Редакция таңдауы
Ауылдағы қара шаңырақ қаңырап қалмаса екен!..
Былтыр облыста 12 ауыл жабылды. Ауыл тұрғындарының 8675-і қалаға қоныс аударды. Бұл бір жылғы ғана көрсеткіш. Ал соңғы жиырма жылда «болашағы жоқ» деген қаншама ауылдың іргесі сөгіліп, тұрғындары жайлы жер іздеп, үдере көшті.
12 Наурыз, 2020
Өзекті мәселелер қамтылған құжаттар талқыланды
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы жұмысқа алынып, бірқатар құжат талқыланды.
12 Наурыз, 2020
Бокс: Бекзат Нұрдаулетов алтын медаль олжалады
Иорданияның бас шаһары - Амманда бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін Азия және Тынық мұхиты аймағы турнирінің финалы өтіп жатыр.
12 Наурыз, 2020
Өскеменде өткен жаңа әліпби жобасын ашық талқылауда филолог ғалымдар, әдіскерлер тарапынан әртүрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Жұртшылық назарына ұсынылған жеті ұсынысқа жетпіс түрлі пікір білдірілді.
11 Наурыз, 2020
Қытайдан жүк тасымалдау тоқтамайды
Былтыр пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қазақстан темір жолы» біраз нәтижеге қол жеткізді. Компанияның апатсыз жұмыс үдерісі қамтамасыз етілді. Айталық, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу көрсеткіші алдыңғы жылға қарағанда 6 пайызға кеміп, жылжымалы құрамдардың жолдан шығып кету оқиғалары азайды. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев 2019 жылғы жұмысының қорытындысында айтты.
11 Наурыз, 2020
Коронавирус: Еуропа елдерінен қауіп көп
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус Еуропа елдерінде тез тарап жатқанын айтып, сақтық шараларының күшейе түсетінін жеткізді.
11 Наурыз, 2020
Нарықтық дүрбелеңге жол берілмейді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
11 Наурыз, 2020
Жуырда Жамбыл облысының Меркі ауданындағы ерекше қорғалатын таулы аймақта «Қызыл кітапқа» енген, бүгінде қар барысы аталып жүрген ілбістің бейнетаспаға түсіп қалғаны туралы ақпарат көпшілікті таңдандырған болатын.
11 Наурыз, 2020
Елбасының Рухани жаңғыру қағидасы әр жүректің көмбесіндегі жанартауды түрткілеп оятуымен құнды болып отыр. Осы тұрғыда батыр Баубек Бекмырзаұлының биылғы екі жүз жылдық мерейтойына байланысты тың ұсыныс-пікірлерін алға тартып жүрген Қабиболла Шаяхметовтің еңбегін ескерген жөн.
11 Наурыз, 2020
Күн райы жылып, қасат қардың көбесі күрт сөгілсе, Қостанай облысындағы жүзге жуық елді мекенді су басып қалуы мүмкін. Сондықтан биыл өңірде қауіпті кезеңге дайындық шаралары ерте басталды. Жыл басынан бері облыс тұрғындарына су тасқыны бола қалған жағдайда қандай амал жасау керектігі жөнінде жүйелі түсіндіру жұмыстары қолға алынған.
11 Наурыз, 2020
Қайбір жылы Шардара ауданы, Сүткент елді мекеніндегі Сырдария өзені жағасындағы қорғаныс дамбасын тасқын су шайған болатын. Жауапты мекемелер ондай жайттың биыл қайталанбайтынын айтуда. Облыс аумағында су тасқыны жағдайы Сырдариямен тікелей байланысты болғандықтан қатаң бақылауға алынған. Бүгінгі таңда Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 66 текше метр су жіберілуде. Өзен арнасында судың ағысы қалыпты, жағалаудағы елді мекендерге қауіп жоқ.
11 Наурыз, 2020
Биыл қарғын судан қауіп көп. Мамандардың есептеуіне қарағанда, облыстың кейбір өңіріне түскен қардың қалыңдығы жылдағы нормадан екі есе артық. Қар күрт ерісе, қарғын су да сол шамада болуы әбден мүмкін. Демек, осы бастан қапысыз қамданған ләзім.
