Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Қарағандының жол-патрульдік полицейі, аға сержант Саламат Темірбаев өзінің еңбек демалысының қаражатын Қарағанды қаласындағы «Даму мүмкіншіліктері шектелген балалар үйінің» балдырғандарына табыстады. Табыстап қана қоймай, балаларды орталық саябақта серуендетіп, шаттық нұрын шартарапқа шашты.
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Қайда жүрсек те қазақ өнерін дәріптеумен келеміз
– дейді әнші Қазыкен Мұхамедқали. Жақында ғана Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы дүркіреп өтті. Әлемнің 40-қа жуық елінен келген 300-ден астам делегат Астанада бас қосып, атажұрттағы ағайынмен арқа-жарқа қауқылдасып, аунап-қунап қайтты. Осы орайда біз Қытай елінен келген белгілі әнші Қазыкен Мұхамедқалиұлымен аз-кем сұхбаттасқан едік.
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Қазақ – қашанда қазақ! (28.06.2017)
Ежелден асыл сөзін тасқа басқан, Қазағым келе-келе баспа да ашқан.
Футбол • 28 Маусым, 2017
Биыл жетісулық журналистер қасиетті Ораза айтының алғашқы күнін спорттық мерекемен ұштастыра атап өтті. Журналистер күні қарсаңында Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «Zhetisu Cup» атты спартакиадада бас қосқан өңірлік БАҚ өкілдері спорттың бес түрі (футбол, волейбол, бильярд, арқан тарту, үстел теннисі) бойынша күш сынасты.
Аймақтар • 28 Маусым, 2017
Ақтөбе облысы инвестициялық жобаларының көрмесі өтті
Кеше Астанадағы «Бейжің сарайы» қонақүйінде Ақтөбе облысы инвестициялық жобаларының көрмесі болып өтті. Онда жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге 13 инвестициялық жоба ұсынылды.
Аймақтар • 28 Маусым, 2017
«Mitsubishi Electric» концернімен бірге оқытады
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Казпромавтоматика компаниясының демеушілігімен Энергетика, автоматика және телебайланыс факультетінде және «Казпромавтоматика» компаниясының ғимаратында «ҚарМТУ-Мицубиши-Электрик-Казпромавтоматика» оқу орталықтарының ашылу рәсімі өтті.
«Сөз сөзден туады, сөйлемесе неден туады?» Бабаларымыз осылай деп дөп басыпты. Мына айтпағымыз да сол сөйлегеннен туындаған дүние. Бала кезімізде «Апыр-ау, ана шәйнекке тас түсіп кетті ме?» деген сөзді кілең атамыз айтатын. Жуырда үйіне бара қалсам, өз шаруасына асыққанын білдіргісі келген бауырым «Әй, қазаныңа тас салып жібердің бе?» деп түк жазығы жоқ келінді қарадай қыжыртып отыр. Әрине, бұл сөзді бұған дейін де талай қазақтың аузынан сан мәрте естігенбіз. Інімнің айтқаны соның бәрін жаңғырту ғана болды.
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
«Әйелдің жан дүниесі – өте нәзік те күрделі әлем. Бірақ оның бойындағы нәзіктіктің тасасында ұлы күш бар», депті бір философ. Шынында, әйел құдіреттің құдіреті ғой. Пайғамбардың анаңды сыйла деп үш рет айтуы тегін болмаса керек.
Ғажайып келіншекке жазылған ғашықтық хаттар
«Сөз – сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?» деп біздің қазақ бекер айтқан ба?.. «Егемен Қазақстанның» осы жылғы 28 сәуірдегі 82-санында жарияланған Құлбек Ергөбек інімнің «Әуезов ғашық болған Ғайыпжамал» деген мақаласын оқып, соған бірер пікір қосуды жөн көрдім.
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
Жарма өңірінің өркендеуіне үлес қосып келеді
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Әлқисса. Жер бетінде гүлдердің таңғажайып түрлері миллиондап саналсада, көркемдігі мен пәктігі жағынан жауқазынға жетер гүл бар ма екен, сірә?! Тіпті, тарихтың тереңіне үңіліңіз, болмаса балалық шаққа саяхат жасаңыз, естелігі ерен дәл осындай қасиетті өскінді кездестірер ме едіңіз. Жауқазынға қатысты аңыз да көп, әфсаналар да жетіп артылады.
Кәсіпке баулудың кейбір мәселелері
Елімізде еңбекке қабілетті адамдар саны 9 миллион екен, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 8,5 миллион, 6,3 миллион – жалдамалы жұмыскерлер, 2,2 миллион – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Ал жұмыссыздар 445 мың адам. Ал жұмыспен қамтылғандар саны жұмысқа жарамды адамдар санының 67 пайызын құрайды, ал бұл көрсеткіш біз ұмтылып жүрген өркениетті 30 елде орташа алғанда 82 пайызды құрайды. Яғни, Қазақстан үшін халықты шынайы жұмыспен қамту жайы өзекті болып отыр.
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Қаруымыз да, қорғанымыз да ұлттық руханиятымыз
Мемлекет басшысының еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанда» «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында жарияланған мақаласы зиялы қауым өкілдері тарапынан да, әлеумет тарапынан да ең көп талқыға түсіп жатқан дүние екені белгілі. Ол және бекер емес. Жер бетіндегі қуатты елдердің тізіміне еніп, бәсекеге қабілетті, дамудың даңғыл жолымен жүреміз десек, халқымыздың руханият тұрғысынан жаңарып өркендеуі маңызды істердің ішіндегі ең маңыздысы екені де түсінікті. Президентіміз ұсынып отырған идеяны қалай жүзеге асырамыз, қайда бағыт түзейміз, қандай құрал керек, яки қайтсек рухани жаңғыра аламыз?
