Соңғы жаңалықтар
Құрыш қалқан – аға ұрпақ аманаты
Даңқы қолбасшы Бауыржан Момышұлының соғыстан кейінгі бір кезеңде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Әскери комиссариатын басқаруға құлықты болғанын ғалымдарымыз, әсіресе, тарихшыларымыз айтып та, жазып та жүр. Кеңестік атты әскердің – кавалерияның үздігі Баукең нағыз Қызыл Армияның таңғажайып қолбасшыларының бірі – жауынгерлік «Қызыл Ту» орденінің ең бірінші иегері (1918 ж.), Кеңес Одағының маршалы (1935 ж.) Василий Блюхердің сынынан өткені белгілі.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Астана қаласындағы 19132 әскери бөлімінің Ми-171Ш тікұшағы экипажының командирі, майор Әлібек Оршабековтің осы кезге дейін зеңгір көкте өткізген уақытының жиынтығы 1 500 сағатты құрайды. Ол Ми-8/21 борт экипажының командирі ретінде Жеңістің 72 жылдық мерейтойы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылатын әскери парадқа қатысады. Бүгінде 2-класты әскери әуе ұшқышы – Ми-8, Ми-17, Ми-171Ш және «Еврокоптер» ЕС-145 сияқты тікұшақ түрлерін басқаруды меңгерген білікті маман.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Еліміз бойынша Тәуелсіздік жылдарында 39 әскери қызметкер ерліктері үшін мемлекеттік наградаларға ие болса, соның бірі «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты №35804 әскери бөлімінің взвод командирі, 2-санатты сержант Ержан Садықов. Ол қаладағы коммуналды шаруашылық бөлімінің екі жұмысшысының өмірін сақтап қалған.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Қызығы мен шыжығы қатар жүретін әскери өмірдің айнасына айналу кез келгеннің маңдайына жазылған бақ емес. Осы орайда, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қорғаныс саласының дамуына қомақты үлес қосып, Әскери байланыс жүйесінде ерен еңбек еткен генерал-майор Мүбәрак Орынбековтің орны бөлек. Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай еңбек демалысындағы қорғаныс саласының ардагеріне хабарласып аз-кем әңгімелескен едік.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
«Болашақ сарбазы» жиынтығы әзірленеді
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Болашақ сарбазы» жобасының келешегі талқыланды, деп хабарлады Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Әскери маман дайындау – жауапты іс
Қызылорданың ыстық даласында күннің аптабына арқаңды тоса жүріп қиялдаған балаң арман биікке жетеледі. Аптапта менің көз алдыма телегей көк теңіз, одан ескен салқын самал елестейтін, беймәлім бір теңіз әлемі шақырғандай болатын, – деп бастады өзі туралы әңгімені Ақтау әскери-теңіз базасы оқу орталығының бастығы, капитан-лейтенант Самат Дастан.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Отанды қорғау – қасиетті борыш
Қазақстан әскері құрылғаннан бастап ширек ғасыр ішінде қарқынды даму жолынан өтті. Әскерді қалыптастырудың негізгі кезеңдерінің артта қалғанына қарамастан, Қарулы Күштерді құру процесі аяқталған жоқ. Қазақстан әскерін одан әрі дамыту ісінде жаңа талаптар мен қауіп-қатерлер мейлінше ескерілуде, бұл ретте, басым міндеттердің бірі өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстанның қатысуын кеңейту болып табылады. Осы орайда, еліміздің Қарулы Күштерінің жетістіктері, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде Қорғаныс министрі Сәкен ЖАСҰЗАҚОВПЕН әңгімелескен едік.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Лайықтыларға – мемлекеттік наградалар
Өткен сенбіде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты. Салтанатты шараны ашқан Елбасы қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Отан қорғаушылар» монументі маңында өткен салтанатты шара аясында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етіп, монументке гүл шоғын қойды.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
7 мамыр күні Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміз Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған әскери парад өтті.
Торғайдың күрең торы тобылғысы
Жазушы-этнограф Сейіт Кенжеахметов туралы эссе-толғау
Қазақстан • 09 Мамыр, 2017
Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған концерт өтті
Астана концерт залында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті. Оған соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен азаматтар қатысты. Онда патриоттық рухтағы әндер шырқалып, жырдан шумақ шашылды.
