Редакция таңдауы
Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтааралға көмектесіп жатқан азаматтарға алғыс білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Мақтааралға көмектесіп жатқан азаматтарға алғыс білдірді.
11 Мамыр, 2020
Президент Мақтааралда күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңасы салынатынын мәлімдеді
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты.
11 Мамыр, 2020
Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді - Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей беретінін және індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін екенін айтты.
11 Мамыр, 2020
Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді - Президент
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты.
11 Мамыр, 2020
Қ.Тоқаев: 1 млн 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты, сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн
Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында жасаған мәлімдемесінде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн екенін атап өтті.
11 Мамыр, 2020
Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталды - Президент
Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылатынын айтты.
11 Мамыр, 2020
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 жағдай тіркелді
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 12 адам тіркелді, оның ішінде Алматы қ. – 3, Қарағанды облысында – 5, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, Ақтөбе облысында 2 адам.
11 Мамыр, 2020
Атырау: Бүгін карантин режимі сақталады
Облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша, 11 мамырда Атырау қаласында карантин режимі толықтай сақталады.
11 Мамыр, 2020
Мақтаарал тұрғындары Усманов қоры бөлген қаражаттан мың долларлық сертификат ала бастады
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі эвакуацияланған мақтааралдықтардың алғашқы легі Әлішер Усмановтың қорынан бөлінген қор қаражатының сертификатын ала бастағанын хабарлады.
11 Мамыр, 2020
Соғысты жаудың ұясында аяқтаған
Қазақтың «Жақсы әке – балаға қырық жыл азық» деген дана сөзі бар. Балаларына ғана емес, ел-жұртқа, айналасына қамқор болып, абырой-құрметке бөленген батыр әкемнің өнегелі өмірі – ұрпағына мәңгілік мұра. Жыл сайын Жеңіс күні келгенде ел басына күн туған қасіретті жылдардың нүктесін жаудың ұясы Берлинде қойған әкем Қадан Бекеновтің ерлігін еске алып, кеудемді мақтаныш кернейді.
11 Мамыр, 2020
Қазақта «Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық» дейтін тәмсіл бар. Бұрынғының даналарынан қалған бұл мәтел әлі де маңызын жойған жоқ.
11 Мамыр, 2020
Өткен жылдың аяғында басталып, жаңа жылдан соң әлемге кеңінен тарала бастаған коронавирус атты індеттің елімізде таралмауы үшін Президент Қ.К.Тоқаев тышқан жылы қарсаңында төтенше жағдай жариялап, шекараны ғана емес, қалаларды карантинге жапқаны белгілі. Осы жағдайға байланысты біздің университет студенттері де алдын ала үйлеріне, Қазақстанның түкпір-түкпіріне жіберілді.
11 Мамыр, 2020
Қарсақбайдан Берлинге дейін...
Қазақ металлургиясының астанасы Қарсақбайдан Берлинге дейінгі ара қашықтық 4631 шақырым болады екен. Бұл әңгіме осы ара қашықтықты Екінші дүниежүзілік соғыстың қанды қырғын майданының соқпақтарымен 1365 күнде кешіп өтіп, Рейхстагта Жеңіс туын тігіп, еліне аман-есен оралған ержүрек жауынгер Бектай Әбсаттаров туралы болмақ. Басқалай айтқанда, 69-ыншы гвардиялық Қызылтулы, «Александр Невский», «Суворов», «Кутузов» орденді, Сандомирлік танкілер полкінің Т-34 танкісінің зеңбірек командирі – Бектай майдангердің өз қолымен жазып қалдырған естеліктерінен үзінділерді оқырманға ұсынуды жөн көрдік.
11 Мамыр, 2020
Кешіккен қаржының кесірі күзде тимесін
Биыл көктемгі дала жұмыстарын уақтылы әрі сапалы атқару мәселесіне ел Президенті ерекше маңыз берді. Наурыз айының соңында жасаған мәлімдемесінде ол тек көктемгі егіс науқанының өзіне бюджеттен бұрын бөлінген 70 млрд теңгеге қосымша тағы 100 млрд теңге бөлуді тапсырды. Арада бірнеше күн өткенде Үкіметке форвардтық сатып алу тәсілін қолданып, биылғы өнімді кем дегенде алты ай бұрын саудалауды тағы бір ескертті.
11 Мамыр, 2020
Біз үшін биыл – ең елеулі жыл... Өйткені, Ұлы Жеңіске 75 жыл толса, сол соғыстың ардагері әкем тірі болғанда 100 жасқа толар еді.
11 Мамыр, 2020
Қалыбай Тасқұлов пен Алим Хакимов – қай елдің қаһармандары?!.
Оңтүстік Қазақстан (кейіннен Шымкент, қайтадан Оңтүстік Қазақстан деп аталған, қазіргі Түркістан) облысының құрамында 1932-1956 жылдары Бостандық деген аудан болғанын біреу білсе, біреу білмес. Себебі солақай саясаттың салдарынан 1956 жылдың ақпан айында аталмыш аудан көршілес Өзбекстандағы Ташкент облысының қарамағына еріксіз беріліп кеткен болатын. Міне, осы ауданнан Ұлы Отан соғысына аттанып, қанды майданда көрсеткен ерен ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атанған Қалыбай Тасқұлов пен Алим Хакимов сынды азаматтар шыққан.
11 Мамыр, 2020
Тайваньның тағдыры саяси дауға айналды
Тайваньды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына бақылаушы ретінде тіркеу мәселесі халықаралық дауға ұласып барады. Нақтырақ айтқанда, АҚШ пен Қытай арасындағы жанжалдың бір бөлігіне айналатын түрі бар.
11 Мамыр, 2020
Мигранттар Мальтаны мазалап тұр
Таяуда Мальта үкіметі мигранттарды игере алмай отырғанын айтып шағымданды. Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер Таяу Шығыс пен Африкадан ағылған мигранттар түйткілін тарқата алар емес. Аталған мәселе, әсіресе Жерорта теңізінің маңында орналасқан елдерге қиын соғып отыр. Өйткені босқан халық ең әуелі сонда барып паналайды.
11 Мамыр, 2020
Індет жұқтырған Алматылықтардың 92%-ы сыртқы ортамен байланыста болмағандар
Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
10 Мамыр, 2020
Педагогтердің шамадан тыс есеп беру мәселесін түбегейлі шешетін бұйрық қабылданды
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов хабарлады.
10 Мамыр, 2020