Соңғы жаңалықтар
Бизнес • 19 Маусым, 2017
Шаруалар мақта зиянкестерімен биологиялық тәсіл арқылы күресуде
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу» институтында мақта көбелегі және өрмекші кенеге қарсы биологиялық және химиялық күрес шараларын ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары бойынша семинар-кеңес өтті.
Қаржы • 19 Маусым, 2017
Ақышев Ұлттық қордан банктерге бөлінетін қаржының қайда жұмсалатынын айтты
Ұлттық банк өкілдері акционерлеріне капиталға міндетті түрде ақша құю туралы шарт қойды.
Бокс • 19 Маусым, 2017
Бейбіт Шүменов спортпен қош айтысты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов ресми түрде карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.
Бизнес • 19 Маусым, 2017
Ірі бизнеске жыл сайын 600 млрд. теңге ҚҚС қайтарылады
Ірі бизнеске жыл сайын 600 млрд. теңгеге жуық қосылған құн салығы қайтарылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтав мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет • 19 Маусым, 2017
Ұлттық компаниялар Үкіметтің келісімісіз сырттан қарыз ала алмайды
Алдағы уақытта бюджет тапшылығы тек ішкі ресурстардың есебінен қаржыландырылады. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет • 19 Маусым, 2017
Қаржы министрі қаражатты нақты экономикаға тез жеткізудің жолдарын атады
Квазимемлекеттік сектордың шоттарында жатқан қаражаттарды игеру регламенттеледі. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Теннис • 19 Маусым, 2017
Зарина Дияс ITF турнирінде топ жарды
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ұлыбританияның Манчестер қаласында өткен ITF турнирінде топ жарды.
Парламент • 19 Маусым, 2017
Қ. Тоқаев «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін Швейцарияға алғыс айтты
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның сыртқы істер жөніндегі федералдық кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтермен жұмыс бабында кездесті.
Қазақстан • 19 Маусым, 2017
Мәдени өмірге сән берген жәрмеңке
Астанада екінші жыл қатарынан «Фолиант» баспасы тарапынан ұйымдастырылған «Eurasian Book Fair – 2017» халықаралық көрмесі кеше аяқталды. Үш күнге созылған көрме-жәрмеңкеде әлемнің 20 шақты елінен келген баспагерлер мен полиграфия саласының, түрлі компаниялардың өкілдері ең алдымен елорда жұртшылығына сиясы кеппеген кітаптардың шоғырын ұсынды.
Театр • 19 Маусым, 2017
Маңғыстаудың Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театрында Әбіш Кекілбайұлының повесі желісімен Саха Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі режиссер Быйаман Уола Сэргэ Обокуун (Сергей Потапов) сахналаған «Шыңырау» драмасы Үстірт даласындағы құдықшылық кәсіптің қыр-сырын сипаттайды. «Сахнадан сәлем!» халықаралық театр фестивалі аясында қойылған сахналық туынды негізінен халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеуімен құнды саналады.
Театр • 19 Маусым, 2017
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Опера» театры «Қазақ әуендерімен» бірлесіп, Бейбітшілік және келісім сарайының алдында Дж.Вердидің «Аида» операсын сахналады.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Шымкентте ашық аспан астындағы мұражай бой көтермек
Шымкент қаласындағы ескі қалашықта ашық аспан астындағы мұражай болады. Қалашықтың тағдыры жөніндегі мәселе соңғы бірнеше жыл бойы қозғалып келген еді. Енді, міне, арнайы бағдарламаның нәтижесінде бұл тарихи ескерткіш туристер мен көненің көзіне қызығатын жандар үшін ерекше орынға айналмақ. Көне қалашық маңында соңғы ондаған жыл бойы салынған құрылыс нысандары сүріледі. Олардың орнына қорған-қабырға соғылатын болады.
Ақтөбе облысында тілшілік қызметте жүрген әріптесіміз Темір Құсайын "Егемен Қазақстан" менің бәйтерегім деп жүрген тегеурінді журналистердің бірі.
Кез келген ғылым саласында «тұлға» мәселесінің де өзектіленуі осы кезеңге тікелей қатысты. Қазақ ғылымының ғылыми айналымына әлдеқашан еніп кеткен «элиталық тұлға» ұғымының түпкі мәні «элита» сөзі білдіретін мәнімен тікелей байланысты. Француз тілінен аударғанда «күшті», «таңдаулы», «іріктелген» деген мағынаны білдіретін «элита» сөзінің түсінігі де әртүрлі. Элитаға тиесілі деп саналатын әрекет, өнімділік, белсенділік Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың бала кезінен басталып, өмір белестерінің қай кезінде де серік болған.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Петропавлда газ бағасы көтерілмек
«Горгаз-Сервис» ЖШС басшылығы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне газ бағасын 19,8 пайызға көтеру жөнінде өтініш жасап отыр.
«Спортигте» нең бар еді, құлыным?..»
Байқай бермейміз, қазіргі қазақтар тым икемделгіш болып барады. Сонда жақсылыққа икемделгіш болса жарайды ғой, бірақ қайдағы бір «әсіре қызыл – тез оңар» дейтін дүниелерге еліктегіштігімізді, құмарлығымызға не айтасың. Осының өзі Президент айтқан ұлттық кодымызды жоғалта бастағанымыздың көрінісі емес пе екен?
