Жол
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Нұр-Сұлтанда автобус жолағы жасыл таңбамен белгіленеді
Нұр-Сұлтанда пилоттық жоба аясында қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар жасыл таңбамен белгіленетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 26 Мамыр, 2021
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы тағайындалды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Төлеген Тұрсынұлы Абдуллин ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2021
Атырауда жол апатынан зардап шеккен балаға күрделі ота жасалды
Атырау облыстық балалар ауруханасында жол апатынан зардап шеккен баланың бас сүйек пластикасына Bone Plate Titanium қолданумен күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
Қабанбай батыр даңғылындағы «Сергек» қайта қосылды
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ осы жылдың 26 мамырынан бастап «Сергек» АӨК Қабанбай батыр даңғылы бойындағы айналма жол айырығынан (Қарқаралы тас жолы) Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде қоғамдық көлік жолағымен жүргендерді тіркейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Ұшақ ішінде шу шығарған мас жолаушыға айыппұл салынды
Көлік полицейлері «Нұр-Сұлтан-Тараз» бағытындағы әуе рейсінен мас жолаушыны түсіріп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2021
Жұмыспен қамтуға 300 млрд теңге бөлінді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жұмыспен қамтудың жол картасын (ЖҚЖК) іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Сыр бойының өзге өңірлерден бір айырмашылығы Қызылорда қаласы мен жеті аудан да «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы мен таспадай тартылған темір жолдың бойында орналасқан. Облыс пен аудан орталықтарының дәл іргесінен Сырдария сылаңдай ағып жатыр. Бұл әрине жол-көлік логистикасын тиімді ұйымдастыруға әбден қолайлы. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін темір жол астынан өткел қалдырылып, кей жерлерде көпір салынған. Бірақ бәрінде ондай жағдай жоқ. Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Шиелі кентінде темір жол үстінен көпір салынып, көп жылдарға созылған мәселе біржола шешімін тапты. Дәл қазір облыс бойынша өткелі жоқ жалғыз өңір Арал қаласы болып тұр.
Оқиға • 24 Мамыр, 2021
Атырауда автобус қаққан 27 жастағы әйел көз жұмды
Атырау қаласында жолаушы тасымалдайтын автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2021
Петропавлда 17 жастағы қызды көлік қағып кетті
Петропавл қаласында 17 жастағы қызды жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД сілтеме жасап.
Президент • 21 Мамыр, 2021
Президент құрлықтағы сауда жолдарының маңызына тоқталды
Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында реконструкциясын аяқтау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2021
Президент академик Аманжол Қошановтың жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Аманжол Қошанұлы Қошановтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2021
Алматы облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
Жол апаты бүгін таңғы сағат тоғыз шамасында Алматы облысының Қарасай ауданында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2021
Сапасыз жол салған мердігерлер лицензиясынан айырылды
Қала құрылысын бақылау басқармасы «Есік Жолдары» ЖШС мен «АлматыДорСтрой» ЖШС-ін Наурызбай ауданындағы күре жолдарды сапасыз салғаны үшін лицензиясынан айырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 19 Мамыр, 2021
Сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу керек – Аманжол Әлтай
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің AntikorLive жобасының кезекті қонағы ақтаңгер ақын атанған, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтай болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2021
Елімізде 42 пойыз қозғалысын тоқтатты
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында елдегі 156 пойыздың 42-сі қозғалысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2021
Қазақстанға 2 мыңнан аса адам шетелден ұшып келді
17 мамырда Қазақстан аумағына БАӘ, Түркия, Германия, Испания, Грузия, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2021
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде 11 мың шақырым автожол ақылы болады. Оның ішінде жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырымды құрайтын 18 учаске ағымдағы жылдың маусым айынан бастап пайдалануға беріледі.
Тарих • 18 Мамыр, 2021
Талай марғасқаның табанының ізі қалған қызырлы топырақтың қай тұсын қазсаңыз да тарих тәбәрігі менмұндалайды. Түйе өркешін ықтап өскен халықтың тағдыры теріс қарап түксигенде жанына желпу, рухына сая болған атанжілік азаматтар бүгінде баба кейпінде оралды. Бұл келелі іске Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мұрындық болғаны баршаға аян.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2021
Жолаушыларды отырғызуға уақытша тыйым салынды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хаттарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустың таралуын болдырмау үшін 2021 жылғы 13 мамыр сағат 00.00-ден бастап жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға, Өскемен және Ново-Өскемен стансалары бойынша «Алматы-Өскемен» бағытындағы №351/352 жолаушылар пойызына жолаушыларды отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынғанын хабарлады.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2021
Көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін
Көліктерге жұмыс күндері 07:30 – 9:30 және 17:00 – 20:00 аралығында ғана жолақпен жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2021
Биыл 18 автожол ақылы жүйеге ауысады
«QazAvtoJol» компаниясының мәліметінше, маусым айынан бастап 18 автожол учакесі ақылы жүйеге ауысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 15 Мамыр, 2021
Мәңгілік ел даңғылындағы учаске уақытша жабылады
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Мәңгілік Ел даңғылында жол жөндеу жұмыстарының басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 14 Мамыр, 2021
Ақтөбеде жыл басынан бері 70-ке жуық жол апаты тіркелді
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 67 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Қапшағайдан Күртіге дейінгі жол қайта жөнделеді
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Egis International» (Франция) бірлескен кәсіпорны және «CS Consultant» ЖШС (Қазақстан) жөндеу жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалау қызметін көрсету туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2021
Қазақстанда 8 мыңнан астам теміржолшы вакцина салдырды
Елімізде 8 мыңнан астам теміржолшы коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 14 Мамыр, 2021
Менің негізгі мамандығым, кәсібім – адам баласының мінезін зерттеу. Әркімнің мінезі әр ісінде ізін қалдыратыны ғылыми тұрғыдан толық дәлелденген. Сол себепті, мен өз зерттеуімнің әуел басынан ең алдымен Қасым Аманжоловтың Семейдегі, Оралдағы, Алматыдағы ортасын анықтап алуды ұйғардым.
Үкімет • 13 Мамыр, 2021
Биыл жол картасын жүзеге асыруға 325 млрд теңге бөлінеді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 13 Мамыр, 2021
«ҚазАвтоЖол» ҰК» Алматы облыстық филиалының директоры тағайындалды
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының 2021 жылғы 12 мамырдағы бұйрығымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры болып Қобыландин Жанабай Нағымұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2021
Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолы ақылы болады
Еліміздегі республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолы биылғы жылдың жазынан бастап барлық көлік түрлері үшін ақылы болады. Ал Павлодар-Семей-Омбы жолдары тек жеңіл көлік түрлеріне тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Мамыр, 2021
Елорда әуежайында екі жолаушыдан вирус анықталды
Нұр-Сұлтан әуежайының баспасөз қызметі Ashyq жобасының алғашқы күнін қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.