Редакция таңдауы
Қазақстанда бір тәулікте 613 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 613 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2020
Шымкентте карантиндік шектеу мерзімі ұзартылды
Шымкент қаласында карантиндік шектеу шараларының мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz
06 Қараша, 2020
Атырау тұрғынынан қос азаматтық анықталды
Полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғынының 13 жылдан бері екі елдің азаматтығын заңсыз пайдаланып жүргенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
06 Қараша, 2020
Қазақстан-Ресей XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге шегерілді
Қазақстан-Ресей XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының уақыты кейінге шегерілді. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
06 Қараша, 2020
Бүгін Көкшетау қаласында ақ түйенің қарны жарылған сүйінішті оқиға орын алды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі медициналық мекемелерге 8 жылжымалы медициналық кешен, облыс орталығындағы жедел жәрдем станциясына 38 реанимобиль және ішкі істер саласы қызметкерлеріне 24 патруль, өрт сөндірушілердің саты орнатылған автокөліктерінің кілтін табыс етті. Көкшетаудың қоғамдық транспорты жаңа 16 автобуспен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz
06 Қараша, 2020
Сенатта су қауіпсіздігіне төнген қатерлер мен проблемаларды талқылады
Парламент Сенатында "Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі кездегі қауіп-қатерлер және оларды шешу перспективалары" тақырыбына арналған үкімет сағаты болды. Шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ су мәселелері жөніндегі сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Қараша, 2020
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2021 жылы Қазақстанның жаңа Су кодексі әзірленетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
06 Қараша, 2020
Алик Шпекбаев: Фронт-кеңселерді шағын кенттердің тұрғындары үшін де қамтамасыз ету қажет
Қостанай облысына сапары барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен бірге Рудный және Лисаков қалаларында болды, деп хабарлайды Egemen.kz
06 Қараша, 2020
Денсаулық қымбат па, той қымбат па?
Жаз айларында қос өкпесі қусырыла тарылып, бір жұтым ауаға зар болған науқастардың ауыр жағдайы ұмытылған секілді. Олай деуімізге себеп – тұрғындардың карантин шараларын сақтамауы, тіпті мейрамханаларда отбасылық басқосуларды дүрілдетіп өткізу тыйылар емес. Мәселен, өңірдегі 110 мобильдік топ мүшелері өткен жұма мен сенбі-жексенбіде сауда орталықтары мен кафе-мейрамханаларда, сондай-ақ азық-түлік дүкендерінде шектеу шараларының бұзылғанын анықтады. Әсіресе тұрғындар үйлену, мерейтойларды өткізуден бас тартпай отыр.
06 Қараша, 2020
Өңірде карантиндік шектеулер күшейтіліп, 7 қараша сағат 00.00-ден бастап санитарлық бекеттер жұмыс істей бастайды. Кешкі 21.00-ден таңғы 06.00-ге дейін көшеде жүруге тыйым салынды, демалыс күндері локдаун сақталады. Бұл жөнінде өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
06 Қараша, 2020
МӘМС аясындағы қолжетімді медициналық қызметтер
Биыл 1 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелген азаматтардың жалпы саны 1 191 650-ге жетті.
06 Қараша, 2020
Карантин тәртібін мобильді топтар қадағалауда
Елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін мобильді топтар ұдайы рейд жүргізіп, карантин талаптарының сақталуын қадағалап жатыр.
06 Қараша, 2020
«Бақытты отбасы» іскерлікке бастайды
Алматыдағы кыз-келіншектер мен көпбалалы аналар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін қолға алынған «Бақытты отбасы» бастамасы бұдан былай басқа бағытта жұмыс істеуі бек мүмкін. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тағдыр тәлкегіне тап болған әйелдерді әлеуметтік қолдау орталықтарына барған кезінде осындай шешім қабылдады.
06 Қараша, 2020
Бағдарлама арқылы 330 мың тұрғын үй салынды
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі. Ресми мәліметтерге сәйкес, 15 жылдың ішінде пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 2-6 есеге артып, баспана құрылысына салынатын инвестициялар 5-6 есеге өсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.
