Редакция таңдауы
Жазушылар одағының мерейлі белесі
Биыл Алаштың арыстары іргетасын қалап, бүгінде бүтін қазақ әдебиетінің қарашаңырағына айналған қазақ қаламгерлерінің киелі ордасы – Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына және «Қазақ әдебиеті» газетінің жарық көргеніне 85 жыл толып отыр. Осыған орай Алматы төрінде ұлт әдебиетінің кәусар бұлағына баланған іргелі ұйымның өткені мен бүгіні сараланған мерейтойлық пленум өтті.
10 Желтоқсан, 2019
Темір жолды жағалап топ бала жүр
Арал ауданындағы Сексеуіл кенті – темір жол бойындағы ірі тораптық стансаның бірі. Станса арқылы өтетін «Бейнеу – Жезқазған» темір жолы пайдалануға берілгелі бері мұндағы халық саны да өсті. Кенттегілердің көпшілігі темір жол саласында еңбек етеді.
10 Желтоқсан, 2019
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
«Nur Otan» партиясы мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен елордада жыршы-термешілердің «Жыр-аманат» концерт-спектаклі өтті. Жыршылық дәстүрді кеңінен насихаттап, ата-бабадан жеткен асыл мұраны жұртшылыққа боямасыз жеткізуді мақсат еткен бұл кеште еліміздің әр аймағындағы жыршылық дәстүрдің өкілдері өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Жетісу», «Маңғыстау», «Қаратау», «Арқа», «Атырау-Жайық», «Сыр елі», «Ақтөбе» жыршылық дәстүрлерінің өнерпаздары ұлттық өнерімізге шөліркеген қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
09 Желтоқсан, 2019
Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті
Ел астанасында ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат еткен дәстүрлі «Алтын тұғыр – 2019» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Бәйге, Аударыспақ, Көкпар, Жамбы ату, теңге ілу, Қазақ күресі сияқты ұлттық спорт пен Тоғызқұмалақ, Асық ату және тағы да басқа ұлттық ойындардан ел намысын асқақтатып жүрген дарабоздар арнайы жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.
09 Желтоқсан, 2019
Парламент Мәжілісінде АӘК реформалау перспективалары талқыланды
Парламент Мәжілісінде «Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігі» тақырыбында үкімет сағаты өтті. Жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов депутаттар мен БАҚ өкілдеріне АӘК берудің жаңа тетіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
09 Желтоқсан, 2019
Дмитрий Баландин АҚШ-та топ жарды
Жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы, бүгінде даңқты бапкер Дэйв Салоның қол астында жаттығатын Дмитрий Баландин АҚШ-тың ашық чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
09 Желтоқсан, 2019
Қазақстан Елшісі Мажарстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Будапештте «Шандор» сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Жәнібек Әбдрашовтың Мажарстан Республикасының Президенті Янош Адерге сенім грамоталарын салтанатты тапсыру рәсімі болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
09 Желтоқсан, 2019
Қазақ халқы ел басына күн туғанда бірігіп қиыншылықтарды жеңіп, үш ғасыр (1453-1781 ж.ж.) өз мемлекеттігін, ұлан-ғайыр жеріне көз тіккен жаулардан өз ісінен елдікті, бірлікті жоғары қойған батырлар күшімен қорғап қалды. Ел тарихында тұлғалар отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресті, жер тұтастығы мен ел азаттығы үшін күресті де ұйымдастырып, басшылық жасады. Сондай тарихи тұлғаның бірі – Шағаман батыр Еламанұлы.
09 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік алғаннан кейін басқа зерттеу салаларындағы шешілмеген мәселелер секілді Қазақстан тарих ғылымының да оқшау қалған тұстары болды. Кейбір тарихи оқиғалар әр елдің тарихшылары тарапынан әртүрлі түсіндіріліп, кейде қарама-қайшы деректердің де орын алып жататындығы ғалымдарға таңсық жағдай емес. Сондықтан ғылым жолына енді қадам басқан жас ғалымдарға шетелдік әріптестерінің ғылыми көзқарастарымен, қызметтерімен танысып отыру кәсіби маман ретінде қалыптасуына мүмкіндіктер береді.
09 Желтоқсан, 2019
Қарағанды облысының әкімдігі мен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
09 Желтоқсан, 2019
Елорданың іргесіндегі Қосшы ауылында «Дара – бизнес академиясы» мектеп-лицейі ашылды.
09 Желтоқсан, 2019
Қазақстанда денсаулықты сақтаудың, нығайтудың және сауықтырудың жаңа жүйесі жасалды
Денсаулық сақтау тетіктерін анықтау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, аурудың алдын алу және адамдарды сауықтыру профилактикалық медицинаның басты міндеті.
09 Желтоқсан, 2019
Күн тәртібінде – әлеуметтік мәселелерді шешу
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев елордадағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды қабылдады.
09 Желтоқсан, 2019
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы Сочиде жергілікті «Сочи» командасынан басым түсті.
09 Желтоқсан, 2019
Көкшетаулық аспаздар Өзбекстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған бірінші халықаралық «Тәтті Өзбекстан» аспаздар сайысынан олжалы оралды.
09 Желтоқсан, 2019
«Олимптің» омақасуы – Заңсыз ойын ұйымдастырған букмекерлік кеңсенің жұмысы тоқтатылды
Қазақстандағы «Олимп» букмекерлік кеңсесі жұмысын тоқтатты. Аталған ұйым интернет арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Бұл факті ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті мен прокуратура органдарының бірлесіп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастауға түрткі болды. Анықталғандай, компания көлеңкелі бизнестен түскен ақшаны ел аумағынан тыс жерлерге аударып отырған.
09 Желтоқсан, 2019
Кіріс көзі емес, уақытша қаржылай көмек
Қазіргі кезде еліміздің қаласында да, даласында да мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) қатысты әр түрлі мазмұндағы әңгімелер тасқыны толастамай тұр. Мүмкін алдағы 2020 жылы оны тағайындау ережесі мен көп балалы отбасылардың балаларына берілетін жәрдемақыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде бұл әңгімелер бір арнаға тоғысар да.
08 Желтоқсан, 2019
Баға QR кодтар арқылы беріледі
Қазіргі кезде қазақстандық қоғамда дәрігерлердің рейтінгін қалай қалыптастыру қажеттігі жөнінде әр түрлі ой-пікірлер өрістеп жүр. Қалай дегенде де бұл мәселе денсаулық сақшыларының қызметіне тиісті баға беру арқылы анықталатыны анық.
08 Желтоқсан, 2019
Биыл Алматыдағы «Боралдай сақ қорғандары» кешеніне 46 мыңнан аса оқушы саяхаттады
Еліміз тарихи қазына, рухани мұраға өте бай десек те, байырғы шаһар – Алматы өзінің табиғи климаттық жағдайының аса қолайлығына байланысты мыңдаған жыл бұрын да көшпелі халықтардың рухани және мәдени орталығы болғандығын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.
08 Желтоқсан, 2019