны басталды
Оңтүстік Қазақстан облысы республикамызда алғаш боп егін ору науқанын бастап кетті. Қазығұрт ауданындағы «Айқожа» өндірістік коооперативіне қарасты егістік алқабына комбайндар түсіп, бидайдың алғашқы өнімі қамбаға жөнелтілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстан әкімі Канаданың елшісімен кездесті
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Стайл мырзамен кездесіп, екі тарап арасындағы әңгіме тауар айналымын ұлғайту, ауыл шаруашылығы саласындағы қарым-қатынасты жетілдіру мәселелеріне арналды.
Киелі Мойынқұмның Кіші Қамқалы ауылының маңында, Шу өзенінің үлкен арнасы өтетін өңірдің Бетпақдаламен шектесер тұсында Құралай сұлу кесенесі бар. Мұны бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Шамамен XVIII ғасырдың аяғында шикі кірпіштен қаланған кесене бүгінде тарихи маңызын жоғалтпай, осы күнге жетіп отыр.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Қарағандының қақ төрінде тұрған бұл фортепианоны өтіп бара жатқан кез келген адам ойнауына болады. Орталықтағы «Арбат» сауда үйінің алдына орнатылған аспаптың аты – Мистер Монстерео. Оның «Instagram» желісінде жеке парақшасы да бар.
Әдебиет • 30 Маусым, 2017
«Алмаға ат байлаған» қандай ерлер?
...«Азаулыда аға болған ерлер көп еді, Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді...». Бұл кімнің жыры? Біліп отырсыздар. Өзінің деңгейін аңғартқысы келгенде: «Азаулының Аймадет Ер Доспанбет Ағаның Хан ұлына несі жоқ, Би ұлынан несі кем...», дейтін әйгілі Доспанбет жырау.
Тәрбие • 30 Маусым, 2017
Елімізде жекеменшік балабақша жүйесі жылдан жылға көбейіп келеді.
Руханият • 30 Маусым, 2017
Қылығы баладай, көңілі даладай
Бала күнімізде әке-шешелерімізден «өмірдің қысқалығы қамшының сабындай ғана» деген сөзді жиі естуші едік. Мән бермеген екенбіз. Өзіміз есейіп етек-жеңімізді жиған соң, тіпті, алдымыз алпыстың асқарына жеткенде ол сөздің шын мағынасын, түп-төркінін түсінгендейміз. Шын мәнінде бұл жалған ғұмыр «қамшының сабындай» қысқа екен. Кеше ғана балалық шағымыз бір ауылда өткен, майлы топырақты бір кешіп, бірге өскен жазушы ағамыз Алпысбай Шымырбаев аяқ астынан бақилық болғанда осынау аталы сөздің мәнін шын ұқтық! Алпекең ағамызды ақтық сапарға шығарып салғанымызға да қырық күн болып қалыпты.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
«Жастар G-GLOBAL-ды қолдайды» республикалық байқауының нәтижесі анықтағандай, «G-Global» жаһандық ақпараттық-коммуникативтік платформасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастар штабы бірінші орын иеленіп, Қазақстанның 51 жоғары оқу орнының штабтары арасында үздік деп танылды.
Ескісін жамап, ешкісін сауып, қойын құрттап, айранын ұрттап малшылықпен, бақташылықпен, ұсталықпен, саятшылықпен, аңшылықпен шұғылданған қарапайым қазақтың әрбір ауылында алтын балық үйіріндей ақылды, арлы ақсақалдардың «Сүйек сындырма, ата атандырма!» немесе «Жер – Ана, Орман – Ата, Су – Қан», «Ауа – Жан», «Жел – Рух» дейтін асыл ойлары мен әйгілі ізгілікті әрекеттері болатын. Міне, осы жағдай сол бір көбелек қуған, қозы, бұзау баққан, тезек терген, отын-су тасыған ауыл балаларының әдепті дағды-машығын, таным-түсініктерін, көзқарасын, ой-санасын, төзім-рухын, тұрмыс-тіршіліктегі ұстанымын қалыптастырған еді.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
«Назарбаев университет» инновациялық кластері
Орталық коммуникациялар қызметінде «Назарбаев Университет» ДББҰ инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті Қанат Байғариннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Руханият • 30 Маусым, 2017
«Ел ағасыз болмайды, тон жағасыз болмайды» деген халқымыздың әдемі айтылған даналығы бар. Қазақтың қасиетті топырағында туып, ұлтының намысы мен туын ұстау әр адамның басына қона бермейтін бақыт. Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев − сондай ұлт сөзін сөйлеген, халқына адал қызмет істеген, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің бірі.
Білім • 30 Маусым, 2017
Сардарлардың мәртебелі мектебі
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті биыл өзінің құрылғанына 20 жыл толуын атап өтеді. Ол 2015 жылы әлемдегі әскери жоғары оқу орындары арасынан алғаш рет беделді Оксфорд академиялық одағының және Еуразиялық университеттер қауымдастығының толыққанды мүшесі болды. Әскери білім беру көшбастаушысы қазақстан армиясы үшін жоғары офицерлік құрам дайындауға, әскери кадрларды оқытуға қандай озық әдістер мен құралдарды пайдалануға үлес қосқандығы және басқалар туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат МҰХТАРОВ әңгімелейді.
Футбол • 30 Маусым, 2017
Еуропа лигасы: «Қайрат» пен «Ертіс» жеңіп, «Ордабасы» жеңіліп қалды
Кеше қазақстандық футбол клубтары Еуропа лигасындағы алғашқы кездесулерін өткізді. «Қайрат» пен «Ертіс» жеңіске жетсе, өкінішке қарай «Ордабасы» клубы қарсыласынан жеңіліп қалды.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
«Цифрлы армия» – ілгерілеудің алғышарты
«Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты». Н.Ә. Назарбаев (Қазақстан халқына Жолдауынан)
Тақтатастан мұнай өндіру табыс көзіне айнала ма?
Осыдан біраз бұрын әріптесіміз Жылқыбай Жағыпарұлы «Тақтатас төңкерісіне тәуелділік» атты мақала жазып, АҚШ-та осы үдерістің шарықтау шыңына шыққандығын, сөйтіп енді әлемде тақтатас төңкерісінің басталуы әбден мүмкін екендігін жеріне жеткізе жазған-ды.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Еңбек қауіпсіздігі «алтын қағиданың» қатарында
Кез келген өндірісте еңбек ресурсы ерекше маңызға ие. Ал ондағы адамдардың денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігін сақтауға барынша жағдай жасау – әрбір басшының негізгі міндеті. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы көрнекті көшбасшылық» деген тақырыпта өткізген форумында осы мәселе кеңінен талқыланды.
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Мұнайлы аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартуды жергілікті тұрғындар да қолға ала бастады. Атырау қаласының тұрғыны Арман Хайруллин Сарайшық ауылындағы бір гектар жерге топинамбур өсімдігінің бес сұрыбын отырғызған екен. Ондағы мақсаты – облыс орталығы мен Қарабатан зауыты арасында жасыл белдеу жасау.