11 Наурыз, 2020
Қазір тарих ғылымында орын алған тәуелсіз рухтан қанаттанған ахуал кімнің кім екенін қоғам алдында ашып көрсетті. Бүгінге дейін жазба тарихымызды жазған зерттеушілер негізінен бірнеше топтарға жіктеледі: Олардың алғашқылары біздің ойымызша, аузын ашса «иншалланың» орнына ескі әуенге жаңа қайырма жасайтындар, яғни тарихты саясиландырып, оны билікке жағыну құралдарына айналдырғандар. Мұндай кісілер президенттер ауысқан сайын тарихты да ауыстыруға бейім. Аға ұрпақта тағы бір тарихшылар тобы бар: олар кезінде тарихи шындықты айтқысы келсе де айта алмаған, сүбелі зерттеулерінде әдептілік, ұстамдылық танытып, әр тақырыптың басын бір шалмай, тұрақты бір кезеңнің айтуға, жазуға рұқсат етілген шындығын байыпты зерттеп баяндап, тарихи фактілерге сергек қараған, тарих майданында «ақ» пен «қараны» айқын айыра алатын, билікке емес, тарихтың өзіне белсенді қызмет еткен тарихшылар.
11 Наурыз, 2020
Турист көбейсе, браконьер азаяды
Ақтаудағы Қаракөл көлінің орнитофаунасының сақталуын экологиялық туризмнің құстарды тамашалау бағытын дамыту арқылы қамтамасыз етуге болады. Осындай пікірді экологиялық экскурсияға қатысқан Ақтау қаласының №8 орта мектеп оқушылары білдірді.
11 Наурыз, 2020
Қалдықсыз қоғам қалай құрылады?
Пластик қалдықтардан Жер шарының тынысы тарыла бастағанын экологтар айтып жүр. 1960-жылдары тұрмысымызды жеңілдетеді деп қуана патенттеген өнімнен адамзат енді құтылуға асығып, оны алмастыратын зат таба алмай басы қатып отыр.
11 Наурыз, 2020
Тастан түлкі табылар... (Аңшылық шаруашылығын дамытуды қайта қарау қажет)
Өркениетті елдерде аңшылық шаруашылығы әлдеқашан жолға қойылған. Айталық аңшылық туризм көркейген Канадада осы саладан жылма-жыл 12 млрд доллар табыс түсіп, соның 6 млрд доллары мемлекет қазынасына құйылады. Бұл сегмент арқылы «үйеңкі жапырақты» елде 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, табысын еселеп жүр.
11 Наурыз, 2020
XVII ғасырда Қазақ хандығын басқарған хандар саны – бірнешеу. Олардың билікте болған жылдарын жазба деректер арқылы нақты біле алмасақ та, әр ханның жеке басындағы ерекше қасиеттері мен белгілеріне, билік құрған жылдарындағы заманның ағымына, дәуірінің ерекшелігіне байланысты едәуір тарихтың елеулі беттерін парақтауға болады. Сол даңқты хандардың бірі де бірегейі – Жәңгір хан. Жәңгір – Есім ханның тарихта белгілі үш ұлының бірі.
11 Наурыз, 2020
«Арай» сөзінің мағынасы қандай? (видео)
Құрметті оқырман, «Сөз туралы сөз» деп аталатын жобамыздың кезекті саны жарық көріп отыр. Бұл жоба сіз бен бізге көнерген қазақ тілінің кей сөздерін жаңартып, қолданысқа енгізуге сеп болмақ.
10 Наурыз, 2020
Коронавирус: Чемпиондар лигасының матчы көрерменсіз өтеді
Коронавирустың таралуына байланысты француздық ПСЖ мен дортмундтық «Боруссия» арасындағы Чемпиондар Лигасының матчы көрерменсіз өтеді. Бұл туралы Париж полиция агенттігі хабарлады.
10 Наурыз, 2020
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12% деңгейіне көтерді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сыртқы сектор тарапынан тәуекелдерге теріс ықпал ету аясында баға тұрақтылығын қолдау қажеттілігіне негізделген базалық мөлшерлеменің деңгейі бойынша кезектен тыс шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
10 Наурыз, 2020