Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 20 Мамыр, 2017
Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Астана қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып Қамалжан Надыров тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2017
Еліміздің солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады
Еліміздің батысында және қиыр солтүстігінде атмофералық ағымдардың өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болады деп болжануда. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс аймағының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі, оңтүстік-шығыста тұман болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2017
Қарағандыда мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталды
Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақтағы мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтап, арнайы сыйақымен марапаттады.
Үкімет • 19 Мамыр, 2017
Үкімет басшысы ЭКСПО-2017 нысандарының әзірлігін тексерді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017-нің басты нысаны – Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық павильонына, Конгресс орталықтың концерт залы мен амфитеатрына және Конгресс қонақүйге барды.
Театр • 19 Мамыр, 2017
Жастар театрында Нұрқанат Жақыпбаевтың спектаклі қойылды
Астанадағы Жастар театрында режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың «Егер де мен...» атты спектаклі көрерменге жол тартты. Монолог пен әуезді әнге құрылған қойылым − адамның ішкі жан тебіренісін, жүрек түкпіріндегі ойын тап басып жеткізе білуімен құнды.
Бизнес • 19 Мамыр, 2017
PR-форум: Компаниялардың билікпен байланысын дамыту қажет
Бүгін Қазақстандағы PR күндер аясында өтіп жатқан жыл сайынғы ХІІІ Халықаралық PR-форумы мәреге жетуге жақын.
Әлем • 19 Мамыр, 2017
Қазақстан елшісі Рим папасына сенім грамотасын табыстады
Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Же¬нева қаласындағы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұй¬ымдар жанындағы Қазақстан Рес¬публикасының Тұрақты өкі¬лі Жа¬нар Айтжанова Ватиканда Рим папасы Францискке сенім грамотасын табыстады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Бизнес • 19 Мамыр, 2017
PR-форумда бүгін мәдени коммуникациялар мәселесі талқыланды
Бүгін Алматыда ХІІІ Халықаралық PR-форумының жұмысы аяқталып келеді. Intercontinental қонақ үйінде өтіп жатқан шара биыл «Сынаққа толы PR жылы» тақырыбын талқылап отырғанын бұған дейін де баяндағанбыз.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2017
Оңтүстік Қазақстанда 363 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды
Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін экономиканың жаңа драйверіне айналдыру бағыты бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 363 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
Үкімет • 19 Мамыр, 2017
А.Мырзахметов ормандағы өрт қаупіне дайындық мәселелерін талқылады
Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен орман иеленушілердің 2017 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық мәселелері бойынша бейнебайланыс арқылы кеңес өтті, деп хабарлайды primeminister.kz
Аймақтар • 19 Мамыр, 2017
Алматы облысында лай көшкіні жүрді
Алматы облысы Талғар ауданында лай көшкіні жүріп өтіп, «Спутник» демалыс орнын басып қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Бокс • 19 Мамыр, 2017
Елеусінов: Промоутеріміз өз уәдесін орындай алмады
Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов MJA Entertainment’s компаниясымен келісімшартын не себепті бұзғанын түсіндіріп берді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Парламент • 19 Мамыр, 2017
Қ.Тоқаев Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісін қабылдады
Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісі, Ислам зерттеулері орталығының төрағасы ханзада Түрки әл-Фейсал бен Абдель-Азиза әл-Саудты қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2017
Шалғайдағы Шұбартау. Жабылған ауданның жағдайы алаңдатады
Осыдан 45 жыл бұрын сол кездегі Семей облысы, Шұбартау ауданының комсомол ұйымы бастама көтеріп, мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге шақырған еді. Бұл бастама Одақ көлемінде қолдау тауып, сол қолдаудың арқасында шалғайдағы Шұбартауға жарық келіп, теледидар қосылып, Аягөз бен Қарағанды бағытына күре жол салынғанын аға буын өкілдері жақсы білсе керек. Ал ...45 жылдан кейін кезінде мыңғыртып мал баққан Шұбартау өңірінде қой бағатын жастар қалмады дегенге біреу сенер, біреу сенбес. Шамамен қырық бес жыл бұрын салынған жол да сол салынғаннан бері жөндеу көрмеген болар, сірә!