06 Қараша, 2020
Орыстың әйдік ақыны Пушкин атақты «Капитан қызы» повесінің алғашқы нұсқасын отқа тастаған деседі. Шала туған шығармасының алдынан мешел ғұмыр күтіп тұрғанын бағдарлаған Набоков пен Достоевский де соны қайталайды. Енді қараңыз, сол күлге айналған қолжазбалар оларды шығармашылықтың биік шыңына алып шығады ғой. Ал Михаил Булгаков «қолжазбалар жанбайды» деп нүктелегенімен, данышпан Гоголь бұл сөзді жоққа шығарыпты. Бұл қатарға әдебиет тазалығын ойлаған Борис Пастернактың қиқарлығын да қосып қойыңыз.
06 Қараша, 2020
Әділ шешім – әділетті қоғамның бастауы
Төрткүл дүниені шарпыған қауіпті індет мемлекеттің қауіпсіздігі мен экономикалық жағдайының қандай екенін айқындап, баға бергендей. Өйткені айналдырған бір жылға жетпейтін уақытта алпауыт елдердің өзі қандай амал, шара қабылдарын білмей абдырап қалған сияқты. Бұл ХХІ ғасырдың ең үлкен апаты, қарусыз майданы, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіріп, күн санап өршіп бара жатқан аты жаман ауруға айналды.
06 Қараша, 2020
STEM бағыты бойынша орталықтар керек
Технологияның дамыған заманында сұранысқа ие мамандықтар тізімі ғана емес, адамның меңгеруі тиіс дағдылары да өзгеріске ұшырады. Цифрлы дәуірде ІТ саласының құлағында ойнаудың қаншалықты маңызды екенін көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Әлемнің алпауыт компанияларында тәжірибе жинап, еліміздің цифрлы дамуына үлесін қоссам дейтін жандар көп. Соның бірі бүгінгі кейіпкеріміз – Айна Досмахамбетқызы. Ол TechWomen бағдарламасы бойынша Қазақстан атынан Сан-Франциско қаласына барып, тәжірибеден өткен.
06 Қараша, 2020
Елорда экологиясы – елдің айнасы
Таза ауа таза ауладан басталатынына көпшілігіміз көңіл бөле бермейтініміз өкінішті. Айналамызға аяушылықпен қарасақ, жұтқан ауамыз жұпар аңқитыны айтпаса да анық. Табиғаттың тазалығы мен қоршаған ортаның қоқыстан ада болуы тәннің саулығына тікелей әсер ететінін естен шығармаған абзал. Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы экология жағдайының нашарлауына жол бермей, рұқсат берілмеген қоқыс орындарын көбейтпес үшін экология министрлігімен бірлесе бірқатар шара қабылданғанын мәлімдеді.
06 Қараша, 2020
Ерекше кештерімен белгілі еріктілер клубы
Жер-жердегі жұртшылыққа, әсіресе қайырымдылық жасауға етене жақын адамдарға «Ақтөбе қайырымды жандар» волонтерлер тобын таныстырып жатудың өзі артық. Өздерінің тақырыптық һәм ерекше кештерімен белгілі волонтерлер 2016 жылдан бері игі істерін атқарып келеді. Қамкөңіл жандарға дастарқан жайып, сол арқылы олардың бір сәтке болса да көңілін көтеруді көздеген үлкен жүректі жастар әртүрлі топтағыларды қатар қамтиды. Ал олардың осылай клуб құруына алматылық Айдын Тоқсанбаева деген белсенді қыздың бастамасы әсер еткен. Ол – идея авторы.
06 Қараша, 2020
Пандемия тудырған «партизан киносы»
Авторлық болса да, коммерциялық болса да, кино қымбат өнердің қатарына жатады. Табысқа көміліп қалуды көздеп, кассаға жұмыс істейтін режиссерлер түгілі, шығынға батса да нағыз шыншыл кино түсірумен айналысатын шығармашылық иелерінің өзі болашақ фильміне мемлекет тарапынан бөлінер бюджеттің молдау болғанын қалап тұрады. Сондықтан «тегін» деген сөзді естісе, киноның төңірегінде жүргендер миығынан күліп, мазақтап кетеді. Ал кинематографияда тегін түсірілетін фильмдер бар және ол «партизан киносы» деп аталады.
06 Қараша, 2020