Редакция таңдауы
Шикізат пен азық-түлік бағасы теңесуі мүмкін бе?
Жаһанды жаппай COVID-19 пандемиясы белең алғалы экономикасы шикізатқа тәуелді елдердің жағдайы күн санап қиындай түсуде. Энергетика мен бағалы металдар бағасының арзандауы өз алдына, қара алтын саналатын мұнайдың құлдырауы тізімнің көшін бастап тұр. Дүниежүзілік банктің дайындаған кезекті баяндамасында жақын арадағы әлемдік экономикалық ахуалға болжам жасалып, дамушы елдердің ендігі басымдық беруі тиіс секторлары айқындалды.
29 Сәуір, 2020
1918 жылы Алаш автономиясының өмірінен алынып жазылған «Мұрат үшін майдан» атты тұңғыш Алаш пьесасының авторы Мұхтизар Титақов кім? Бұл бір нысаналы тағдыр.
29 Сәуір, 2020
Экспресс-тестілеуді 15 528 адам тапсырды
Коронавирустық инфекцияның қазіргі жағдайы, қаладағы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын қалпына келтіру жөніндегі шаралар туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.
29 Сәуір, 2020
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызға арнаған мәлімдемесінде төтенше жағдай кезеңінде халыққа көрсетілген қамқорлық шараларын атап өтіп, мемлекет өз азаматтарын назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді. Сонымен бірге төтенше жағдай режімін 11 мамырға дейін созды. Десе де сақтық шараларын қатаң сақтауды жалғастыру қажет екенін жеткізді.
29 Сәуір, 2020
Халық өмір сүрсе, мемлекет те өмір сүрмек
Бауырлас Түркия еліндегі замандастардың пандемия кезіндегі жұмысын білу үшін Түркия Республикасы Жастар және спорт министрлігіне қарасты Самсун Атакум жастар бірлестігінің жетекшісі Талха Дамен әңгімелескен едік. Қазақстандық студенттердің елге қайтуына көмектескен Түркиядағы волонтер жастардың жұмысы туралы сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
29 Сәуір, 2020
Снаряд жарқыншағы үйде сақтаулы тұр
Атамыз Малгаждар Зайырұлы (кейбір құжаттарында Заиров деп жазылған) – Ұлы Отан соғысының ардагері. 1923 жылдың 5 наурызында Тарбағатай ауданының Қамысты фермасының жоғарғы жағындағы Зайыр қыстауында дүниеге келген.
29 Сәуір, 2020
Қамқорлықтан қағажу қалған емеспіз
Мен – І топтағы мүмкіндігі шектеулілер санатындағы жанмын. 2007 жылы жол апатына түсіп, бел омыртқама зақым келіп, ұзақ уақыт төсек тартып жаттым. Құсаға батып, өзіңді іштей кеміріп, жатсаң жата береді екенсің.
29 Сәуір, 2020
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 8 адам тіркелді
Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
28 Сәуір, 2020
Қызылорда: Кәсіпкерлер палатасы диқандар алаңын сейілтті
Елімізде жарияланған төтенше жағдай кәсіптің қай саласы үшін де оңай соқпады. Әйтсе де, оларға осы күрделі кезеңде кәсіпкерлік палатасы көп көмек көрсетіп келеді. Палата қолдауымен мәселесі оң шешілген қызылордалық диқандардың бұл сөзіміздің дәлелі.
28 Сәуір, 2020
15 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
15 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 769-ға жетті.
28 Сәуір, 2020
Қазіргі қоғамда орынды-орынсыз мақтау көп. Мақтан сүйгіштік – өзін байсалды тұлға ретінде сезіне алмайтын, жетілмей қалған иллюзиясын толтырудың басқа тәсілін таппаған пенделерге тән. Бізге Алла Тағаланың әмір-үкімін жеткізуші Мұхамед пайғамбардан жеткен өсиеттің бірінде: «Жаратушының ең жек көретін нәрсесі – мақтан және мақтан үшін жасалған амалдар» дейді. Демек жалған мақтау ол сауапты күйдіретін – күнә.
28 Сәуір, 2020
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 16 наурыздан бастап енгізілген төтенше жағдайға байланысты халыққа үндеуін жолдады. Президент өз мәлімдемесі арқылы осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан халыққа, бизнеске көрсетілген қолдау іс-шараларының барлығы әлі де әрі қарай жалғасын табатынын жеткізді.
