Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 21 Мамыр, 2017
Құрғақ саумал өнімі нарыққа шықты
Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылында неміс технологиясымен салынған жаңа зауыт ашылды. Онда Қазақстанда алғаш рет бие сүтінен жасалған құрғақ өнім саумал дайындалады.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2017
Күршімде «Оралханның көктемі» атты халықаралық ән фестивалі өтті
Күршім ауданының орталығы Күршім ауылында танымал сазгер Оралхан Көшеровтің құрметіне «Оралханның көктемі» атты халықаралық фестиваль өтті.
Бокс • 21 Мамыр, 2017
Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров алдағы жекпе-жекке дайын
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров «Delray beach boxing» залында жергілікті БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп, жанкүйерлермен жүздесті.
Руханият • 21 Мамыр, 2017
Қостанайда белгілі суретші Николай Торшиннің дербес көрмесі ашылды
Қазақстан Суретшілер олдағының мүшесі Николай Торшиннің бұл көрмесі өзінің 80 жасқа толу мерей тойына арналды. Көрме «Бояу, жан және сезім одағы» деп аталады. Көрмеге суретшінің 1953 жылдан бері салған түрлі жанрдағы 150-ден аса шығармасы қойылған.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2017
Ақтауда Ралли рейд Әлем кубогының V кезеңі басталды
Табиғатымен, ойлы-қырлы жерлерімен қызықтыратын Маңғыстау жерінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне орайластырыла әлемдік дода – «Ралли Қазақстан-2017» Ралли рейд Әлем Кубогының V кезеңі өтуде. ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі және еліміздің Автомотоспорт Федерациясының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан сайысқа Қазақстанмен бірге Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Ресей, Украина, Польша, Литва, Германия, Чехия, Белоруссия, Нидерланды, Словения, Франция елдерінен 25 экипаж, 50 спортшы қатысуда.
Бокс • 21 Мамыр, 2017
«Астана арландары» «Patriot Boxing Team»-ті ойсырата жеңді
Кеше Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында «Астана арландары» мен ресейлік «Patriot Boxing Team» командалары қарымта кездесу өткізді.
Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. Бас жүлде – Төлеген Жамановта
Ақтөбе қаласында қатарынан екі күн болған «Ақтөбем менің, еңселі, жырыма қосам мен сені» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Айтулы жыр додасын «Нұр Отан» партиясы қолдап Ақтөбе облысының әкімдігі және Ақтөбе облысының «тілдерді дамыту» басқармасы ұйымдастырды.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2017
Қостанайда «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті
Акцияны «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі мен Саламатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы өткізді. Онда шағын концерт болды және викториналық ойындар өткізілді. Осы шаралардан кейін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінің басшылары Дүйсен Оспанов пен Аруна Жақсығұлова қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын екі қызға өз қаржыларына сатып алған мүгедек арбасын сыйға тартты.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2017
Қаланы қалжыландыру неге қысқарды?
Ақтөбе облыстық маслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында мал шаруашылығы мен егіншілік салаларын қаржыландырудың қысқарып кетуіне байланысты көптеген сындар айтылды.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
«Бала дауысы – 2017!» байқауы Таразда өтті
Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры еліміздегі балаларға арналған ауқымды ән байқауларының ұйымдастырушысы ретінде танымал. Мәселен, қордың шығармашылық тобымен 2015 жылы «Бала Тюрквижн» байқауы өткізілсе, былтыр Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауы авторлық жобасын қолға алған болатын.
Театр • 20 Мамыр, 2017
«Қорғансыздың күні» сахнаға қалай шықты?
Тіршіліктің адамзатпен бірге жасасып келе жатқан күрделі сұрақтарына жауап іздеуде кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің қорғансыздар тақырыбын да әбден жеріне жеткізе қаузағаны белгілі. Ол қорғансыз жандардың бейнесін қашап жасаған қаламгер. «Жетім» әңгімесіндегі жетім бала Қасым, «Оқыған азаматтағы» Мақсұттың кемпір шешесі, «Абай жолындағы» Иіс кемпір, Дәркембай шал, «Қорғансыздың күніндегі» Ғазиза боп жалғаса береді. Бұл қапелімде есімізге түскендері ғана. Ал осы тақырыпты бүгінгі біздің ой иелері қай қырынан көрсетіп, өнер тіліне қалай көшіріп жүр? ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбековтің жазушы М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» атты әңгімесінің негізінде сахналаған «Қорғансыздың күні» драмасының премьерасын тамашалаған соң төмендегі жазбаға ерік бердік. Өйткені бұл шығарма тұңғыш рет қойылып отыр. Әрі қорғансыз жандар тақырыбы қай қоғамда да өзекті. Шынында біз үшін кімдер қорғансыз?
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
Павлодарда «Бipлiк-Единство.kz» халықаралық жастар форумы өтті
Павлодарда С. Торайғыров атындағы университетте «Бipлiк-Единство.kz» халықаралық жастар форумы өтті.
