Соңғы жаңалықтар
Жекпе-жек • 22 Мамыр, 2017
Қазақстандық Георгий Кичигин Fight Nights Global чемпионы атанды
Қазақстандық Георгий Кичигин Астанада өткен аралас жекпе-жектен Fight Nights Global турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды sports.kz
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Қай халықтың болсын қатарынан қарқынды дамып, желдей жүйрік жүйемен жетілуіне, өркендеп өріс жаюына оның сапалы білім беруі басты назарда болуы шарт. Бұл орайда еліміздегі жастардың ойлау жүйесін әлемдік деңгейге арттырып отырған бірегей білім ордасы – Назарбаев Университеті екені дау туғызбаса керек.
Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық ХХ ғасырдағы адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған трагедия.
Инфографика • 22 Мамыр, 2017
Қазақстандағы МӘМС жүйесін енгізу бойынша сұрақтар мен жауаптар
5 бөлім
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Рухани жаңғыруға мәдениетті дамыту арқылы жетеміз
Елбасының Қазақ елінің рухани жаңғыруы туралы ойларын шынымен де әрбір қазақтың санасын оятатын, ұлтты мүддеге қызмет етуге шақыратын терең тұжырымдар деп қабылдадым. Ондағы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. «Ұлттық код» дегеніміздің өзі – халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келген салт-дәстүрі, тілі, ұлттық мәдениетінің өшпес белгілері. Ол үшін қазак халқының өткеніне, сонау сақтар мен ғұндардан басталатын көне тарихына үңілу қажет.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2017
Ұлтқа еңбек сіңіру – ұлағатты іс
Мемлекеттік қызметші деген кім? Әуелі осы сұраққа жауап беріп көрейікші. Қыры сынбаған костюм-шалбар киіп, көздің жауын алар галстук тағып, қолтығына папкасын қыстырып сәні мен салтанаты жарасқан ғимаратқа кіріп-шығып, қымбат қайыс орынтақта отырған адамдарды ғана мемлекеттік қызметші санауға бола ма?
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Руханият ордаларына – ардақтылар есімі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру туралы бағдарламалық бастамасы белсенділікпен жүзеге асырылып жатқаны ел ішін ризашылыққа бөлеуде. Бұл руханият ордаларына жергілікті танымал тұлғалардың есімін беруден де көрініс тапқаны құптарлық.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының қоғам тарапынан қызу қолдау тауып, еліміздің ертеңі мен келешегіне берік сеніммен бекем серпіліс туғызып отырғаны халықты барған сайын қанаттандыра түседі. Өмірдің өзінен туындап отырған бұл тарихи құжаттың құндылығы мен мән-маңызы айрықша ерекшеленеді.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2017
Ақтөбеде төрт айда 58 әйел ісікке шалдықты
Ақтөбе аймағында соңғы жылдары қатерлі сүт безі ісігіне шалдыққан әйелдер саны өсіп барады. Тек соңғы төрт айда 58 әйелден осындай дерт анықталған. Оның бірқатары дәрігерге аурудың соңғы сатысында қаралған. Осы уақыт аралығында 20 әйел қайтыс болды.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Болашаққа бастайтын тарихи құжат
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шыққалы бері қоғам өмірінің әр саласында қызу талқылау жүріп жатыр. Бұл мақалада заман мен уақыттың төтесінен қоятын талаптары мен қиын сұрақтарына, бүгінгі күн мен келешегімізге халықтың тағдыры жайлы терең ой жүгірткен, негізгі бағдарымызды айқындау мәселесіндегі басым бағыттар көрсетілген. Осы мақаланың өзімізді толғандырған тұстарына ойымызды білдіруді жөн көрдік.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2017
Ордалы оңтүстіктің олжалы жұмыстары
Ел дамуына елеулі еңбек сіңіріп, үзбей үлесін қосып келе жатқан Оңтүстіктің орны қашанда бөлек. Қара шаңырақ Қазақстанның бір уығы болып қадалған бұл өңір экономиканың да, мәдениеттің де мәйегіне ерте ауыз салған, қашанда тіршілік қазаны қайнап жататын, табиғаты да тартымды, жер көлемі кең, ажарлы аймақ деп ауыз толтырып айтамыз. Өрісті өлкенің бүгінгі ахуалынан ақпар беру үшін облыс басшысы Жансейіт Түймебаев Астанаға арнайы келіп, тілшілермен тілдесті.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашалауға Астанаға шамамен 2,45 млн адам келеді деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді. Ал сол келушілердің жүріп-тұру, келіп-кету қатынасын қамтамасыз ететін көліктің жайы қалай болмақ? Әуежай, вокзал, сапаржайлар ЭКСПО қонақтарын қарсы алуға дайын ба? Вице-министр баспасөз мәслихатында, міне, осы мәселелер жайында айтты.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2017
Солтүстік Қазақстан мәдениет ұжымдарына шағын автобустар тарту етілді
Солтүстік Қазақстан облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова аймақ басшысы Құмар Іргебаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2017
Ақтөбеде биыл мектептердің 62 пайызы аттестациядан өтпеді
Ел өңірлеріндегі білім сапасын бақылау құрылымдары мектептерде білім сапасын анықтау бойынша тексерулер жүргізіп тұратыны белгілі. Осындай тексерулердің нәтижесінде Ақтөбе өңірінде 2016 жылы сексен мектептің елу сегізі аттестациядан өтпегені белгілі болып отыр.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Бүгін еліміздің солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін
Бүгін еліміздің кей жерлерінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде найзағай ойнап, жауын жауады, жел күшейеді, солтүстік бөлігінде бұршақ болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басынан бір дау арылмай-ақ қойды. Халықтың жиып-терген қаражатының оңтайлы жұмсалмауы бұл жүйеге деген сын ғана емес, сенімсіздік тудырған сыңайлы. Бәлкім, «көш жүре түзелер...». Әйтеуір, аманатқа берілген ақшаға қиянат жасауға мемлекет жол бермесі анық.
