Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 02 Маусым, 2017
Тәуелсіздігіміздің айшықты белгілері
Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негіздерінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді», деген болатын. Расында, егемен еліміздің дербес мемлекет екенін көрсететін мемлекеттік рәміздер екені анық. Осы орайда біз Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Үнзила ШАПАҚҚА жолығып, рәміздеріміздің конституциялық-құқықтық негіздері туралы айтып беруін өтінген едік.
Театр • 02 Маусым, 2017
Көрермен «Қасіретті» жылы қабылдады»
2000 жылы 15 маусымда Елбасы тұсауын кесіп, шымылдығын ашқан С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының іргетасын сол жылы Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясын бітірген 23 түлек қалаған болатын.
Қаржы • 02 Маусым, 2017
Медициналық сақтандыру қорына жыл сайын қанша қаражат жұмсалады?
Медициналық сақтандырудың барлық қызметіне жылына 600 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Әлем • 02 Маусым, 2017
Манилада қонақүйге шабуыл жасалып, 34 адам қаза тапты
Филиппинде батыс туристері ең көп баратын Resorts World Manila қонақүй кешенінде атыс пен жарылыстар болған, деп хабарлайды Reuters.
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Астанада "Жаһандық түрлену жағдайындағы Орталық Азия" атты xалықаралық конференция өтуде
Бүгін Астана қаласында "Жаһандық түрлену жағдайындағы Орталық Азия" атты тақырыпта Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы мәселелеріне арналған Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының XV жыл сайынғы конференциясы өтіп жатыр.
Қаржы • 02 Маусым, 2017
Ақтөбе облысында мұнай ұрлығынан 7 млрд теңге шығын келді
Ақтөбе облысы аумағында шикі мұнай ұрлау көріністері толастар емес. Өзгесін айтпағанда, тек «Сағыз Петролеум» компаниясына қарасты кен орнында 530 тонна мұнай ұрланғаны белгілі болып отыр.
Қазақстан • 02 Маусым, 2017
Егемен еліміздегі айтулы даталардың бірі – 1992 жылдың 4 маусымы. Бұл күні Президент Жарлығы бойынша Мемлекеттік рәміздер күні белгіленген әрі бекітілген. Оның отандастарымыздың ой-санасына тәуелсіздік пен елжандылық талаптарын орнықтырудағы орны айрықша.
ЭКСПО-2017 • 02 Маусым, 2017
ОҚО шаруалары Ресейге 300 тонна қарбыз экспорттады
Оңтүстік Қазақстанда қарбыз пісті. Өңір шаруалары бүгіннің өзінде 300 тонна қарбыз - алғашқы өнімді Ресей асырып үлгерді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстанда балалардың «Шабыт шеруі» өтті
Балаларды қорғау күніне арналған «Шабыт шеруі» мерекесі балалар және жастар музыкалық ансамблінің парадымен ашылды.
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Астанада салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көлік қозғалысы шектеледі
7 маусымнан 12 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан астам барлық жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл шектеу тек өндіріс аймақтарына қатысы жоқ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Республикамыздың шалғай аудандарының бірі Ырғызға журналистік іссапармен барғанымызда өңір жұртшылығы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты байыпты пікір білдіргендеріне куә болдық. Олар бізге пайымды да парасатты дүниеден туындаған өз ойларын жеткізді. Солардың бірқатарын газет оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Қаржы • 02 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстанға қытайлық инвесторлар мол қаржы құймақ
Қытайлық қаржыгерлер бірлескен озық жоба аясында Тайынша ауданында май зауытын салуға кірісті. Болашақта Қазақстан мен Қытай шекарасында логистикалық база, ал Сиань шаһарында сауда кешені бой көтермек.
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
«Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның төрайымы Солтүстік Қазақстанда болды
Облыс орталығында 13 мыңнан астам адам баспана алу кезегінде тұр. Соңғы төрт жылдың ішінде 955 пәтер пайдалануға берілсе, биыл “Нұрлы жер” бағдарламасы шеңберінде 1003 пәтерлік 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлады
Халықаралық балаларды қорғау күні облыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің әйел ұстаздары мен діни сауаттылық курсының шәкірттері қаладағы ауруханаларда емделіп жатқан мүгедек балаларға барып қайтты.
Әлем • 02 Маусым, 2017
Трамп климат жөніндегі Париж келісімінен АҚШ-тың шығатынын мәлімдеді
Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп климаттық өзгерістер мен қоршаған ортаға көмірқышқыл газын шығаруды азайту туралы 2015 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған «Париж келісімінен» шығу туралы құжатқа қол қойды.
Қазақстан • 02 Маусым, 2017
Нұрғали Нүсіпжанов: Жаңғыруға апаратын жарқын жол
Болашақта қазақ тілінің бағы жанып, еліміздің ақпараттық алаңы ел игілігіне алаңсыз қызмет ететін деңгейге көтерілетініне ел сенімі арта түсті.
