Редакция таңдауы
Кентау қаласына қарасты Қаражон елді мекенінің тұрғындары журналист-жазушы Ордабек Шаяхметовтің есімін қатты қадірлейді. Өйткені ағамыздың Қаражон елді мекенінің гүлденіп, түрленуіне қосқан еңбегі орасан.
09 Қыркүйек, 2020
Мағзұм Мырзағалиев: Ағын суларды тазалау құрылғыларын модернизациялауды жеделдету керек
Министр Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ағын суларды тазалау құрылғыларының модернизациясымен танысты. Сондай-ақ, мұнда механикалық тазалау ғимараттарының, ағын сулардың ашық тоғандарының реконструкциясын, 860 гектар аумақтағы "Тухлая балка" булану алаңының рекультивациясын жүзеге асыруға бағытталған "Тазалық" жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Қыркүйек, 2020
Ақтөбеде коронавируспен күреске жұмылдырылған әрігерлерге жалақы төленбеген
Ақтөбе облысында коронавирус індетімен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің жалақысы кешіктіріліп жатыр. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәселеге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
08 Қыркүйек, 2020
Синоптиктер елордада және өзге 9 өңірде ескерту жариялады
"Қазгидромет" РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
08 Қыркүйек, 2020
Мектеп оқушылары дәстүрлі оқу форматына қашан көшеді
ілім және ғылым министрлігі оқушыларды дәстүрлі оқуға қайтару туралы ата-аналардың Президент пен Білім және ғылым министріне жазған петициясына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
08 Қыркүйек, 2020
Алматылықтар коммуналдық қызметке екі млрд теңге қарыз
Алматы тұрғындары коммуналдық қызметке екі млрд теңге қарыз, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
08 Қыркүйек, 2020
Көкшетаулық дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған сәбиді аман алып қалды
Көкшетауда дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Қыркүйек, 2020
Н.Тілендиев шығармаларына арналған онлайн байқау өтеді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласындағы "Ұлы адамдарды мақтан тұту керек. Олардың есімдері тарихта жоғалмауы керек, бүгінгі күннің мақтанышы болуы керек" деген сөздеріне сүйене отырып, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясының ұжымы музыкалық өнер саласындағы өткен және қазіргі заманның ұлы қайраткерлерінің бейнелерін қалыптастыруға және олардың шығармашылығын ұлықтауға бастама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қыркүйек, 2020
Қытайда әлемдегі ең ұзын шыны көпір ашылды
Қытайда әлемдегі ең ұзын аспалы шыны көпір ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Қыркүйек, 2020
Бас прокуратура Президент тапсырмасын орындау бойынша пилоттық жобаны іске қосады
Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов Павлодар облысына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы негізгі шешімдерді келісу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қыркүйек, 2020
Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы азаматтық айналымға шықты
Ресейде коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясы азаматтық айналымға шықты. Жақын арада дәрі-дәрмекті Ресей аймақтарына жеткізу күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезек күттірмейтін өзекті мәселелерге баса назар аударылған және олардың шешу жолдары көрсетілген, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындаған жаңа Жолдауын жариялады.
08 Қыркүйек, 2020
ХІХ ғасырдың сәулетін сақтаған Бершүгір шипажайы қараусыз тұр
Бұрынғы Орынбор-Ташкент, қазіргі Батыс Қазақстан темір жолының бойында, ақтүтек бораны қыс бойы жер-дүниені жауып тұратын Мұғалжар тауының етегінде Бершүгір темір жол бекеті бар. Қоңыр қыраттың бауырында қоңыр тіршілік кешіп жатқан ауылдың қатар тұрған қос бекеті пойызбен өткенде айрықша көрініп тұрады.
