Сқо
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020
Солтүстіктегі "Қызылжар құс" фабрикасында құс тұмауы тіркелмеді
Солтүстік Қазақстан облысының Ақсу ауданында құс тұмауына қарсы шараларды атқару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
СҚО-да тәулік ішінде құс тұмауынан 180 мың тауық қырылды
СҚО-дағы Бескөл құс фабрикасында бір тәулікте тауықтардың жартысынан көбі құс тұмауынан қырылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020
Вандализм актісі жасалғаны анықталды
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы бір молада марқұм болған жандардың басына қойылған ескерткіш белгілер мен қоршаулар бұзылғаны туралы полицияға дабыл түскен. Жедел жеткен аудан полицейлері 12 құлпытас пен қоршаудың бұзылғанын тіркейді. Бір ескерткішке акрил бояуы құйылған. Бұдан басқа молада орналасқан шағын шіркеудің терезе шынылары шағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020
Құстардың неден қырылғаны анықталуда
Солтүстік Қазақстан облысында үй құстарының қырылуы болды. Шамамен 700-дей бас құс өңірдің батыс өңіріндегі Шал ақын ауданының Сухарабовка, Ғ.Мүсірепов ауданының Чернобаевка және Тимирязев ауданының орталығында орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2020
Президент Солтүстік Қазақстандағы астық жинау науқанымен танысты
Мемлекет басшысы егістік алқабын аралап, "Аби жер" ЖШС-нің астық жинау науқанының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020
Жыл басынан бері СҚО-да 456 пәтер ұрлығы тіркелді
Тіркелген 456 ұрлықтың 400-ден астамы ашылған. Бірақ пәтер ұрлығы тоқырар емес. Жуырда тағы екі пәтер ұрлығы тіркелді. Екі жағдайда да ұрлық жасады деген күдікпен жәбірленушілердің көршілері ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
СҚО әкiмi Аққайың ауданында жөндеу жұмыстарының аяқталу барысын қадағалады
Бұл жайында облыс әкiмi әлеуметтiк желiлердегi парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2020
Бір жарым сағаттық тікелей эфирде 47 сауал түсті
"Жолда қабылдау" республикалық акциясы аясында Facebook және Instagram әлеуметтік желі қолданушыларымен солтүстікқазақстандық полицейлер бір жарым сағаттай үзіліссіз, тікелей эфирге шыққанда 47 сауал келіп түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2020
СҚО-да 29 адам көлік басқару құқығынан айырылды
Жыл басынан 29 солтүстікқазақстандық өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2020
"Астық" жедел-профилактикалық іс-шарасы 5 қылмысты ашты
Елдегі маңызды шаралардың бәріне полиция қызметі қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол тәртібін бақылаумен қатар түрлі қылмыстарды әшкерелеуде де белсенділік танытады. Биылғы орақ науқанында да полиция қыраығылық танытуды көздеп, "Астық-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасын іске асыруға кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2020
Ақтөбелік жүргізуші СҚО полицейлеріне алғыс білдірді
Жуырда Жезқазған-Петропавл тас жолының 739 шақырымында СҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Уәлихан Оразалин мен СҚО ПД ППБ Бірінші взводы командирінің міндетін атқарушы Дмитрий Белоусов жолдың жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігін байқайды. Бұл Ақтөбе қаласының тұрғыны Юрий Исмагуловтың 20 тонна кебек тиелген жүк көлігі екен. Ауыр салмақты ескі дөңгелек көтере алмай жалба-жұлбасы шығып, жарылған.
Экономика • 14 Тамыз, 2020
Қазақстандық инвестор СҚО-да электротехникалық зауыт салмақ
«Alageum Electric» Солтүстік Қазақстан облысында электротехникалық жабдықтар шығаратын зауытты іске қосады. Кәсіпорын өз жұмысын келесі жылы бастауды жоспарлап отыр. Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
СҚО-да Сенат депутаты болып қайтадан Ольга Перепечина сайланды
Солтүстік Қазақстан облысынан Парламент Сенатының депутаты болып қайтадан Ольга Перепечина сайланды, - деп хабарлайды Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2020
СҚО полицейлері Абайдың 175 жылдығын атап өтті
Мерейлі жыл аясында Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаевтың бастамашылық етуімен ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған "Хәкім Абай даналығы" атты іс-шаралар бастау алды. Осыған орай Абайдың асыл мұрасын насихаттайтын бірқатар іс-шара өткізу жоспарланып, Абай жылының логотипімен екі банер әзірленді. Жаман індетке байланысты аталған іс-шараларды ПД онлайн-форматта өткізуге мәжбүр болды.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2020
Қысаң заманда той жасауға құлшынатындар азаймай тұр
Карантин режімі кезінде отбасылық салтанатты шараларға рұқсат етілмейтіні, адамдардың жиналуға болмайтыны жөнінде ескерту алғанына қарамастан Петропавл қаласының бір тұрғындары 5 тамыз күні қала іргесіндегі Қызылжар ауданына қарайтын Архангелка селосының шіркеуіне келіп, үйлену рәсімдерін жасаған. Олардың қонақтарға жайып қойған дастархандары да фото және бейнекөріністерге түсірілген. Шіркеу қызметкерлері карантиндік режімнің бұзылатынына қарамастан осы шараның өтуіне рұқсат берген.
