Редакция таңдауы
Елбасы халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылданатынын айтты
Елдегі саяси және қоғамдық күштер халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылдағаны дұрыс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
11 Қараша, 2020
Н.Нығматулин: Жаңа заң жобасы тұтынушыларды қауіпті тауарлардан қорғауды күшейтеді
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар "Техникалық реттеу" туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Қараша, 2020
"Абай" және "әл-Фараби" сериалдары қашан шығады?
"Абай", "әл-Фараби" сериалдары Тәуелсіздік күнінде ұлттық арна эфиріне шығады. Бұл туралы "Astana Media Week 2020" барысында "QAZAQSTAN" РТРК" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
11 Қараша, 2020
Бақыт Сұлтанов: Қауіпті өнімді жедел анықтайтын институт енгізілуде
Елімізде сертификатталмаған өнімді толық бақылауға алу мүмкіндігі жасалады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Техникалық реттеу туралы" заңының жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
11 Қараша, 2020
Тойға барған "Қазақстан барысы" жазаланды
Белгілі спортшы, қазір колледж директоры қызметін атқарып жүрген Айбек Нұғымаров тойда бой көрсетіп ел назарына ілігіп еді. Спортшы карантин жағдайына қарамай жиынға барғаны үшін жаазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz
11 Қараша, 2020
Елордада "Сергек" камерасының арқасында жол апаты азайған
Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірін жеңілдетуге және қорғауға айтарлықтай септігін тигізіп келеді. Елімізде де, посткеңестік кеңістікте де елордада көптеген жаңа жобалар алғашқылардың бірі болып енгізуде, деп хабарлайды Egemen.kz
11 Қараша, 2020
Елордада "Astana Media Week 2020" басталды
Елордада "Astana Media Week 2020" басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Дәстүрлі іс-шараның негізгі мақсаты – отандық медиасаланы дамыту мен индустриядағы іскерлік қарым-қатынасты аймақтық және халықаралық деңгейде ілгерілету.
11 Қараша, 2020
Геннадий Головкин P4P рейтингінің үштігіне оралды
BoxRec.com беделді сайты әлемнің үздік боксшыларының салмақ санатына (pound-for-pound) тәуелді емес рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz
11 Қараша, 2020
Қазақ елінің азаттығы жолында жанкешті қызмет еткен, ұлтының болашағы үшін бүкіл ғұмырын сарп еткен ұлт зиялыларының бірі Ғұмар Қараш. Ол XX ғасыр басында қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірдің барлық саласына дерлік белсене араласты. Оны сол тұста жарияланып тұрған «Қазақстан», «Ұран», «Қазақ дұрыстығы», «Дұрыстық жолы», «Мұғалім» атты мерзімді басылымдар деректерінен анық көре аламыз. 1911-1913 жылдары Орда, Орал қалаларында Е.Бұйрынмен бірігіп «Қазақстан» газетін шығарды. 1911 жылы оның алғашқы екі саны Орда ауылында жарық көрді.
11 Қараша, 2020
Тегін олжаға кенелемін деп, түрмеге түсті
Биылғы жылдың 10 шілде күні Астрахан аудандық соты мал ұрлығына байланысты іс қарады. Серіктестіктің бағымындағы 18 бас қара малды ұрлап, оңай олжа таппақшы болған бес адам әділ жазасын алып, түрмеге тоғытылды. Оңай олжа десе, құнығып тұратын, көзі қараятын өзгеге сабақ.
11 Қараша, 2020
Аба – жылқы терісінен тұтас тігілген жауын-шашыннан қорғайтын жамылғы киім. Аббар – суыт, үдере қозғалу. «Аббар көшіп, шет қонған, жау алдына бет қонған» (Шалкиіз жырау).
11 Қараша, 2020
Алтын Орда дәуірінің алтын шапаны
Жуықта Моңғол елінің ақпарат құралдарында Алтын орда дәуіріне тән әйел адамның алтын шапаны Christie бәссауда нарығында 483 032 доллар АҚШ ақшасына сатылғаны жайлы хабар тарады.
11 Қараша, 2020
«Азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы»
Екі мың жиырма бірінші жылғы оныншы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.
11 Қараша, 2020
Көкше тұлғалары танымындағы Абай мұрасы
Жалғыз қазақ халқының ғана емес, тұтас адамзаттың мақтанышы Абай Құнанбайұлы шығармаларының құндылығы уақыт өткен сайын артып, ұлтымыз бен әлемнің абыройын асқақтата түскендей. Ақынның биылғы 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейге көтеріліп, онлайн режімде кең көлемде өткізіліп жатқаны мәлім. Абайды тану, оның мұрасын бүгінгі және болашақ ұрпаққа насихаттау – барша Қазақстан азаматының айрықша парызы.
11 Қараша, 2020
Қаржыландыру Африканы қалай сақтап қалады?
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына коронавирус пандемиясынан кейінгі кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстар жөніндегі екі мақаланы ұсынып отырмыз. Еуропалық инвестиция банкінің президенті Вернер Хойер бүгінгі жарияланымында қарт құрлықтың қазіргі таңдағы әлемдік аренадағы жағдайына тоқталады. Оның пайымдауынша, Еуропалық одақ көшбасшыға айналуы керек. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Брюссельдегі саясаткерлер қаржыландыру мәселесіне баса назар аударғаны жөн. Африка даму банкінің бастамасымен құрылған Africa 50 инвестициялық алаңының директоры Элейн Эбобиссе пост-пандемия кезеңінде қара құрлықты тығырықтан шығаратын жол ретінде активтерді жекешелендіруді ұсынады. Автордың сөзіне сүйенсек, Африка елдерінің басшылары цифрландыруды белсенді жүргізіп, жекешелендіру мәселесіне ерекше ден қойғаны жөн.
11 Қараша, 2020
Дональд Трамп сайлау қорытындысына келісер емес
Республикалық партия атынан президент сайлауына түскен Дональд Трамп дүйсенбіде әділ сайлау үшін күресті бастайтынын мәлімдеді. Осылайша, Пенсильвания, Мичиган сынды әуелден нақты бір тарапты қолдамаған штаттардағы санақты тоқтатуға тырысты.
11 Қараша, 2020
АҚШ-тан сүйіншілеп жеткен жаңалықтардың легі толастар емес. Жақында коронавирусқа қарсы тиімді вакцинаның анықталғаны туралы жақсы хабар жетті.
11 Қараша, 2020
Татулық пен келісім – басты байлық ел үшін
Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуде. Елбасы құрған бірегей институт айтулы дата аясында Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатының мәні мен мақсатын ашып көрсете отырып, Қазақстан халқын біріктіруге басымдық берді. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің, ішкі тұрақтылық пен этносаралық қатынастардың, мәдениетаралық диалог пен толеранттық көзқарастардың ілгерілеуіне ықпал етті.
11 Қараша, 2020
Президент Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру керектігін айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдерін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру ісіне қолдау білдіруге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz
10 Қараша, 2020
Арбитраждар қызметі бизнеске қысым жасау құралына айналып бара ма?
Бүгінде Алматыда "Төрелік туралы" заңмен реттелген 12 арбитражды қызмет тұрақты жұмыс істейді. Десек те, қоғамда жеке қолға берілген төреліктердің қызметі кейбір жағдайларда бизнеске қысым жасау құралы ретінде пайдаланып келеді, деп жазады Egemen.kz
10 Қараша, 2020