08 Қыркүйек, 2020
Мәңгіліктің сыр шертер мұнарасы
Бұл мұзарт шыңдарды шығыс шайыры Фирдоуси өзінің «Шахнама» поэма-эпосына өзек еткен. Оны айтамыз-ау, XI ғасырда атақты араб саяхатшысы Әл-Идриси қат-қат қолжазбаларына бейнелеп, таңғала толғанады. Ол аз десеңіз, Александр Македонский мен Юлий Цезарь да осы тауға құмартқан. Сол асқақ құмарлықтың алып-ұшпа сезімі атқа мінгізгенімен, сыр бойында екеуіне де жеңіліс дәмін татқызыпты. Ал Геродот ақсақал алтын, мыс, күміс сынды бағалы металдар өңделіп, өнімдері Азия мен Еуропаны шарлағанын дәйектейді.
08 Қыркүйек, 2020
Халықаралық жоғары талаптарға жауап беретін үлгі керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына, оларды қылмыстық қудалауға негізсіз тартуды тоқтатуға, сот әділдігінің сапасына ерекше мән берді.
08 Қыркүйек, 2020
Иә, бұл Серік Сәпиевтің әлем чемпионы атағын алғаш иемденген 2005 жыл еді. Кеншілердің Абай атты шағын қаласы қайсар ұлының жеңісіне шаттанып, ата-аналар балаларын топ-тобымен бокс үйірмесіне беріп жатқан мезгіл-тін. Бірақ дәл сол кезде күндердің бір күнінде саңлақ Сәпиевтің құтты орынын басатын бір ұяң балақайдың да бокс залының табалдырығын имене аттағанын жан баласы білмеген еді...
08 Қыркүйек, 2020
«Жас ғалым» ұғымын заңды түрде бекіту ұсынылды. Бұл туралы Jas Otan Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын талқылау мақсатында өткізілген бейнеконференцияда мәлім болды.
08 Қыркүйек, 2020
Қайсы бір этностың өзіне тән, сан ғасырлардан бері үзілмей келе жатқан құндылығы болады. Осы құндылық қауымды ыдыратпай тұтастандырып тұрады. Яғни ол құндылық – сыртқы әсерлердің кері әрекетінен сақтайды. Неміс оқымыстысы В.Гумбольд айтқандай, ұлттың жойылып кетуден сақтап тұратын данышпан рухани ұстыны болады. Сол ұстынды ұрпақтан ұрпаққа бұзбай жалғастыра алған жұрт қана бүгінгідей жаһандану дәуірінде басқа мәдениеттің жетегіне жұтылып кетпей, өз бетімен өмір сүре алады.
08 Қыркүйек, 2020
Алабөтен қуанатыным, Алпысбай талантына адамзаттың Айтматовы көзі тірісінде жоғары бағасын беріп кетті: «Алпысбай Қазығұловтың туындыларын осыдан 10 жыл бұрын, нақтырақ айтқанда 1996 жылы наурыз айында алғаш рет Брюссель қаласында көрдім. Қазіргі заманның көрінісін дөп басқан картиналардан қазақтың дархан даласына, туған еліне, Жер-Анаға деген сүйіспеншілік сезілетін Алпысбайдың суреттері мені бірден баурап алды. Сол күні автордың жеке көрмесінде онымен танысудың да сәті түсті. Суретші қылқаламынан туған дүниелерде жалғандық жоқ. Шығармалары бүгінгі заманның тілімен үн қатса да, баба дәстүрінен алыстап кетпеген. Қылқаламына тәуелді туындылар «модернистік» формада болғанымен, тақырыбы бойынша әлем шешімін таппаған мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді».
08 Қыркүйек, 2020
Foodservice нарығынан кеткендер көбейді
Әлемдік экономика үшін биыл күтпеген соққылар көп болды. Пандемияның салдары бизнестің көптеген маңызды салаларын есеңгіреткені анық. Әрине, бұл Қазақстанға да қатысты. Жуырда ABR мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Асқар Байтасов Forbes.kz-ке берген сұхбатында қоғамдық тамақтану нарығындағы белді ойыншылардың қатары әлдеқайда азаятынын айтты.
08 Қыркүйек, 2020