Соңғы жаңалықтар
Президент • 10 Мамыр, 2017
Президент авиация саласына қатысты заңға қол қойды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев авиация саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен үндестіретін заңға қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Солтүстік Қазақстанда ардагерлерге ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері сыйға берілді
Облыстық ішкі істер департаментінде өткен кезекті іс-шара барысында соғыс, еңбек және тыл ардагерлеріне «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің 160 билеті салтанатты түрде табыс етілді.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Солтүстік Қазақстанда жас спортшылар тамақтан уланып қалды
Қызылжар өңірінде кекушинкай каратэден өткен республикалық ашық чемпионатқа келген жас спортшылардың бір тобы кешкі астан уланып қалды. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысы Татьяна Горлова мәлімдеді.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
ОҚО-да еңбек өтілі 475 жыл болатын теміржолшы Жаңабаевтар династиясы тұрады
Арыс қаласында теміржол саласында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып еңбек етіп келе жатқан Жаңабаевтар әулеті өмір сүреді. Өткен жылы «Үздік еңбек әулеті» номинациясын жеңіп алған арыстық отбасындағы 17 теміржолшының саладағы жалпы еңбек өтілі 475 жылды құрайды.
Әлем • 10 Мамыр, 2017
Михаил Бочарников: Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынас тарихы тереңде
Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінде Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковпен болған сұхбат жарияланған еді. Осы сұхбаттың толық нұсқасын басылымның интернет сайтында оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Қостанай-Торғай өңіріне келді
Белгілі саяхатшы, меценат, өнер жанашыры Сапар Ысқақов ұйымдастырған «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы 4 мамыр күні Астанадан шыққан болатын.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Еліміздің тауар экспорты 30%-ға артты
Жыл басынан бергі тауар экспортының көлемі өткен кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 30%-ға артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
СҚО-ның денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Владимир Безлер тағайындалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат».
Бокс • 10 Мамыр, 2017
«Астана Арландарының» кездесуі Қарағандыда өтетін болды
«Astana Arlans» бокс клубы Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) ширек финалындағы кездесуін Қарағандыда өткізетін болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Әлем • 10 Мамыр, 2017
Оңтүстік Кореяның жаңа президенті сайланды
Оңтүстік Кореяда өткен президент сайлауынды «Тобуро» Демократиялық партиясының өкілі Мун Чжэ Ин жеңіске жетті. Ұлттық сайлау комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ол сайлаушылардың 41,1 % даусын жинаған, деп хабарлайды tass.ru
Бокс • 10 Мамыр, 2017
Ташкентте сегіз күнге созылған ХХIХ Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 28 елден 178 боксшы қатысқан аталмыш додада Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медальды иемденіп, бейресми командалық есепте екінші орын алды. Ал 9 алтын медаль еншілеген өзбек боксшылары өзгелерден оқ бойы озып, көш бастады.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Өмірі сағыныштан тұратын ел ағасы
Мырзатай аға – ұстаз, Мырзатай аға – ғалым, Мырзатай аға – рухани қазына, Мырзатай аға – дипломат, Мырзатай аға – әке, Мырзатай аға – ата, Мырзатай аға – дос... Осы атаулы сөйлемдердің ар жағына бойлайын десеңіз, бойлай алмайсыз. Себебі әрқайсысының тамыры өте тереңге кеткен. Оған бойлау қарапайым мен сияқты адамның қолынан келе қоймас-ау деп ойладым. Мырзатай ағаның кітаптарын оқыған сайын қайран қалам. Ағаның еңбектерін оқып болған соң өзің таныдым, бір кісідей білемін деп ойлайтын ақынды болсын, жазушыны болсын, қоғам қайраткерін болсын, жаңа ғана танығандай боласың.
Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған Жуалы ауданында бүгінде батыр атындағы мемориалдық музей жұмыс істейді. 1995 жылы 5 мамырда ашылған мәдени орталықта тұғыры биік тұлғаның тұтынған заттары, сыйға алған кітаптары мен бағалы сыйлықтары қойылған. Бұл дүниелерді музейге Бауыржан атамыздың келіні Зейнеп Ахметова тарту еткен.
Театр • 10 Мамыр, 2017
Асанәлі Әшімов ең мәртебелі марапаты мен даңқының бәріне 43 жасына дейін қол жеткізіп үлгерген. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағын 32 жасында, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын 35 жасында, КСРО Мемлекеттік сыйлығын 37 жасында, Қазақстанның халық әртісі атағын 39 жасында, ал 1980 жылы 43 жасында КСРО халық әртісі атағын иеленген.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Өмір сүру үшін өзгере де білу керек
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бірнеше жыл бұрын алғаш реті исі қазақ жұрты үшін киелі мекен – Ұлытаудың баурайындағы Әулиелі бақтың төрінде отырып, халқымен алғаш рет осындай форматта ақжарма көңілмен ақтарыла сыр бөлісіп еді.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамымыздың рухани дамуының бұдан былайғы жолдары нақты белгіленген.
