Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 17 Мамыр, 2017
ОҚО-да Елбасы мақаласы аясында «Билерге тағзым» велошеруі өтті
Таяуда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасы бойынша облыс әкімдігімен бірлесіп, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Билерге тағзым» атты дәстүрлі велошеруі өтті.
Әлем • 17 Мамыр, 2017
Димаш Ева Лонгрия ұйымдастырған қайырымдылық кешке қатысты
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Париждегі Global Gift Foundation қайырымдылық кешіне қатысты.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2017
Атырауда «Жайық нұры» атты әншілер байқауы өтті
Қазақстан Республикасының халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Ғафиз Есімовтің 70 жасқа толуына орай Атырауда «Жайық нұры» атты республикалық әншілер байқауы өтті.
Үкімет • 17 Мамыр, 2017
Жалпы ішкі өнім 4 айда 3,7% өсті – Сүлейменов
ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 4 айында Қазақстанның ЖІӨ-і 3,7 пайызға өскенін мәлім етті.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Hexagon AB компаниясына қарасты Leica Geosystems AG бірлесіп «Қазақстанның өлшеуіш технологиялары саласындағы болашағы» атты көрме өткізді.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2017
«ЭКСПО»-ға 150 мың адам барады
Бұл күн сәулелі оңтүстіктен баратын адамдардың саны ғана. Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай дерек айтылды.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Әбдікерімованың әнші болмауы мүмкін емес еді. Отбасындағы бес баланың бәрі де ән салады. Бәрі де белгілі бір дәрежеде жетістікке жеткен. Оның ата-анасы да өнердің өз адамдары. Әкесі Мейрамбек Абдуллаев пен анасы Нәзира Бодыбаева музыка мектебінде дәріс беретін ұстаздар. Музыкалық қабілеті күшті, музыкалық білімі терең балалар Алматы немесе Астанада, болмаса тек үлкен қалаларда ғана көп болуы тиіс деп ойлауымыз қисынды ғой. Бірақ, сонау шалғайдағы Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты кішкентай ғана Амангелді ауылынан шығып та әлемдік сахналардан көрінуге болады екен.
Жазғы спорт • 17 Мамыр, 2017
Аманбек Түсіпханұлы Балқаштың маңындағы «Қарабұлақ» кеңшарында еңбек жолын бас экономист болып бастап, Қарағанды облысының Жаңаарқа, Абай аудандарын басқарған. Аманбек Түсіпханұлы Әбдіханов атындағы турнир елдің азаматына деген алғысы іспетті. Өзі де спортты сүйіп, соған жұртты үйіре білген азаматтың құрметіндегі жарыс биыл жетінші рет өтіп, онда Астана қаласы мен Қарағанды аймағының волейболшылары өнерлерін сынға салды.
Жазғы спорт • 17 Мамыр, 2017
Кереку спортқа мән бере бастады
ERG компаниялар тобы облыстағы түрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 3,7 миллиард теңге бөліп отыр. Алпауыт кәсіпорын алдағы жылдары жаңа меморандум аясында өңірде бірнеше спорт нысандарының бой көтеруіне үлес қоспақшы.
Бокс • 17 Мамыр, 2017
Былғары қолғаптың бағасы қанша?
Қабырғасын бір-бірлеп сөксең де қабақ шытпас ерлердің кәсіпқой бокс дейтін спортына екінің бірі бара бермейді. Жүрегінің түгі бар жігіттің сырттанына ғана жалын сипататын спорт түрі ғой бұл. Бұған әуесқой бокста терезесі тең әлдіні таппаған соң, болмаса бұл салада алмаған атағы қалмағанда ғана барады жүрек жұтқан жампоздар. Ашығын айтқанда, бұлардың түпкі мақсаты – төрткүл дүниеге атын шығару ғой, сонан соң, әрине ақша табу. Ал атақты һәм ауқатты болуға ұмтылғанның еш айыбы жоқ.
Әдебиет • 17 Мамыр, 2017
Есенғали Раушанов. Бунин (2-бөлім)
(Соңы. Басы 91-нөмірде) Бунинге 1933 жылы Швед Ғылым академиясының шешімімен Нобель сыйлығы берілді. Жұрт «Арсеньевтердің өмірі» атты повесін меңзеді. Орыс диаспорасы оның поэзиясын сүйетін. Оның махаббат лирикасын, әсіресе, ханшалар мен ханымдар ерекше бағалады. Неге әйелдер? Мұны біз білмейміз. Әсте, «Ие, бұл дүниеде (бәлкім, о дүниеде де) шын ғашық болып, өлердей сүйе алатын әйелдер ғана» дейтін сөз рас болар. Бірақ, бұл дүниеде шын сүйе алатын Ақындар ғана екенін неге мойындамайды бұл ғалам?!