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
Жоғалған бала жақын жерден табылды
Бүгін күндіз Петропавлдың Жуков көшесінде тұратын туыстарына қонаққа келген алты жасар бала жоғалып, полиция мен туысқандарын ит әлекке түсірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Шілде, 2020
Тұрғындармен тікелей кездескеннің тиімділігі үлкен
Петропавлдық полиция инспекторлары республикалық "Жолда қабылдау" акциясын жүргізуі кезінде оған көптеген тұрғындар, соның ішінде бір мұғалім алғысын білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Шілде, 2020
Түн тыныштығын бұзатындар жазасыз қалмайды
Жаздың бір жарамсыз қылығы - мотоциклшілердің түнгі серуені. Петропавлдың ең үлкен көшелерінің бірі – Жамбыл даңғылында түнгі серілер жарыс ұйымдастырып, ұйқыдағы тұрғындардың мазасын алып жатқаны туралы жергілікті әлеуметтік желілер жарыса жазуда, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда мал ұрлығы біршама азайды
Биыл Солтүстік Қазақстанда мал ұрлығы біршама азайып отыр. Нақты айтсақ жыл басынан 16 мал ұрлығы тіркелген. Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде 41 ұрлық болған еді. Санға салсақ ұрлық 61% азайған, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 25 Маусым, 2020
СҚО полицейлері жыл басынан 29 интернет-алаяқтықты ашты
Солтүстік Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері банк карталарының деректерін пайдаланумен жасалған бірнеше алаяқтықты ашу бойынша жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда жаман індетті жұқтырғандар көбеюде
Ресей Федерациясымен екі арадағы шекара ашылғанға дейін Солтүстік Қазақстандағы індетке шалдыққандар саны елуге де жетпей, республикадағы ең төменгі орында болған еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
СҚО-да марихуана тасымалдап жүрген жүргізуші ұсталды
Соңғы уақытта алкоголь мен есірткіні бойларына алатын жүргізушілер жол үстінде артып келеді. Бұл өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Олар өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді. Осындай жәйттердің бірі “Қарасора-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде тәртіп сақшылары Петропавл қаласынан шығып келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде орын алды, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Қылмыстың ізін суытпай ашудағы камераның пайдасы
Қызылжардың “Копай” ауданының тұрғыны үйіне келсе кіреберіс екі есігінің де бұзылып, терезелері шағылып қалғанын көреді. Үйге ұры кіргені бірден сезіледі. Үстел үстінде тұратын “Асер” ноутбугы да қолды болғаны көрініп тұрады. Үй иесі ақша тыққан жерін қараса, ол да бос қалыпты. Келтірілген шығынның бәрі 170 мың теңгедей екен, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Тәртіп бұзушылықтар саны шектен шығуда екені көрінді
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында төрт күнге созылған республикалық "Құқық тәртібі" жедел-профилактикалық шарасы аяқталып, оның барысында 900-ге жуық жол ережесінің бұзушылығы анықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
СҚО-да заңсыз арақ-шарап сатушы анықталды
СҚО Мамлют қаласының тұрғыны өз үйінен алкоголь өнімдерін заңсыз сатып келген. Ол аудандық полицияның "Құқықтықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасының барысында анықтылды. Тексеріс барысында оның қорасынан 200 литрге жуық алкоголь өнімдері алынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
СҚО-да 1000 шақырымнан астам автомобиль жолдары жаңартылады
Солтүстік Қазақстан облысында биыл орташа және күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 580 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 478 шақырымы да жаңартылады деп жоспарлануда. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
СҚО-да көлік жүргізушісі жас жігітті қағып кетті
СҚО М.Жұмабаев ауданының Полудино селосының маңында, өткен түнде белгісіз көлік осы ауылдың 2002 жылы туған тұрғынын соғып кетіп, ізін жасырған. Куәгерлердің көмегімен ауруханаға жеткізілген жас азамат орталық ауруханада алған жарақатының салдарынан көз жұмды, - деп хабарлайды Egemen.kz.