Адам баласы болған соң қоғамның үніне орай өз пікіріңді ашық әрі дер кезінде білдіріп отырмасаң, онда несіне жер басып жүресің дейсің ғой баяғы. Сол сияқты кейде көшеде, көліктерде, жалпы қоғамдық орындарда неше түрлі түйткілдермен бетпе-бет ұшырасып қалып жататынымыз рас.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2017
Өңірде Елбасы тапсырмасы тиімді жүзеге асуда
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, әуелі еліміздегі ең ірі жел электр стансасының жұмысын көрді. Қордай ауданында қолға алынған бұл жоба Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылып отыр.
Медицина • 22 Мамыр, 2017
Діни экстремизммен күрес – дінді ұстанушылармен күрес емес
Ақтөбе қаласында Парламент Мәжілісінің көшпелі отырысы өткізілді. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бастамашы болған басқосуда «Терроризм мен діни экстремизмнің профилактикасын және олардың алдын алуды күшейту мәселелері, сондай-ақ, осы саладаға заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» мәселе талқыланды. Отырысты ашқан аталған комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев алғашқы сөзді Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинге берді.
Президент • 22 Мамыр, 2017
Тарихи саммиттен алар тағылым мол
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «АҚШ – Ислам әлемі» саммитіне қатысты.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова шығармашыл жастар өкілдерімен кездесті. Кездесуге Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, жас дарындар – жазушы Б.Сарыбай, ақын Қ.Омар, суретші К.Бекмұрзаева, мүсінші Л.Кочетов, театр және кино актерлері Ә.Ахметов, Ж.Мақажанова, Н.Ли, пианист Р.Әбдісағин, балет солисі Б.Адамжан, әнші И.Кайсиди және дирижер Қ.Омаров қатысты.
Үкімет • 22 Мамыр, 2017
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісі, Ислам зерттеулер орталығының төрағасы, ханзада Түрки әл-Фейсал бен Әбдел-Әзиз Әл Саудты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді
22 мамырда Қазақстанның кей жерлерінде құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерінде найзағайлы жауын-шашын болып, жел күшейеді, солтүстік бөлігінде бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
Президент • 22 Мамыр, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиге Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
ЮНЕСКО-мен ширек ғасыр біргеміз
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басы. Қазақ мәдениетінің тарихын тануға, ұлттық дүниені білуге ынтызар жастардың бәрі ұлы жазушымыз М.Әуезовтің музей-үйінде екі аптада бір болатын Алматы қалалық халық университетінің сабақтарынан қалмаймыз. Мұнда біз оқып жүрген кітаптарда жазылмайтын, ұстаздарымыз мінберлерден айтпайтын қазаққа қатысты неше түрлі қызықтарды, ерліктер мен елдік істерді, тарихтар мен деректерді ақ самайлы, дана жүзді, маңдайлары жарқыраған ғұлама ағаларымыз түйдек-түйдегімен ағытатын.
Қазақстан • 21 Мамыр, 2017
Кооперативтер саны көбейіп келеді
«ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвистициялық орталығы облыстың барлық аудан және қалаларында кооперативтерді құру, қаржыландыру және субсидиялау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.
Қазақстан • 21 Мамыр, 2017
Елорда төріндегі «Астана» концерт залында «Шоқан және музыка» атты әдеби-музыкалық кеші өтті. Кеш жұртшылыққа аталмыш тақырыптағы арнайы жоба аясында атқарылған ауқымды зерттеу жұмыстарының негізінде ұсынылып отыр.
Медицина • 21 Мамыр, 2017
Нарықтық медицина негіздері дамиды
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен бірге енетін өзгерістер барлық азаматтарды толғандырады. Жаңа жүйе болғандықтан үміт те, күмән да бар. Осы орайда Қазақстанның Еңбек Ері, Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік АҚШОЛАҚОВҚА жолығып, бірқатар сауалдар қойған едік.
Медицина • 21 Мамыр, 2017
Қазақстанда тұңғыш рет түрмеден шыққандарды бейімдеу орталығы ашылды
Қарағанды қаласында түрмеден шыққан азаматтарды бейімдеу орталығы ашылды.
Семейде «Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет» фотогалереясы ашылды
Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Алашорда үкіметінің құрылуының 100 және Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына орай "Студенттердің кəсіби тұлғалық қалыптасуындағы алаш идеясының орны" атты облыстық семинар-практикум өтті.