Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Атыраулықтар ағылшын тілін тегін үйренеді
Жаңа жобаны «Білім орда Болашақ» қоғамдық қоры «ЭксонМобилҚазақстан» компаниясының демеушілігімен қолға алған.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Атырау жастары құран оқып жарысты
Атырау қалалық жастар ресурстық орталығы «Құран жарыс» өткізді. Жас жамағаттар арасындағы бұл байқау биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған 12-24 жас аралығындағы мешіт шәкірттері қатысты.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Атырауда балық аулау жарысы өтті
Атырауда әуесқой балық аулаушылар сынға түсті. Алғаш рет ұйымдастырылған қалалық жарысқа қатысу үшін Жайық өзенінің жағасына 73 балықшы жиналды.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Н.Нығматулин мен Корея Елшісі ЭКСПО-2017 өзектілігін атап өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэсик Кимді қабылдады.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
ЭКСПО қонақтары оңтүстікке келеді
Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі кезінде Оңтүстік Қазақстан облысына үш ай ішінде жүз мыңнан астам туристер келеді деп болжануда.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Атырау емханаларына «Электронды кезек» жобасы енгізілді
Атырау қаласындағы №3 емханада «Электронды кезек» пилоттық жобасының таныстырылымы өтті. Медицина мамандарының кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қатысты.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Алтын – құрмет пен міндеттің белгісі
«Мектепті алтын белгіге бітірген!» Оқушыға әлдекімді үлгі қылмақ үшін ең жиі айтылатын сөз осы шығар, сірә. Тіпті, әр мектептің көрсеткіші алтын белгі берумен өлшеніп жатады. «Соңғы рет осыдан бәлен жыл бұрын бізден де алтын белгі шығып еді», деп күрсіне сөз қылып отыратын ауыл тұрғындары еске түседі (Алтын белгінің көбі қаладан шығатынын да айтпай кетуге болмайды). Демек, алтын белгі мектеп бітіруші үшін ғана емес, былайғы жұрт үшін де маңызды болғаны ғой. Күні ертең кімнің қай салада, қандай дәрежеде жүрерін кім білсін, бірақ, «Ол мектепті алтын белгімен бітірген» деген атақ санаулылардың ғана еншісіне айналады.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
ОҚО-да ауыл шаруашылығы бағытында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды
Оңтүстік Қазақстан облысында шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында 8 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.
Бокс • 20 Маусым, 2017
Боксшы Димаш Ниязов Астанада жекпе-жек өткізеді
Кәсіпқой бокста бірде-бір жеңіліс көрмеген жерлесіміз Димаш Ниязов Астанада алғашқы кездесуін өткізеді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Елімізде жел мен күн энергиясын өндірудің әлеуеті жоғары – сарапшылар
Қазақстан көмір, газ бен уранның қорына бай. Сондай-ақ, елімізде жел мен күн энергиясын өндірудің әлеуеті жоғары. Бұл туралы Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресінің екінші күні ұйымдастырылған жиында қазақстандық компания өкілдері айтты.
Президент • 20 Маусым, 2017
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Ақышев: Экономиканы долларландыру – үлкен проблема
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев елдегі долларландыру мәселесін үлкен проблема деп атады. Ол бұл процесті жүзеге асыруға қандай күш талап етілетіндігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бокс • 20 Маусым, 2017
Головкин: Сондерсті бәрі біледі, ол сайқымазақтың өзі
Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Лондондағы Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) біріккен баспасөз мәслихатында WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) күтпеген жерден пайда болуына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған сайт ашылады
Рухани жаңғыру мен қоғамдық келісімді нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында Астанада ҚХА Журналистер клубының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: сананың ашықтығы» атты кеңейтілген отырыс өтті.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Елбасы ЭКСПО-дағы Финляндия павильонының ашылуына қатысты
Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен бірге Финляндияның ұлттық павильонын аралап көрді, деп хабарлайды akorda.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Түрмедегі қыз-келіншектердің өлеңдер жинағы жарық көрді
Солтүстік Қазақстан облысының орталығында орналасқан «ЕС-164/6» түзету мекемесінде 200-ге жүзге жуық қыз-келіншек жазаларын өтеп жатыр. Тағдырдың жазуымен өмірдің түрлі қиындықтарын бастан кешірген нәзік жандылардың арасында өлең жазумен айналысатын таланттылары мен талаптылары аз емес.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
«Аналар үйінен» пана тапқандар
Жалғызбасты аналарды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ететін үй бар екендігін білесіз бе? 2013 жылы белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың бастамасымен Астанада қанатқақты жоба ретінде алғашқы «Аналар үйі» ашылған болатын.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
СҚО-да БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді
Облыстық ішкі істер департаментінде республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін марапаттау іс-шарасы өтті.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Фидель Кастроның ұлы: ЭКСПО көлемімен таңқалдырады
Астанада өткен дүниежүзілік инженерлер конгрессі мен ғалымдардың ресми баспасөз конференциясында кубалық физик-ядрошы Фидель Кастро Диас-Баларт ЭКСПО, Астана және ғылымның адамзат үшін маңыздылығы туралы айтты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әдебиет • 20 Маусым, 2017
Киікті ысқырып атқан, жауын оятып шапқан...
