Редакция таңдауы
Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі тұжырымдардың астарында, дәл қазіргі жағдайда, халқымыздың санасындағы «Дағдарыс» сөзін «Мүмкіндік» ұғымына біржолата ауыстыру уақыты келгенін меңзейтін ой жатыр. Әрине, бұл – аса батыл, қажетті әрі іске асуы тиіс мақсат.
10 Қыркүйек, 2020
«Әйелге тән емес» кәсіпте әйелдердің жетістігі көп
Энергетика дәстүрлі түрде ерлер саласы болып саналады. Күйзеліске төзімділік, қатаң талапшылдық, жылдамдық және кей кезде салқынқандылық – энергетик жұмысындағы осы қасиеттер мықты ер адамның бейнесін сомдайды. Дегенмен әйелдер де электр энергетикасы саласында бұрыннан өздерінің берік қағидаларын ұстанған.
10 Қыркүйек, 2020
Әр түйір дән алтынға баланған шақ
Биыл облыста 4905,9 мың гектар алқапқа жаздық дақылдар тұқымы себілді. Мұның ішінде бидай 3698 мың гектарды, арпа 651,6 мың гектарды, сұлы 60 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ тары, қарақұмық, ноқат, бұршақ, майбұршақ және жасымық тұқымдары да былтырғы ауқымнан көп себілді.
10 Қыркүйек, 2020
Тағдырдың жазуына амал бар ма? Сұм ажал тамыздың екінші жұлдызы күні Алаштың арда ұлы, ел мақтанышы Жақсылық Үшкемпіровті арамыздан алып кетті. Төбемізден жай түскендей болды. Жақсылықпен таныс болған қырық жылға таяу уақытта төрт Олимпиада ойындарында, Алматы мен Астанада өткен қысқы Азия ойындарында, бірнеше халықаралық жарыстарда, Өскемен мен Семейде, Шығыстың аудандары Көкпекті, Жармада бірге болған едік. Сонда байқағаным, Жәкең нағыз халықтың сүйікті ұлы болды.
10 Қыркүйек, 2020
10 қыркүйекте көрсетілетін телесабақтардың кестесі
Білім және ғылым министрлігі 10 қыркүйекте өтетін телесабақтардың кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2020
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына қар түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
09 Қыркүйек, 2020
Грекияда Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалатын радио ашылды
Грекия елінде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттайтын жаңа онлайн радио ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
09 Қыркүйек, 2020
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бүгін Президент әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес қала әкімінің орынбасары болып Айманбетов Маулен Зарлықұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2020
Маска тақпағандар табытқа салынады
Индонезияда бетперде тәртібін бұзушылар табытқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2020
Қазақстан қор биржасының ақпараты бойынша, таңғы сессия қорытындысында доллардың орташа бағамы 426,06 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz
09 Қыркүйек, 2020
Үкімет Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Қыркүйек, 2020
Ахаңды айтқаны – Алашты айтқаны
Сөз жоқ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы бұл мемлекеттің жыл бойғы бағыт-бағдары, ұлттық бағдарламасы басты құжаты болып саналады. Сондықтан болар, жұрт әр Жолдаудан елеңдеп жаңалық күтеді.
09 Қыркүйек, 2020
Қазыналы Көкшетау, қасиетті Қараөткел
Табиғаты талайды тамсандырған өлкенің тарихы да қатпар-қатпар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы өткеннің өміршең тарихын жаңғыртып, жас ұрпақты тәрбиелеуге тамаша септігін тигізуде. Бүгін оқырман назарына өңірдегі киелі жерлердің тарихын там-тұмдап ұсынсақ, жалпақ жұртқа ортақ қазынаның жұқанасы септігін тигізер еді.
09 Қыркүйек, 2020
Демографиялық ахуал және көші-қон
Биылғы Президент Жолдауының ерекшелігі, қоғамда қалыптасқан маңызды мәселелерге шешім табатын бағыттарды белгілеуінде. Жолдауда елдегі тұрақтылықтың, экономиканың әлемдік өзгерістер мен заман талабына сай қалыптасуының, адами капиталды дамытудың басты бағыттары әр сала бойынша сараланып белгіленген.
09 Қыркүйек, 2020
Түркістанда жазылған «Қисса-дастан Шыңғыс хан»
Қазақстанның байырғы және ортағасыр тарихы археологиялық зерттеулерге және алыс немесе көршілес орналасқан елдерде тұрған Шығыс пен Батыстың авторларының жазбаларына негізделеді. Қазақстан тарихына қатысты қазақ жерінде жазылып бізге аман жеткен қолжазбалар саусақпен санарлық. Осындай жергілікті жазба деректердің қатарына Түркістан қаласында 1228 ж./1813 жылы жазылған «Қисса-дастан Шыңғыс хан» атты қолжазба жатады. Біз бұл қолжазба туралы алғаш рет Үсенхан Жамалханұлы Тұрсынбай деген Төреарық ауылының тұрғынынан естіп білдік. Ол Түркістан қаласының соңғы ханы Тоғайдың ұрпағы болып табылады. Осы кісі Тоғайдың інісі Әліақбар ханның ұрпақтары қолында металдан соғылған ту басы мен мұқабасы сиыр терісімен қапталған қолжазбаның сақтаулы тұрғанынан хабардар еткен болатын.
09 Қыркүйек, 2020
Ақын Ақсұңқарұлының шығармашылығымен сонау ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан таныспын. Жастық жалыны от-қызуымен шарпитын ерекше жырларымен әдебиет майданына атойлап еніп еді. Енгені сол – алғы шепке арындап шыға берген.
09 Қыркүйек, 2020
Егіннің жартысынан көбі жиналды
Республикадағы астықтың 66,4 пайызы жиналды. Маусымдық жұмысты бірінші болып Жамбыл облысы аяқтады. Жақын күндері оңтүстіктегі өзге де өңірлер жиын-терін жұмыстарын тәмамдамақ.
09 Қыркүйек, 2020
Жинақтан алынған ақша нарыққа қалай әсер етеді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы қорында шекті мөлшерден асатын жинағы бар азаматтардың пайдалануына сол қаржының бір бөлігін беру туралы шешімі қоғамды дүр сілкіндірген оқиға болды. Еліміздегі мұндай азаматтардың нақты саны 721 мың адам. Міне, осы азаматтар келесі жылдың қаңтар айынан бастап сол қаржыны өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге жұмсай алады. Сонымен қоса қаржы компанияларының басқаруына бере отырып, кірістерін арттыра алады.
09 Қыркүйек, 2020
Еуроодақ экологияны оңалтуға мүдделі
Жуырда Қазақстанның ұлттық сарапшылары «Электр энергетикасындағы ең озық қолжетімді технологияларға көшу тәжірибесі: ірі энергетикалық қондырғылар» атты вебинарға қатысты. Вебинарды аталған Еуроодақтың «Еуропалық Одақ – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық» (WECOOP) жобасымен ынтымақтаса отырып Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) ұйымдастырды.
09 Қыркүйек, 2020
Кентау қаласына қарасты Қаражон елді мекенінің тұрғындары журналист-жазушы Ордабек Шаяхметовтің есімін қатты қадірлейді. Өйткені ағамыздың Қаражон елді мекенінің гүлденіп, түрленуіне қосқан еңбегі орасан.
09 Қыркүйек, 2020