Әлем • 09 Мамыр, 2017
Саудия мен АҚШ мәлімдемелері мұнай бағасын қайта көтерді
Өткен апта соңы күрт арзандаған қара алтын осы апта басында қайта оңала бастады.
Футбол • 09 Мамыр, 2017
«Ақтөбе» ФК бас бапкері жұмыстан қуылды
Украиндық маман Игорь Рахаев «Ақтөбе» ФК бас бапкері лауазымынан босатылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат».
Әлем • 09 Мамыр, 2017
Кристиан Костов. Нағашысына тартқан жиен
Мамыражай көктемнің шуағына шомған қарт Днепрдің жағасы кешелі бері ән-думанға бөленіп жатыр. Талайдың бағын ашқан «Еurovision-2017» халықаралық ән байқауы Киев қаласында салтанатты түрде ашылды. Бүгін кешке бірінші жартылай финалда 18 қатысушы өзара бақ сынасады.
Технология • 09 Мамыр, 2017
Instagram желісінде тағы бір функция пайда болды
Instagram сервисі қолданушыларға суреттерді сайттың мобиль нұсқасы арқылы жариялауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz TechCrunch басылымына сіәлтеме жасап.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2017
Өскемендегі «Даңқ полкі» акциясына 10 мыңнан астам адам қатысты
Шығыс Қазақстан облысы Жеңістің 72 жылдығын биыл жылдағыдан ерекше атап өтті деуге болады. Өңірдегі соғыс және тыл ардагерлерінің ешқайсысы да назардан тыс қалмай, барлығына бірдей лайықты құрмет көрсетілді.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2017
Ерлік мерекесіне арналған шаралар Атырауда 6 мамырда басталды.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2017
Алматылықтар Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды
Жеңіс күнін тойлауды Астана алаңынан бастаған алматылықтар мен қала қонақтары 28 панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау басына гүл шоқтарын қойды. Еске алушылар салтанатты шерумен 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағына келді.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2017
Қарағандыда «Рейхстагқа ту тігу» театрландырылған қойылымы өтті
Қарағанды Ұлы Жеңістің 72 жылдығын бірнеше күн қатарынан кең көлемде атап өтті.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2017
Елорда тұрғындары мен қонақтарының құжаттарын тексеру күшейтіледі
Мамырдың 10-ынан 31-іне дейін Астанада "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтеді.
Президент • 09 Мамыр, 2017
Президент Қазақстан xалқын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін Қазақстан xалқын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Кеңес елінің басшысы Сталин Моңғолияға экономикалық қолдау көрсету мақсатында 1947 жылы «Наушки-Ұланбатыр бағытында теміржол құрлысын салу туралы» бұйрыққа қол қойды.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2017
ОҚО әкімі ҰОС ардагерінің отбасына арнайы барып құттықтады
9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласында тұратын ҰОС ардагері Жұмашев Пернебектің шаңырағына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың жолдаған құттықтау хатын тапсырды.
Президент • 09 Мамыр, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай Астанадағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Футбол • 09 Мамыр, 2017
Ираннан Мессидің егізі табылды
Иран тәртіп сақшылары Барселона клубы мен Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Мессиден аумайтын адамды ұстап алып полиция учаскісіне алып келді, деп жазады BBC.
Бизнес • 09 Мамыр, 2017
Алматыда ет қымбаттап, қант пен жұмыртқа арзандап жатыр
2017 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының индексі наурызға қарағанда 100,8% құрады. Ақылы қызметтер бағасы мен тарифтері 1,4%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 0,3%-ға өсті.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2017
Исекешев: Әрбір әдепсіз қылық үшін қала тұрғындарын жауапқа тартамыз
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев шылым шегіп, темекі тұқылын көшеге тастап кете беретін адамдарды жауапқа арту үшін whatsapp мессенджері мен әлеуметтік желілерде шағымдар үшін арнайы топ ашатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2017
Астана әкімі Жеңіс күнімен құттықтады
"Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!" - деген қала әкімі Әсет Исекешевтің сөзін жариялады шаһар әкімдігінің баспасөз қызметі.