Қазақстан • 02 Маусым, 2017
Дін істері және азаматтық қоғам министрі халықпен кездесу өткізеді
Үстіміздегі жылдың 16 маусымында сағ. 11:00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында (Астана қ., Д.Қонаев көш., 4) Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халықпен есептік кездесуі өтеді.
Әлем • 02 Маусым, 2017
Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді
ҚХР президенті Си Цзиньпин Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне және EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Лу Кан хабарлады.
Жекпе-жек • 02 Маусым, 2017
Ережесіз жекпе-жек спорт түрінен әлемдік рейтингте «Ultimate Fighting Championship» яғни, UFC көш бастап тұрған тұжырым.
Парламент • 02 Маусым, 2017
Ашықтық қолжетімділікті қамтамасыз етеді
Парламент Мәжілісінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94, 95 және 96-қадамдарын орындау шеңберінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның іске асырылу барысы туралы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан • 02 Маусым, 2017
Астана туралы жаңа кітап таныстырылады
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлттық тарихшылар конгресінің хатшысы, тарих ғылымының докторы, Еуразия Ұлттық универсиетінің профессоры Зиябек Қабылдиновтың «Астана: өткені және бүгіні» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің баспасөз қызметі.
Парламент • 02 Маусым, 2017
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда бірінші кезекте 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттама ратификацияланды.
Қазақстан • 02 Маусым, 2017
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
«Қазгидромет» РМК 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Әдебиет • 02 Маусым, 2017
«Ежелгінің аңызы – ескергенге маңызды» немесе өлең туралы ой
«Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең...». Алғашқы демің – өлең, ақырғы сөзің – өлең. Абай жарықтық өлеңтанудың алғышарттарын айтқан тұста қазақтың талғамы, танымы, түйсігі, білімі (бәрін әдеби деп қабылдарсыз) қай шамада болғанын бүгін тым жеңіл бағалап, оңай бағамдап, шорт кесеміз. Ол заманда қазақ өлеңді саудалапты...
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Өркендеген өңірдің өнерпаздары-ай!
Қостанай қаласындағы «Мирас» Мәдениет үйінің концерт залында ине шаншар орын болған жоқ. ХХХІ облыстық «Қуатты Қазақстан – шуақты Қазақстан!» атты көркемөнерпаздар халық шығармашылық фестивалінің қорытынды концертіне қостанайлықтар тайлы-тұяғы қалмай келген тәрізді.
Театр • 02 Маусым, 2017
Бейбітшілік және келісім сарайында Шыңғыс Айтматовтың «Арманым, Әселім» повесі желісімен танымал режиссер, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов сахналаған Қазақтың мемлекеттік академиялық Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасының премьерасы өтті.
Аймақтар • 02 Маусым, 2017
Қылмыскерді құрықтаған қос қыран
Ерлік есеппен жасалмайды. Ол әр адамның өмір жолында кездесетін күрестен туындайтын нәтиже. Ерлік қоғамда азаматтың ерен тұлғасын қалыптастырады, биік болмысын сомдайды. Бейбіт күнде ел арасын алатайдай бүлдірген бұзақылардың жолын кесу де ертеден ерлікке саналады. Себебі, адам тағдырының құрбандығы орын алуы мүмкін жағдайда жасалған ерлік ешқашан еш кетпейді.
Қазақстан • 02 Маусым, 2017
Әскери ведомство басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған комиссия арнайы операциялар күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерін тексерді.
Сіз таңдаған мамандығыңыз бойынша жұмыс істейсіз бе? Бірде құрбым «Жақсы көретін жұмысымды әлі таппадым, тіпті маған қандай мамандық лайық екенін де білмеймін», деді. Ол университет бітіріп, шет елде магистратура тәмамдап келген, ағылшын тілінде еркін сөйлейтін, өз жұмысына тиянақты, жауапты, кәсіби деңгейі жоғары маман болатын.
Бизнес • 02 Маусым, 2017
Жаңа технология жемісін жегізуде
Мақтамен даңқы шыққан Мақтаарал ауданына көкала көктем, сарыала жазда еткен еңбектің несібесін жинайтын қоңыр күзде барсаңыз қалың тойдың үстінен түсер едіңіз. Басына орамал жапқан келіндер табалдырық аттап жатады. Ақ күнекесі алыстан жарқыраған еңселі үйлерде қоныс тойы өтеді. Қай шаңырақты аттасаң да жүзі жарқын жандарды көресің. Тамақ тоқ, көйлек көк, тоқшылық иісі бұрқыраған ауыл «қайран, алтын ұям-ай» дегізеді.