Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 30 Маусым, 2017
Мұнайлы аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартуды жергілікті тұрғындар да қолға ала бастады. Атырау қаласының тұрғыны Арман Хайруллин Сарайшық ауылындағы бір гектар жерге топинамбур өсімдігінің бес сұрыбын отырғызған екен. Ондағы мақсаты – облыс орталығы мен Қарабатан зауыты арасында жасыл белдеу жасау.
Бизнес • 30 Маусым, 2017
Жобалар өңірдің өркендеуіне серпін береді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында еліміздегі экономикалық өсім, бизнесті қолдау, инвестиция тарту мәселелерін айтқан болатын. Елімізде қарқын алған «Нұрлы жол» экономикалық саясаты және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары да өңірлерді дамытуға айрықша серпін беріп келеді. Сондай-ақ, өңірлерде қолға алынған инвестициялық жобалар да жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыра түседі.
ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017
Көрме тыныштығы қатаң қадағаланады
Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде күн сайын ішкі істер органдарының 5 мыңнан астам қызметкері кезекшілікке шықса, соның 2 мыңнан астамы көрме аумағында қызмет атқарады екен. Көрме қалашығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы, полиция бөлімі және өрт сөндіру депосы тұрақты жұмыс істейді.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Қызықты шаралардан құр қалмаңыз
ЭКСПО-2017 көрмесіндегі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің стендінде көрме қонақтары арнайы байқау-викторинаға қатыса алады. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ұйымдастыратын конкурс барысында кез келген азамат өз бағын сынай алады.
ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017
ТМД аумағындағы алғашқы фестиваль
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы контент пен шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров әлемге кеңінен танылған британдық MTV фестивалі ТМД аумағында алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылатынын мәлімдеді.
ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017
Барабаншылар шеруі келушілерді баурады
Израиль мемлекеті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында ұлттық күнін атап өтті. Шара аясында израильдік әнші Aveva ән шырқап, әлемге әйгілі «King David Peace Drummers» барабаншылар тобының шеруі ұйымдастырылды.
ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстанда алғаш рет Энергетика жөніндегі XІІІ халықаралық IEEE және Еуразиялық SIBCON-2017 конференциясы өтті. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ұйымдастырған шараға әлемнің он мемлекетінен 120-дан аса ғалым қатысты.
ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017
Түрікмен төрі ұлттық өнерімен өрнектелді
Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Түрікменстанның ұлттық күні өтті. Салтанатты шарада қос мемлекеттің әнұрандары орындалып, тулары көтерілді. Содан кейін түрікмен халқының көркемөнерпаздары ұлттық ән-жырын, биін паш етіп, көрерменді қуанышқа бөледі.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Бес құндылық, төрт таған һәм үш қуаттылық
Бірлігі бекем, берекесі мол елдің ертеңі нұрлы болатыны баршамызға аян. Ал нұрлы елдің ең басты құндылығы – терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сырын сыйғызған мемлекеттік тілі, ұлттық даралығы мен даналығын жазатын тарихы, ұлттық болмысын танытатын салт-дәстүрі, танымы мен тағылымын көрсететін ділі мен діні, кең жазира атамекені мен Ұлы Дала рухы болу қажет.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Көркемсөз шеберлері – Көкшетауда
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері еліміздің өңірлеріне барып, көпшілікпен кездесулер өткізуде. Сондай кездесулердің бірі Көкшетау қаласында өтті. Жазушылар қауымы осындағы «Достық» үйінде бас қосып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау, талдау және ілгерілету жайындағы ойларын ортаға салды.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
«Туған жер» жобасының түп негізі – отаншылдық
«Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халық әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының бірі», – деді Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Ал мен өз істеріммен «Туған жермен» өзінің рухани жақындығын дәлелдейтін Каспий маңының тұрғындары туралы айтқым келеді, әрі олардың әрқайсысы «100 жаңа есім» тізіміне енуге лайық.
Медицина • 30 Маусым, 2017
Діни сауаттылық – қауіпсіздік діңгегі
Жат діни ағымдарды уағыздаушылар ғаламтор желісінде де белсенді. Әлбетте, Қазақстан аумағында оларға барынша шектеу қойылып жатыр. Бірақ нәтиже аз. Себебі, интернеттегі шектеулерді айналып өтудің небір айла-шарғылары бар. Сондықтан Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі журналистерді діни тақырыпта ақпарат таратуда абай болып, материалды ғаламторға жарияламас бұрын осы саланың білікті мамандарымен кеңесіп алуға шақырды. Бұл туралы Астанада өткен Дін салаcындағы мәселелерді жариялау жөніндегі журналистерге арналған оқыту тренингінде айтылды.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Сайлау барлық талапқа сай өтті
Кеше Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Байқаушылар миссиясы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша брифинг өткізді.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Отандық дипломатияның өрісті жолы
Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл: қорытынды, жетістіктер, болашаққа көзқарас» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Бас прокуратурадағы байыпты жүздесу
Астанада Бас Прокурор Жақып Асановтың Ұлыбритания Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы, Блакстоун Чемберс тобының төрешісі мен медиаторы, Сот және халықаралық төрелік орталығын құру мен дамыту бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының сарапшысы лорд Гэри Вульфпен кездесуі өтті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазақстан • 30 Маусым, 2017
Тәжірибе зерделеудің берері көп
Астана қаласында Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми Ұлыбритания Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы, лорд Гэри Вульфпен кездесті, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Парламент • 30 Маусым, 2017
Қабылданған заңдардың мемлекеттік маңызы жоғары
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен Жоғарғы палатаның осы сессиядағы соңғы жалпы отырысы өтті. Күн тәртібіне шығарылған мәселелерді талқылаудан бұрын Сенат Төрағасы ағымдағы сессияның жұмысын қорытындылады.
ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін халқымыз үлкен қуанышпен қарсы алды. Байқап қарасаңыз, еліміз үшін мұның маңызы жоғары. Тіпті, көрменің негізгі тақырыбы – болашақтың энергиясын, жасыл энергетиканы дамыту мәселесін, онда салынған ғажайып ғимараттардың кескін-келбетін былай қойғанның өзінде, жан-жақтан ағылып келіп жатқан қонақтар үшін әсем Астанамыздың өзі ерекше әсер сыйлайтындығы анық.
Бокс • 29 Маусым, 2017
Америкалық журналист Джек МакКафери жақында ғана The Hearyweight Factory промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған қазақстандық боксшы Иван Дычко туралы пікірін білдірді.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Әлеуметтік міндеттерді шешуге үлес қосқан ҮЕҰ-ға сыйақы беріледі
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 1 шілдеден бастап Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Шерағаның «Намыс найзағайы» кітабының тұсауы кесілді
Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның «Намыс найзағайы» атты жаңа жинағы таныстырылды. «Егеменнің» кітапханасы» сериясымен шыққан кітаптың тұсаукесер рәсіміне баспасөз ардагерлері, қаламгерлер мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Таразда жолақы бағасы он теңгеге көтерілді
Еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда, Тараз қаласында қоғамдық көліктермен қатынау бағасы осы күнге дейін әлдеқайда төмен болатын. Мәселен, Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент секілді ірі қалалардағы жол жүру тарифіне қарағанда, Тараздағы тариф жиырма-отыз теңгеге болса да арзан еді.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Жамбыл облысында тексеру комиссиясының төрағасы тағайындалды
Жамбыл облысында тағы да бірқатар ауыс-түйіс орын алды. Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы болып Жарылқасын Айтақов тағайындалды. Жарылқасын Әбдіғаппарұлы осы уақытқа дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімінің қызметін атқарып келген болатын.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Атырауда экстремистік ұйым мүшелері сотталды
Атырауда «Таблиғи жамағат» экстемистік ұйымының мүшелері сотталды. Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының алты тұрғыны аталған ұйымның қызметін ұйымдастырғандары және қатысқандары үшін кінәлі деп танылды.
Үкімет • 29 Маусым, 2017
Құрық порты – Транскаспий көлік дәлізінің маңызды бөлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ералы Тоғжановпен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды аралады.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
ОҚО-да биыл 11 мыңнан астам түлек диплом алды
Шымкен қаласындағы Әл-Фараби алаңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «ҮЗДІК ТҮЛЕК-2017» салтанатты диплом тапсыру кеші өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Футбол • 29 Маусым, 2017
Еурокубок: Қазақстандық клубтардың қарсыластары туралы не білеміз?
Бүгін қазақстандық футбол жанкүйерлері асыға күткен Еурокубок бәсекелері басталады. Биылғы додада төрт қазақстандық клуб бақтарын сынайтын болады. Елордалық «Астана» Чемпиондар лигасында, алматылық «Қайрат», шымкенттік «Ордабасы» және павлодарлық «Ертіс» Еуропа лигасында доп тебеді. «Астана» клубы бәсекеге екінші іріктеу кезеңінен қосылса, қалған үш командамыз бірінші іріктеуден бастайды.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
«Егемен Қазақстан» жас журналистерді марапаттады
«Егемен Қазақстан» газеті Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатымен 18-35 жас аралығындағы журналистер арасында «Туған жер: көне тарихтың көмбесі» тақырыбында жазылған үздік материалдарға бәйге жариялаған болатын.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Астанада Кенесары көшесі уақытша жабылады
Астанада Кенесары көшесі 30 маусымнан 12 шілде аралығында жабылады, деп хабарланды елордалық әкімдіктің ресми сайтында.
Аймақтар • 29 Маусым, 2017
Батыс Қазақстан облысында Қазталов ауданының әкімі ауысты
Өңір басшысы Алтай Көлгіновтің бұйрығымен, аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Қазталов ауданының әкімі болып бұған дейін Сырым ауданын басқарып келген Абат Шыныбеков тағайындалды.