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттер жөнінде белгілі саясаттанушы Ерлан САИРОВПЕН әңгімелескен едік.
ЭКСПО-2017 • 28 Маусым, 2017
Қатар елі қатарласа дамуға ықыласты
Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Қатар мемлекетінің ұлттық күні өтті. Салтанатты шара барысында осы елдің Сыртқы істер министрі Солтан Бин Әл-Мурайхи Қазақстан павильонын аралап, жоғары баға берді.
ЭКСПО-2017 • 28 Маусым, 2017
ЭКСПО-2017 қалашығының аумағында әлемдегі ең кішкентай және жанар-жағармайды ең аз пайдаланатын көлік таныстырылуда. Жүргізушімен қосқанда екі-ақ адамға шақталған автомобиль көлемінің шағындығымен және айрықша дизайнымен көпшіктің назарын аударды.
ЭКСПО-2017 • 28 Маусым, 2017
Жаңартылмалы энергия түрін ұсынды
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында Франция павильонында Назарбаев Университет мен «Syctom» компаниясы зерттеушілерінің ортақ жұмысы нәтижелеріне арналған «Энергияны қайта өңдеу. Шешімдер. Серіктестер» тақырыбында семинар өтті.
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Ақтөбенің мәдени күндері басталды. Бұл күндері өңірдің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш етеді. Шара 30 маусымға дейін жалғасады.
ЭКСПО-2017 • 28 Маусым, 2017
Ел мерейін асырған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай мамыр айында тарихи Тараз шаһарынан «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуені жолға шыққан болатын. Бір айдан астам уақыт бойы Әулиеатаның Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарын және көптеген елді мекендерін басып өткен этнографиялық керуен Мойынқұм ауданына келді.
Аймақтар • 28 Маусым, 2017
Бағдарламаның Риддердегі алғашқы түлектері
22 студенттің 14-і еңбекпен қамтылды
Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған шабысыңыз жиған білімге байланысты. Білім – ырыстың тізгіні. Ырысты тал бесіктен жер бесікке дейін іздейтін уақыт туды. Өйткені, білгірге ділгірлік бар. Тестілеу қортындысы бойынша жоғары оқу орындарына құжат тапсыратын талапкердің өмірлік мақсат-мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін айқындауы. Сондықтан мамандық таңдауға бейжай қарауға болмайды.
Аймақтар • 28 Маусым, 2017
Ардагер журналистер ардақталды
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні құрметіне Алматыдағы «Вивальди» мейрамханасында бір топ ардагер журналист Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңес тағайындаған «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалімен марапатталды.
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Көк пен жерді жалғаған «KazSat»
Бұл күні басқалардан гөрі БАҚ өкілдерінің еңбегі ерекше аталып жатады. Оның өзіндік себебі де бар. Өйткені, алғашында бұл күн журналистердің жеке мерекесі болатын. 28 маусым − БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн. Бірақ кейін журналистер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді. Ал қазір мерекенің 28 маусымға белгіленген толық атауы − Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні. Тәуелсіз Қазақстанның ақпарат саласындағы орасан жетістігі ғарыш саласымен тікелей байланысты. Көк мен Жердің арасына көпір салған ғарыш саласының мамандары нағыз байланыстың тұтқасын ұстап отырғандай. Ыбырайшаласақ, «айшылық алыс жерлерден, көзді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызған» «өнер-білімі бар жұрттар», міне, осы саланың майталмандары.
Көк байрақ көк аспанда желбіреді. Қыран құс құлашын кере қалықтады. Халқына тәуелсіздіктің туын ұстатқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі тарих бетіне алтын әріппен терілді. Жүректі кернеген қуаныш, бақыт, азаттық елімен етене Елбасы елдік қатынастарды нығайту жолына түсті.
Аймақтар • 28 Маусым, 2017
Есіл ердің бақилық болар алдында айтқан ақтық сөзі
Медицина • 28 Маусым, 2017
Полицияның оң имиджін қалыптастыру маңызды
Қазір жаңалығын жайсыз хабармен бастайтын теледидардың, рейтинг қуалаған сансыз сайттың бетін ашсаңыз, күніне кем дегенде бес-алты қылмыстың «жай-жапсарына» қанып, заманыңызға налып, жүйкеңіздің жұқарған қалыпқа түсетіні анық. Сонда жағымсыз оқиғаларды жар салғаннан ұтарымыз не? Әлде көпшілік тарапынан қылмыстық ақпараттарға деген сұраныс артып келе ме? Қылмыс атаулының «жетпіс жеті атасы» жайлы ақпарат тасқыны қоғамның түзелуіне емес, керісінше, бұзыла түсуіне ықпал етіп отырған жоқ па?
Қазақстан • 28 Маусым, 2017
Салаға байланысты заң жетілдіріледі
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраевтың жетекшілігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұсаукесері өтті. БАҚ және телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қоса алғанда басқа да түйткілді мәселелерді реттеу мақсатындағы құжатты Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев таныстырды.
Парламент • 28 Маусым, 2017
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында негізінен үш мәселе қаралды.
Әдебиет • 28 Маусым, 2017
Бұл – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық аренадағы медиаторлық қызметіне арналған «Бітімгерден» кейінгі екінші кітап
Парламент • 28 Маусым, 2017
Бүгін Сенат депутаттарын сайлау өтеді
Бүгін Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтеді. Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша Сенат депуттатығына үміткерлердің саны – 38. Дауыс берудің әділ демократиялық үдерістерге сай өтуін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген 288 байқаушы бақылайды.