Қазақстан • 19 Мамыр, 2017
Мемлекеттік хатшы шығармашыл жастар өкілдерімен кездесті
Кездесуге Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, жас дарындар – жазушы Б.Сарыбаев, ақын Қ.Омарова, суретші К.Бекмұрзаева, мүсінші Л.Кочетов, театр және кино актерлері Ә.Ахметов, Ж.Мақажанова, Н.Ли, пианист Р.Әбдісағин, балет солисі Б.Адамжан, әнші И.Кайсиди және дирижер Қ.Омаров қатысты.
Қазақстан • 19 Мамыр, 2017
Қазақ ұлттық университетінде Наурыз мерекесі өтті
Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінің “Шығыс жұлдызы” үйірмесі аясында халықаралық қатынастар мамандығының 3 курс ХҚ51 қазақ тобының ұйымдастыруымен қазақтың төл мерекесі Наурыз мейрамына байланысты арнайы іс-шара өтті.
Бокс • 19 Мамыр, 2017
Елеусінов пен Дычко MJA Entertainment's промоутерлік компаниясымен келісімшартын бұзды
Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Иван Дычко Австралияның промоутерлік компаниясымен келісімшартын бұзғанын растады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2017
Оңтүстікте индустриаландыру аясында 17 жоба ашылады
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылуы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында брифинг берді.
Әлем • 19 Мамыр, 2017
Канн кинофестивалінде Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды
70-інші Канн кинофестивалінде (Франция) отандық киноиндустрия тарихында алғаш рет Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Алғашқы қазақстандық павильон фестиваль сарайындағы Le Village International кино нарығы алаңында орналасты.
Үкімет • 19 Мамыр, 2017
1 маусымнан бастап Астанада екі жаңа автобекет жұмыс жасайды
ЭКСПО-2017 кезінде жолаушыларды үздіксіз тасымалдау үшін Астанада екі жаңа автобекет ашылады, онда тәулік сайын еліміздің өңірлерінен 400-ге дейін автобус келеді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлім етті.
Әлем • 19 Мамыр, 2017
Қытай жаңа әскери тікұшақты сынақтан өткізді
Қытайдың жаңа «Чжи-19Е» әскери тікұшағы бүгін сынақтан сәтті өтті деп хабарлайды «Синьхуа» ақпарат агенттігі.
ЭКСПО-2017 • 19 Мамыр, 2017
EXPO-2017 билеттерін қалай тегін алуға болады?
Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр ЭКСПО билеттерін тегін алудың жолдарын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақ» газетінде жарияланған «Бостандық мектебі» атты мақалаға 100 жыл толды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті ұйымдастыруымен Алашорда үкіметінің 100 жылдық мерейтойы аясында 2017 жылдың 20 мамыры күні ұлт ұраны – «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 11 маусымдағы №233 санында жарияланған «Бостандық мектебі» атты мақаланың жарық көргеніне әрі «Бостандық» мектебі ашылуының 100 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық семинар өтеді.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2017
Негізінде Екібастұз тарихи-өлкетану музейі Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімшесі. Бүгінде мұндағы жәдігерлер 25000 бірлікті құрайды.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2017
Олжас Сүлейменов жастармен кездесті
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ақын Олжас Сүлейменовтің шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2017
Қызылжар өңірінің диқандары көктемгі дала жұмыстарына жаппай кірісіп кетті. Басты міндет – жауапты науқанды агротехникалық талаптарға сай ұйымшылдықпен өткізе отырып, 3,9 миллион гектар алқапқа дәнді уақтылы сіңіру.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2017
Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Министр мен облыс әкімі Жаңақорған, Шиелі аудандарына барып, бірқатар ауылшаруашылық құрылымдарын аралады.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2017
Жуырда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бас корпусының жанынан профессорлар аллеясы ашылды. Аталған оқу орнының негізін қалаушы академик Әбілқас Сағыновтың ескерткіші маңындағы саябақта 35 түп қарағай отырғызылды.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2017
Біліктілікке талап күшейіп келеді
Соңғы жылдары мемлекеттік қызметшілерге қойылар талаптар айтарлықтай күшейтіліп, соған сәйкес олардың біліктілігін арттыру мәселесі де жолға қойылып келеді. Осыған орай, Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың мән-жайы кеңінен сөз етілді.
ЭКСПО-2017 • 19 Мамыр, 2017
Инвестициялар және даму вице-министрі: EXPO-2017 көрмесіне күн сайын 20 мың адам келеді
ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың айтуынша, Астанада ЭКСПО Халықаралық көрмесіне 2 млн 450 мың адам келіп кетуі тиіс. Соның ішінде ел аймақтарынан келетін 1 миллион 800 мың адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.