Алматыда ғалым Оразалы Сәбденұлының мерейтойына орай ғылыми конференция өтті
Алматыдағы ғылым ордасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты ҰИА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, э.ғ.д. профессор Оразалы Сәбденұлының 70 жылдық мерейтойына орай «Инновациялық экономика және қоғамды ізгілендіру: жаһандық әлем және Қазақстан» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
Енді санаулы күндерден кейін Астана төрінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Еліміздің тарихында айрықша маңызға ие көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келіп, ұлтымыздың бай тарихын, іргелі мәдениеті мен өнегелі өркениетін тамашалайтын болады.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2017
Елордада БАҚ лиганың жазғы маусымы басталды
Астана қаласында журналистер арасында футболдан жазғы маусым басталды. Алғашқы турдың ойындары «Тарлан-Арена» спорт кешенінің шағын футбол алаңында өтті.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
Жамбыл облысында Елбасы тапсырмасы тиімді жүзеге асып жатыр
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, әуелі еліміздегі ең ірі жел электр стансасының жұмысын көрді. Қордай ауданында қолға алынған бұл жоба Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылып отыр.
Президент • 20 Мамыр, 2017
Елбасы Иран Ислам Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиге Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Президент • 20 Мамыр, 2017
Мемлекет басшысы «АҚШ – Ислам әлемі» саммитіне қатысу үшін Эр-Рияд қаласына барды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
«Маңғыстау жұлдыздары» фестивалі мәресіне жетті
«Маңғыстау жұлдыздары» – жыл сайын көктемде облыстың барлық аудан-қалаларында бірнеше номинация бойынша өткізіліп, ауылдағы өнерпаздарды анықтайтын фестиваль.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
Ақтауда ҰҚК командаларының спартакиадасы өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған Спартакиадада комитет төрағасының кубогы сарапқа салынды.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
ОҚО-да Қазақстан мен Ресей дәрігерлері бірігіп ота жасады
Қазақстан мен Ресей дәрігерлері Шымкентте облыстық онкологиялық диспансерінде қуық асты безінің қатерлі ісігіне ота жасады. Денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының үйлестіруімен өткен «Несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісігінің мультитәртіптік тәсілмен емдеу» мастер-класс «Шымкент» қонақүйінде екі күндік халықаралық онкоурологиялық форумға ұласты.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
Мәжіліс төрағасы Парламент экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекет таныту жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу жөнінде Заң қабылданғанын әрі мұнда қылмыстық жауапкершілік талаптары күшейтілгенін алға тартты.
Ұлттық спорт • 20 Мамыр, 2017
Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтіп жатыр
«Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан республикалық бұл фестивальге Қазақстанның әр аймағынан спортшылар қатысып, өнерлерін ортаға салуда.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
ОҚО-да 22 кәсіпкер кооператив ашуға ниет білдірді
Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативтер құру бағдарламасы бойынша «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвистициялық орталығы бір айға жуық уақыт аралығында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды. Жиналыс барысында облыстың барлық аудан және қалалары қамтылып, кооперативтерді құру, қаржыландыру және субсидиялау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының, «Ырыс» МҚҰ, АШҚҚҚ сияқты қаржы институттарының және жергілікті КҚҚО-ның өкілдері тартылды.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2017
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ОҚО-да туризмді дамытудың тура жолдарын анықтап берді. Осылай деген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайыздан астамы Оңтүстік жерінде орналасқанын айтты.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
Кеңес Одағының Батыры Ж.Қалдықараев зиратынан туған жеріне топырақ жеткізілді
Маңғыстау өңірінде 1922 жылы дүниеге келіп, 1941 жылы өз еркімен соғысқа аттанған Жұмағали Қалдықараев 7-гвардиялық дивизияның құрамында қан майданға араласады. 1944 жылы Кеңес әскерінің Днепр өзенінен өтуі кезінде жаудың 7 танкісін өзі жойып, әскердің өзеннен өтуіне жол ашқан ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
Қостанай облысында 14 балалар демалыс лагері жұмыс істейтін болады
Өткен жылы балалардың 13 демалыс лагері жұмыс істеген еді. Биыл оның саны 14-ке жетті.
Хоккей • 20 Мамыр, 2017
Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады
Хоккейден бірінші дивизиондағы А тобының 2018 жылғы әлем чемпионатын Венгрия астанасы Будапешт қабылдайтын болады. Бұл туралы ҚР хоккей федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2017
Алматыдағы Орталық мешітте терминалдар орнатылды
Алматыдағы Орталық мешітке келушілер бұдан былай өздерінің қайырымдылық төлемдерін – пітір мен садақаны электронды терминал арқылы төлей бастайды. Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты – мешітке берілетін қаржылардың қорға жариялы түрде түсуін қамтамасыз ету екен.
Әлем • 20 Мамыр, 2017
Қазақстан елшісі Түркияның Кеден және сауда министрімен кездесті
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Республикасы Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчимен кездесті.