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Менің екі ақсақалым бар еді, бірі – Алатау баурайында, бірі – Анапа қаласында. Алатау бөктерінде, Қарғалы кентінде тұрған Сайын ақсақал бұл дүниенің базарынан қайтқалы қырық күн болыпты. Қара теңіз жағасында, Анапа қаласында тұратын Анатолий ақсақал «жетімсіреп» (өз сөзі) қалғалы да сонша күн болған екен. Өзі де, сөзі де, түр-тұлғасы да сайын даладай мол пішілген Сайын аға әріптестерінің де әкелеріндей көретін асқары еді. Бұл қос қария – қатар қартайған қаламдас дос, баспасөздегі томағамды сыпырған тәлімгер ұстаздарым болды.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Асты-үстіне сапырылысқан жиырмасыншы ғасырдың басында ала шаңдағы аспанға көтерілген Ембіге кейіпкер іздеп келген ғажайып жазушы Константин Паустовский белуардан бейнет кешіп жүргендердің мехнатын көріп «Ерлік дегеніміз – Доссор екен ғой», деп жағасын ұстапты. Мұнай өндірудің таусылмас машақаты мен маңдайынан тер сорғалаған мұнайшылардың бейнеті мен болмысы туралы содан бері талайлар қалам сілтеді. К.Паустовскийдің қаламына іліккен мұнайлы Доссорда дүние есігін ашып, бүкіл саналы ғұмырын еліміздегі мұнай өндірісі саласына арнаған Құмар Балжановтың есімі замандастары арасында үлкен құрметпен аталады.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Мәдени серіктестік даму үстінде
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек», деп атап өткен еді.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Қарағандылық қос ақын Мирас Асан мен Жадыра Байбұланова алматылық оқырмандарымен кездесті. Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында өткен «Егіз лебіз» атты жыр кешіне ерлі-зайыпты қос ақынның оқырмандары мен әріптестері, шығармашылықта тілеулес болып жүрген аға-әпкелері мен замандастары қатысты.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
«Белдеу және жол»: алғашқы нәтижелер не дейді?
Қазақстан әлемдік деңгейдегі маңызды форумдарға, бәсі биік басқосуларға белсене атсалысып, сол жиындардың мінберлерінен өзінің ұстанымын, бағыт-бағдарын ашық, бүкпесіз түрде жариялап келеді. Бұл өз кезегінде еліміздің беделін өсіріп, халықаралық қоғамдастықтағы орнын нығайта түсуге оңтайлы ықпалын тиігізуде.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Димаш Құдайберген Парижде қайырымдылық кешке қатысты
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Париждегі Global Gift Foundation қайырымдылық кешіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Адам құқығын қорғау – өркениетті елдің міндеті
Бізге жыл сайын 1500-ге жуық арыз түседі. Оларда негізінен қоғам өмірінің барлық саласына қатысты мәселелер қозғалады. Нақтылай айтқанда, олардың негізгі бөлігі құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне (30%), сот шешімдеріне (28%) және жергілікті билік органдарының сапасыз мемлекеттік қызметтер көрсетуіне (16%) қатысты шағымдар болып келеді.
Қаржы • 17 Мамыр, 2017
Қазақстан – Финляндия: Дипломатиялық қатынастарға – 25 жыл
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай вице-министр Роман Василенко мен Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Илкка Райсанен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.
Білім • 17 Мамыр, 2017
Білім негізін қайтсек дұрыс қалаймыз?
Проблема өмірдің қай саласында да жетіп асады. Солардың ішінде бүгінгі білім саласы қатты сынға ұшырауда. Жалпы, бұл саланың кемшіліктері қазір ғана пайда болған жоқ. Ол кемшіліктер бұдан бұрын да орын алып, уақытында түзетілмей қордалана берген. Білім саласындағы кемшіліктерді бәрі көріп-біліп отыр. Бірақ алып айсбергтің су бетіндегі көрінісін ғана тамашалап, астындағы одан да зор бөлігін көре алмайтынымыз сияқты білім берудегі кемшіліктердің түпкі себебін көбіміз біле бермейміз. Сол білместігімізді Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Құсайынов «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне берген сұхбатында білдіріп отыр. Сөйтсек, білім беру мен оқыту жүйесінде ең басты тетікті білмейді екенбіз. Ол – білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген реформалардың ғылыми негізі болуы керектігі. Сонымен бірге, білім беру саласын дамытудың ғылыми жүйесін жасау.
Руханият • 17 Мамыр, 2017
Қойшығара Салғараұлы. Ана аманатына адалдық
Талай жағдайды бастан кештік. Көрген бейнетім де, тартқан азабым да аз болмады. Бірақ қандай жағдайда да анамның аманаты жігерімді жанып, алға жетелеумен болды. Қатты қиналған сәттерімде анам алдымнан елес беріп, аманат сөздері сол қалпы құлағымда жаңғырады.
Әскерін алып кетемін деп еді...
Жақын күндері Пентагон АҚШ президенті Дональд Трампқа өздері тарапынан дайындалған Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиясын ұсынбақ. Стратегияда «Ислам мемлекетін» (Қазақстанда тыйым салынған) талқандау және «Талибан» қозғалысының шабуылдарын тоқтату үшін Ауғанстанға америкалықтардың қосымша әскери контингентін жіберу көзделген.
Ұлттық дәстүр – тарих жазған Ата Заң
Елбасы бүгінде қызу талқыланып жатқан мақаласында ұлттық код туралы арнайы сөз қозғады. Екі ереже ұсынылды. Біріншісінде − ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайтыны айтылды. Екіншісінде – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің керітартпа тұстарынан бас тарту керектігіне мән берілді.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің ширек ғасырлық Тәуелсіздік межесінің қорытындысы ретінде саяси реформа мен экономикалық жаңғыру қолға алынып, жаңа болашаққа нақты ұстаныммен қадам басқанымыз баса айтылған. Елбасы мақаласындағы айшықты ойлар мен игі бастамалар көпшіліктің көңілінен шығып отырғаны сөзсіз.
Әдебиет • 17 Мамыр, 2017
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады
Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, тек батыс және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Инновацияға арналған көшпелі жиын
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Алматыда «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының инновациялық әлеуетін дамытуға арналған көшпелі отырыс өткізді.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттердің бірі – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
Үкімет • 17 Мамыр, 2017
«Электронды үкімет» мәселелері талқыланды
Бақытжан Сағынтаев Эстонияның Электронды басқару академиясының директоры И.Талломен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.