28 Сәуір, 2020
Үміт жібін жалғаған үшбұрыш хаттар...
Қан қасап майдан даласынан жолданған үшбұрыш хаттар бүкіл ел болып сағына тосқан, сарғая күткен азаматтардың амандығын жеткізер еді. Бір жапырақ қағаздың бетіне сөзбен сипаттауға келмейтін жан толғанысы, алабұртқан сезім, алапат сағыныш сыйып тұрар еді. Тылдағы, ауыртпалығы майданнан бетер, оқ атылмады, қан төгілмеді демесең, бейнеті белшеден келер жерде жүргендер үшін де үшбұрыш хаттың құны тым қымбат болған шығар. Пошта тасушының жолын қарайлаған, қолына телмірген, бар болып шықса төбесі көкке екі-ақ елі жетпей қалғандай қуанған, өзін жер бетіндегі жалғыз бақытты адамдай сезінген толғанысты, тебіреністі сәттер аз болмаған.
28 Сәуір, 2020
Кеңес Одағы кезінде 1 мамырда Халықаралық ынтымақ күні деген мереке болып, бүкіл ауыл еңбеккерлері шеруге шығатын. Әдетте, әлемдегі еңбекшілердің басын біріктіретін мейрам саналатын 1 мамырдағы бейбіт шеруді ІІ дүниежүзілік соғыстан аман келген, кеудесі орден, медальдарға толы майдангерлер бастап жүреді. Олардың кейбірі әскери киімдерін киіп алады. Бәрі көңілді, қуанышқа толы, нағыз бейбітшілік мерекесі болады.
28 Сәуір, 2020
Пандемия – барша мемлекеттің басына түскен үлкен сын сағатына айналды. Бабаларымыздан қалған үш сынақ қағидасы бар – бақ сынағы, қиыншылық сынағы, қаза сынағы деген. Ұлтымыз өз тарихында бұл сияқты сынақтардан қаншама рет ауызбіршілігінің арқасында өткен, адамгершілігінің арқасында халық болып жабыла көтерген. Біздің, бүгінгі ұрпақтың да алдында – жұмыла көтеріп, тиімді шешімдер арқылы барлық мәселелерді еңсеру міндеті тұр.
28 Сәуір, 2020
Кеше «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирі арқылы онлайн брифинг өткізген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімдері туралы хабарлады.
28 Сәуір, 2020
АҚШ Арктикадағы ықпалын күшейту мақсатында Гренландияға 12,1 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек берді. Бұл қадам стратегиялық тұрғыда маңызға ие әрі Қытай мен Ресейдің солтүстік полюсте еркін тыныстауына кедергі келтірмек.
28 Сәуір, 2020
Экономиканы емес, елді сақтағандар тығырықтан тез шығады
Бір сәт өткен дәуірге көз тастайықшы. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегі. Испан тұмауы ғаламшарды бүркеген сәт. Әбігерге түскен әлем. Жең ұшынан жалғасқан жаһандық дағдарыс. Бәрі-бәрі дәл қазіргідей. Осы сурет, осы көрініс. Онда да мемлекет санасында екі-ақ сауал тұрды. Халыққа жәрдемдесеміз бе? Әлде экономиканы құтқарамыз ба?
28 Сәуір, 2020
Елордада 80 мыңға жуық адам жұмысқа шықты
20 сәуірде елордада бірқатар жұмыс орыны қайта іске қосылғаннан кейін 80 мыңға жуық адам жұмысқа шықты. Санитарлық талаптарды орындамаған 15 нысан жабылды.
28 Сәуір, 2020
«Сәлем – сөздің анасы» дейді біздің қазақ. Үлкенге сәлем беріп, алғысын алу – қазақ салт-дәстүрінің ең озық түрі. Сәлемі түзу балаға үлкендер «Көсегең көгерсін, жүз жаса, бақытты бол» деп алғыс айтқан. Дұрыс амандаспаса, «үлкенді сыйлай білмейді, көргенсіздің баласы» деп ата-анасын кінәлаған. Осылай баласына қарап, ата-анасына баға берген. «Атаңа сәлем бер», «Әжеңмен амандас», «Оң қолыңды беріп амандас» деп жастайынан үйреткен.
28 Сәуір, 2020