Қазақтың ұлттық кодының бірі – төл жазу
Қазақтың ұлттық мақтаныш сезімін оятатын айшықты нысандарды ұлықтап айта алатын дәрежеге жеттік. Ендігі кезек ұлттық жазуға келіп тіреліп тұр. Бұған Елбасымыздың бағдарламалық мақаласындағы: «...қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деген жолдар зор қозғау салып отыр.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Ақмола облысы бойынша көктемгі егіс науқаны бастау алды. Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен жиында биылғы көктемгі-егіс жұмыстарының барысы пысықталып, бірқатар жайттарға ерекше назар аударылды.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Оңтүстікте егіс науқаны аяқталып қалды
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын. Диқандарға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау мен егістік науқанын жүйелі ұйымдастыру жұмыстары көктемгі егіс жұмыстарын сапалы, ғылыми негізделген агротехникалық тиімді мерзімде аяқтауға мүмкіндік беріп отыр. Алматы облысы Балқаш ауданындағы егіс жұмыстарының қалай жүріп жатқанын журналистер қосыны арнайы барып көріп қайтты.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Жолдау тапсырмалары қалай орындалуда?
Үкімет Елбасының биылғы Жолдауындағы тапсырмаларды қалай орындауда? Алғашқы төрт айда қандай міндеттерді межеледі? Нәтиже қандай? Үкімет үйінің баспасөз орталығы осындай сауалдарды негізге алған арнайы мәслихаттар легін бастады. Баспасөз мәслихатына кеше Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов қатысты.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Астана процесінің 4-раунды: үміт отын үрлеген күндер
3-4 мамырда елордада Сирия мәселелері бойынша Астана процесінің аясындағы жоғары деңгейлі халықаралық кездесулердің төртінші раунды өткені белгілі.
Әлем • 10 Мамыр, 2017
Эммануэль Макрон – Францияның жаңа президенті
Өткен жексенбі күні Францияда президенттік сайлау өтті. «Ұлттық майдан» партиясы атынан үміткер Марин Ле Пен мен «Алға!» партиясының жетекшісі Эммануэль Макрон арасындағы бәсекеде сайлаушылардың 66% дауысымен Эммануэль Макрон ел президенті болып сайланды.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Түйткілді мәселелер талқыланды
«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының «Индустриялық даму» бағыты бойынша комиссиясы Өскеменде көшпелі мәжіліс өткізді.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Жұмысымыздың басталу уақыты өзгере ме?
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өткен аптада «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» жобасына қатысты.
Әлем • 10 Мамыр, 2017
Халықаралық конференцияға қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Италияның Рим қаласында парламентшілердің «G7/20-Рим 2017» халықаралық конференциясына және Азия парламентшілерінің халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі форумы (ХҚДАПФ) Атқарушы комитетінің 82-ші отырысына қатысты.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Біздің әкелеріміз де – соғыс балалары
Соғыс балаларының драмасы бізге бейтаныс емес. Қазақ әдебиеті табалдырығын «бес жетім» болып аттаған, кейін классик жазушыларға айналған Төлен, Дулат, Қалихан, Асқар, Әбіш шығармаларынан бұғанасы қатпай еңбекке араласқан, батысқа телміріп, әкесiн күтуден талмаған, жетімдіктің жырын жаралы жүрегінде жылдар бойы сақтаған, құмары қанбай қалған балалықтың дастанын бала жастан басымызға жастанып оқып жүріп есейдік. Өзіміз көрмеген аталарымыздан ести алмаған жыр-дастандар мен ертегілерге деген қажеттілігімізді Төлен мен Әбіштердің кейіпкерлерінен естідік. Соларды оқи отырып, атамызбен сырласқандай болдық.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Шолпан Сәдуова облыс орталығындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеттің «Архитектура және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы. Мүсінші Шолпан жасаған барельеф тақтада бозбала жігіттердің ауылдан соғысқа аттанып бара жатқан сәттерінен бастап, ұрыс кезі және Мәскеуде «Жеңіс» деп айғалап тұрған қазақ солдаты бейнеленген.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Оның рухын үйден келетін хат-хабар көтеретін. Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери пошташылар да жеңіске баға жетпес үлес қосты. Олар өз өмірлерін тәуекелге тігіп, үшбу хаттарды қан-қасап соғыс жүріп жатқан алдыңғы шептерге көп жағдайда қазіргі кездегіден де жедел жеткізіп тұрды. Жеңіс солдаттарының рухын үйден келген хат-хабар ерекше көтеретін.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Аңдуда отырғанда кірпік қағуға болмайды. Өйткені, сені де жау аңдуда. Бір мезгілде көзіме бір нәрсе қылаң ете қалғандай болған еді. Қасымдағы серігім Люба кірпігін қағуға келтірместен қағып сұлатты. Сұлай түскенін анық көрдім. Ол жалғыз емес. Серігін мен де күтудемін. Сұлағанның қасына біреу бауырымен жер сызып келіп аударам дегенде, өзі аударылып түсті.
1992 жылдың мамыр айы еді. Бір шаруамен Өскемен қаласына барып, сондағы «Өскемен» қонақүйіне табан тіредік. Кештетіп далаға шықсақ, қонақүйдің маңайы толған сақшы-қосшылар. «Не болды?» десек, біз жатқан мәртебелі қонақүйге Түркиядан аса қадірлі мейман келіп түсіпті. Мына шапқын сол адамның «қамы» көрінеді.