«Ұлттық код» деп жатырмыз. Сол кодыңыз – бабаларымыздың баяғыдан келе жатқан сөзінде жатыр. «Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз» деп Ахмет атамыз айтқандай, ол сөздер істеген ісінен қорытылып шыққан түйіндер. Ендеше, оны бабалар болмысы, сипаты деп айтамыз.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Елордада Ақмола облысының күндері өтеді
2017 жылғы маусымның 20-25 аралығында Астана қаласында Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған Ақмола облысының Мәдениет күндері өтеді.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
40 литр бояу жұмсалған картина
Астанадағы төрт қабатты тұрғын үйдің тұтас қабырғасына салынған сурет көпшіліктің таңданысын туғызды. Бұл қырғызстандық әйгілі DOXA арт группасы мен қала әкімдігінің бірлескен жобасы.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Астананың кейбір көшелерінде электр энергиясы өшіріледі
20-21 маусым күндері елорданың кейбір аудандарында электр энергиясын беру жоспардан тыс тоқтатылады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Бүгін Астанада ауыз су беру уақытша тоқтатылады
2017 жылдың 20 маусым күні қаладағы кейбір үйлерді ауыз судан ажырату жоспарлануда. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
СҚО әкімі австралиялық инвесторлармен кездесті
Қызылжар өңірі жерасты қазба қорларына бай. Оны игеруге алыс-жақын шетел компаниялары зор қызығушылық білдіріп отыр.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
ОҚО-да 6500-ге жуық мемқызметкер кешенді аттестаттаудан өтті
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев мәлім етті.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Медициналық сақтандыру: әлемдік тәжірибе мен дербес таңдау
Тесік қайық. Адам баласының өз қалыбындағы үйреншікті өміріне өзгерістер енуіне секемдене қарайтыны жасырын емес. Жаңалықты дүниеде үміттен гөрі күдікке бой алдырып, осы мәселе қалай болар екен, артық қыламыз дегенде бұрынғымызға жылай көрісіп жүрмейміз бе деген ойлардың мазалайтыны бар. Әрі оның көпшілікті бейжай қалдырмайтын оқу-білім, денсаулық тәрізді салаларға қатысы болса алаңдамайтын жан жоқ. Оның үстіне еліміздің тарихында бұрын да міндетті медициналық сақтандырудағы қолайсыз тәжірибе еске түскенде күпті көңілдегі қою тұманның тұтасып, сейілмей жатып алатынын қайтерсіз. Енді ойша алғашқы сақтандыру енгізілген уақыттағы медицинамен қазіргі осы саладағы ахуалды көктей шолып өтсек.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
«Шеңбер» – қара тасына дейін тарихтан сыр шертетін қасиетті Ұлытаудың бір пұшпағы. «Кейкінің үңгірі» осы ауылдан ат шаптырым жерде.
Қантөгісті Қазан төңкерісінен кейін орыстың талай озық ойлы тұлғалары амалсыз шекара асқаны белгілі. Әйгілі әнші Шаляпин, көрнекті композитор Рахманинов, атақты жазушы Бунин секілді, суретші Рерих те ақ пен қызыл айқасқан аласапыран кезінде елден безіп, эммиграцияға кетті.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Жайдарманның алғашқы мүшелі тойланды
Жастардың ең сүйікті ойыны – Жайдарман мүшел жасқа келді. Сонау 2005 жылы 29 маусымда ең алғаш рет тойланған Жайдарманның туған күні жыл сайын «Астана күні» қарсаңында дәстүрлі түрде өтіп келеді. Сол дағдыдан жаңылмай, кеше де «Астана концерт залында» атап өтілді.