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Сенбі күні Қарағандыдағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығы асқақ рухтың алаңына айналды. Жас сарбаздардың басын қосып, бағын сынаған «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиыны салтанатты жағдайда өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған айбынды сарбаздар жиынының шешуші кезеңіне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев қатысты.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Петропавл халықаралық әскери институтын 209 офицер бітіріп шықты
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Альберт Мәткәрімов, облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев, соғыс, еңбек ардагерлері, ата-аналар қатысты.
Интернетке иліге беруге болмайды
Өткен жолы Астанадағы «Ана мен бала» орталығында дәрігер Қарлығаш Төлеубайқызымен әңгімелесіп қалдық. Сонда жүктілік патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі ақпарат қолжетімділігінің кейде пайдасымен қатар зиян екенін айтып қалды.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Түйткілді мәселелердің түйінін тарқату керек
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы саяси кеңес бюросының отырысында қаралған мәселелердің ішінен екеуіне жеке-дара тоқталуды жөн көрдік. Өйткені, бүгінге дейін «жақсысы асырылып, кемшіні жасырылып» келген қос сала әлдеқайда түйткілді болып шыққанын талқылау барысы көрсетіп берді.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Медицина қызметкерлері күніне орай Талдықорғанда «Кәсібіңе басымды ием» атты салтанатты жиын өтті.
Медицина • 19 Маусым, 2017
«Маған операцияны Башабаев жасасыншы...»
Ол туралы әріптестері бір-ақ ауыз сөз айтады. «Мықты дәрігер!». Ал шипалы қолын сезінген жандар «Алтын қолды» дәрігер» деп ағынан жарылады. Ол деп жұмбақтап отырғанымыз Шығыс өңіріндегі білікті, тәжірибелі дәрігерлердің бірі, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас хирургі Марат Башабаев.
Бокс • 19 Маусым, 2017
Бейбіт Шүменов WBA белбеуінен айырылды
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті (17-2, 11 КО) тұрақты чемпион белбеуінен айырды.
Ұлттық асхананың стандарты қажет
«Әлемдегі ең қонақжай xалық – қазақтар» деген пікірмен келіспей жүргеніме 9 жыл болыпты. 2008 жылы үш күнге Грузияға барып, қонақжайлылық жөнінде өлшемім күрт өсіп кетті. Әуежайдан күтіп алған такси жүргізушісі, грузин ақсақалының жұпыны дастарқаны емес, риясыз көңілі туралы көлдей мақала жазуға болар еді, бірақ айтарым ол емес.
ЭКСПО-2017 • 19 Маусым, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Жібек жолы павильонында орналасқан Украина экспозициясының аумағы 35 шаршы метрді құрайды. Шағын ғана аумақты еншілеген олар энергетикаға қатысты бірқатар өнертабыстарын қоюға тырысқан. Мәселен, су мен ғимараттарды жылытуға арналған күн агрегаты, жел генераторы және жарықтан энергия өндіретін қондырғы келушілерді елең еткізуде.
ЭКСПО-2017 • 19 Маусым, 2017
Жер аумағының көлемі бойынша Нидерланд Корольдігін үлкен мемлекет деп айтуға келмейді. Жер көлемі және халқының саны жағынан бұл мемлекет әлемде тиісінше 134-ші және 65-ші орындарды иеленеді. Алайда, экономикалық көрсеткіштері жағынан Нидерланд Корольдігі, бұл елді Голландия деп те атайды, дүние жүзінің көптеген елдерінен оқ бойы алда келеді. Голландия экономикасы әлеуеті жағынан әлемде 17-ші орынды, Еуропалық одақта 6-шы орынды иеленеді. Нидерланд мемлекеті еліміздің елордасында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниет білдірген алғашқы мемлекеттердің бірі.
Қазақстан • 19 Маусым, 2017
Франция павильонындағы ақынмен жүздесу
ЭКСПО көрмесіндегі ең ірі павильондардың бірінен саналатын Франция павильоны әрқашан келушілерге толы. Бұл жолы да павильонға келген көрермендер ерекше әсерлі кездесудің куәсі болды. 16 маусым күнгі түс әлетінде Франция Республикасының павильонында қазақтың біртуар перзенті, асқақ ақын Олжас Сүлейменовпен кездесу өткізілді.
ЭКСПО-2017 • 19 Маусым, 2017
Жаһандық жаңалыққа ынтыққан әлем туристерінің ат басын тірейтін орталығына айналған ару Астананың ажары арайлана түсіпті. Әсем Астананың ортасындағы болашақ қаласы – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қалашығы Арқа төсіне асыққан төрткүл дүние туристерін кідіріссіз қабылдап, қайталанбас қызықтарға кенелтуде. Маусымның 16 жұлдызындағы Астананың арайлы таңы дауылпаз үнін дүбірлеткен асқақ әуенмен үндесе атты. ЭКСПО қалашығындағы Қытай павильонының алдында шымқай қызыл ұлттық киімдерін киген қытайлық бишілер мен барабаншылар келген қонақтарды риясыз көңілмен қарсы алып жатты.
Қазақстан • 19 Маусым, 2017
Ұлттық музей Тұңғыш Президент – Елбасы қорымен бірлесіп қазақстандық танымал суретші Сәуле Сүлейменованың «Somewhere in the great steppe. Көкжиек» атты көрмесінің ашылу салтанатын ұйымдастырды.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Қарауылдағы қымызқұмарлар қоғамы
Абай ауданының орталығы – Қарауыл ауылында осындай бір ерекше қоғам бар екен. Мұны әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің елдегі сенімді серігі болған, «Дана Мұхтардың дара шәкірті» атанған, қаламгер Кәмен Оразалиннің ұлы Елдар ағамыздан әңгіме арасында естідік.