Редакция таңдауы
Көкнәрі құрамынан COVID-19-дың емі табылды
"Августа университеті ауыр коронавируспен ауыратын науқастардың өмірін сақтап қалудың жолын іздейді. Кейбір американдық ғалымдар марихуана құрамындағы ингредиенттердің бірі, каннабидиол, осыған көмектеседі деп мәлімдейді", - деп жазады Egemen.kz аталмыш университет сайтында жарияланған деректерге сілтеме жасап.
14 Тамыз, 2020
Елордада адам мәйітін өртейтін крематорий салынбайды
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов халық арасында шу болған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
14 Тамыз, 2020
Елімізде қандай ауру түрлері азайған?
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанда қандай ауру түрлері азайғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Тамыз, 2020
Алматыда оқушыларға автобус сатып алуға 1 млрд теңге бөлінді
Алматыда оқушыларға 71 автобус сатып алуға 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл туралы Алматы облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
14 Тамыз, 2020
Шәмші – дос... Шәмші – сырлас... Шәмші – бауыр... Қазақ ән өнері үшін аяулы осы бір ныспыны еске алғанда, әрине ойға көп дүниенің оралатыны рас. Өйткені бізді шығармашылықтан бөлек, адами ізгі қарым-қатынас, достық пейіл, ниеттестік де табыстырғаны хақ. Шәмшімен алғаш рет 1957 жылдың қараша айында Қазақстан композиторлар одағының кезекті байқауының талқылау сәтінде жүздесіп, сол жерде таныстық. Сол таныстық кейін екеуміздің шығармашылық өмірімізге үлкен бір даңғыл жол ашып берді. 1957 жылдың аяғынан бастап эфирге бірге шықтық. Содан бері өле-өлгенше жұбымыз жазылған жоқ. Тіпті бір үйде тұрдық. Отбасын құрғанымда Шәмші «Бәрінен де сен сұлу» деген әнін үйлену тойымызға шашу ретінде әкеліп, дастарқан үстінде тұсауын кескенбіз. Сондықтан да Шәмші әндерінің көпшілігінің туу тарихы күні кешегідей көз алдымда.
14 Тамыз, 2020
Вирусты жоятын бетперде өндіреді
Қазақстандық «Qamqor Tech» компаниясы Израильдің Sonovia компаниясымен бірлесіп, елордада «SONOMASK» атты вирусқа және бактерияларға қарсы көп реттік маска өндірісін іске қосты. Израильдік технологиямен жасалатын ерекше бетперде вирус пен бактериядан қорғап ғана қоймай, оны жойып жібереді.
14 Тамыз, 2020
Қытайдың Хубэй провинциясының тұрғыны 68 жастағы әйел адам COVID-19 індетімен қайтадан ауырып қалған.
14 Тамыз, 2020
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел көлемінде «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Облыста «Шығыс Қазақстанның киелі орындар картасы» әзірленген болатын. Бүгін өңіріміздегі киелі мекендер жайында сөз қозғамақпыз.
14 Тамыз, 2020
Абайдың өлеңдері корей тілінде жарық көрді
Ұлы Абайдың өлеңдерін енді оңтүстіккореялық оқырмандар да оқи алатын болды. Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігінің қолдауымен корей тілінде Абай Құнанбайұлының өлеңдері қамтылған «Алтын шаңырақта шырқалған ән» атты кітап жарық көрді.
14 Тамыз, 2020
Ұлыбритания экономикасы құлдырады
Әлем елдерінің, оның ішінде дамыған мемлекеттердің экономикасы пандемия кесірінен қиындыққа тап болып жатыр. Мұндай жағдайдың болатыны індет алғаш өршігенде-ақ айтылған еді. Осы аптада Ұлыбританияның ұлттық статистика басқармасы (ONS) ел экономикасының рецессияға ұшырағанын ресми мәлімдеді.
14 Тамыз, 2020
Менің репертуарымда Шәмші ағаның әндері мол болғанымен, өмірде ол кісімен көп жолыққаным жоқ. Композиторды ең алғаш 1975 жылы көрдім. Онда Алматыға жаңа келген кезім. Жеңістің 30 жылдығына арналған республикалық байқауға қатысатын болдым.
14 Тамыз, 2020
Жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 340 мыңға тарта адам екі қолға бір күрек тауыпты. Бұл Үкіметтің жұмыспен қамту жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дерегі. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асырып келеді.
14 Тамыз, 2020
Әлемнің жетекші компанияларын таңдандыру оңай емес. Десек те, Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Асқар Әлмұхаметов домбыра шертуді үйрететін симулятор жасап, Apple компаниясының инновациялар жобасына ұсынған еді.
14 Тамыз, 2020
Бәрімізге бір самғау қажет еді...
Бауыржан Үсенов есімі өлең дүниесінде көркемдік пен тазалық, серілік пен бекзаттық мысалымен қалды. Сексенінші жылдары әдебиетке келген тегеурінді буынның топ басынан көрініп, алқа ішінде айшықты боп, достық пен жастық гүлзарында сұлу әнімен, сыршыл жырымен сүйкімі артқан ақын тірі болғанда осы күндері алпыстың асқарына да шығар еді. Небәрі отыз бір жыл ғұмыр кешіп, қысқа ғұмырында көңіл қырқасын гүлге орап, ой құбыласында оттай жанып жыры да қалыпты. Тамызда туған ақынның тамылжытып салған әні, толғантып жазған жыры тұстастарының да, кейінгі жас буынның да ортасынан елеулі бір күйде естіліп жатады. Ақынның алпыс жылдығы алдында топтама өлеңдерін ұсынуды жөн көрдік. Редакциядан
14 Тамыз, 2020
23 мың алматылық жұмысқа орналасты
Жыл басынан бері "Еңбек" бағдарламасы бойынша 23 мыңға жуық алматылық жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Тамыз, 2020
Шри-Ланкада бір отбасынан төрт адам министр болды
Осы сәрсенбіде Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса ағасы Махинда Раджапаксаның төрағалығымен министрлер кабинетінде отыратын тағы екі туысының есімдерін атады. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
13 Тамыз, 2020
Аргентина мен Мексика бірігіп вакцина шығармақ
Аргентина президенті Альберто Фернандес Оксфорд университетінде жасалған КВИ-ге қарсы вакцинаны Мексикамен бірлесе шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz REGNUM агенттігіне сілтеме жасап.
13 Тамыз, 2020
Елордадағы 27 медициналық ұйымның жоспарлы қызметі қайта жанданды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жаңартылған уақыты, күні көрсетілген медициналық көмек көрсететін ұйымдардың тізбесі берілген. Тізбе үнемі жаңартылып отырады, - деп хабарлайды Egemen.kz
13 Тамыз, 2020
Даңқты баскетболшы 61 жасқа толады
Әлемдік баскетболдың жарқын жұлдызы, Олимпиада чемпионы, өзінің спорттық карьерасында талай рекордық көрсеткішке қол жеткізген Ирвин "Мэджик" Джонсон 14 тамызда 61 жасқа толады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Тамыз, 2020
Балқаш қаласында тұратын Николай Савидовтың қолынан келмейтіні жоқ. Он саусағынан өнер тамған ол иненің көзіне микроскопиялық мүсіндерді сыйдырады, адам шашынан шахмат тастарының мүсінін жонады және тауық жұмыртқасының сыртына тағаларды қағады.
13 Тамыз, 2020