Редакция таңдауы
Махмұт Сабырхан Президент кубогінің үздік боксшысы атағын иеленді
Нұр-Сұлтанда бокстан Президент кубогі додасы жалғасуда. Бірнеше салмақ бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Ал турнирдің ең шебер боксшысы атағы Махмұт Сабырханға берілді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
20 Шілде, 2019
Арыс: Қорғаныс министрі арнайы комиссияның жұмысымен танысты
Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жағдай туралы жауапты адамдардың баяндамасын тыңдады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
20 Шілде, 2019
Мемлекет басшысы Еуропа комиссиясының төрағасын құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Ляйенді Еуропалық комиссияның төрағасы болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
20 Шілде, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельді Еуропалық кеңес төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге Еуропалық кеңес төрағасы лауазымына сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
20 Шілде, 2019
Президент кубогы: Назым Қызайбай чемпион атанды
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Президент кубогында 51 келіде чемпион атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
20 Шілде, 2019
Қостанайда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы әлеуметтік желілерден тікелей берілді
Қостанай қаласында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының кезекті кезеңі өтіп жатыр. Полиция қызметі ашықтығының арқасында қала тұрғындары көкейтесті сұрақтарын қоя алады.
20 Шілде, 2019
Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай ауылдық кітапханасы «Менің шағын Отаным – Аманқарағай» жобасы аясында «Тойтөбеге» саяхат ұйымдастырды.
20 Шілде, 2019
Ақтөбе облысының әкімі Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен барды
18-шілде күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Әйтеке би ауданына іс-сапармен барды. Аймақ басшысы алдымен Белқопа, Жарөткел ауылы тұрғындарымен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Аталған ауыл тұрғындарын ең алдымен көгілдір отын, ауыз су мәселелері толғандырды.
19 Шілде, 2019
Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады
Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
19 Шілде, 2019
Солтүстік Қазақстан әкімі халықаралық фестиваль жеңімпазына құрмет көрсетті
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов «Славян базары – 2019» халықаралық фестивалінде бас жүлдені иеленген жерлесіміз, жас талант Әділхан Макинді жарқын жеңісімен құттықтады.
19 Шілде, 2019
Денис Теннің өмірден өткеніне бір жыл толды
Бүгін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері, даңқты спортшы әрі еліміздің мақтанышы Денис Теннің өмірден озғанына бір жыл толды. Қазақ елінің атын әлемге әйгілеген спортшы 25 жасында қаскөйлер қолынан қаза тауып, мәңгілік сапарына аттанған еді. Қыршын кеткен спортшының артында жоқтаушы жанкүйері мен қалың қазақ елі қалды...
19 Шілде, 2019
Мешіттер – пайдаға кенелетін орын емес
Қызыл империяның қыспағынан құтылып, кеңістікке жол тартқан ұлт рухы ізгілік пен мейірімнің шуағына бөленген шақтарда елімізде көптеген мешіттер бой көтерді. Қазақтың қанында бар қарапайым қасиет бүгінгі таңда да болмысынан жоғалған жоқ. Еліміздің қай қиырында болсын, тек қана Алла разылығы үшін мешіт салып, оны халықтың игілігіне беріп жатқан азаматтар жетерлік.
19 Шілде, 2019
Айыппұл салудың әлемдік тәжірибесі
Осыдан бірнеше күн бұрын ақпарат кеңістігінде Финляндия құқық қорғаушыларының көлік жылдамдығын ұлғайтқаны үшін Ferrari көлігінің иесіне көлемді айыппұл салғаны туралы жаңалық таралып кетті. Хабарламаға қарағанда, жарыс көліктері клубының 20 жылдығына орай өткізілген шеру шеңберінде Хельсинки көшелерінде әлгі жүргізуші автокөлік жылдамдығын белгіленген межеден асырғаны үшін он мың еуродан астам айыппұл төлеген.
19 Шілде, 2019
Қоғамдық көлікпен тегін жүру – жаңалық емес
Бүгінгідей нарық алқымнан алып тұрған сәтте замандастарымыздың құлақтарына «тегін» сөзі өзгешелеу естілетіні рас. Тіпті қазір белгілі бір тауар немесе қызмет бағасы арзандады десе, сенбейтіндей халге жеттік. Сенгіміз келгенімен, әйтеуір астарынан бір қитұрқылық іздеп тұрамыз.
19 Шілде, 2019
Өзге үшін полицей құрбан болуы тиіс пе?
Полицейлердің қоғамдық тәртіпті сақтаудағы, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі орнын ешкім жоққа шығара алмайды. Ел арасында келеңсіз жағдай орын алғанда алғашқы болып кеудесін қауіпке қарсы тосатын да, тіпті оқыс жағдайларда алдымен оққа ұшатын да – полицейлер.
19 Шілде, 2019
Азаматтардың сенімін арттырудың тиімді жолы
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы деп таныған демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты.
19 Шілде, 2019
Жарты ғасыр қаламы қолдан түспеген
Туған әдебиетіміз бен мәдениетімізге жарты ғасырдай уақыт тер төккен белгілі журналист, жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым Сапар Байжановтың шығармашылық жолы – қолына қалам ұстаған жастарға үлгі боларлықтай жемісті, тәлімді жол. Оны зерттеу, әсіресе журналистік, редакторлық қырларына, ізденістеріне, табыстарына толыққанды талдау жасап, лайықты бағасын беру – келешектің ісі. Біз оның шығармашылық мұрасына жалпылама барлау жасамақпыз.
19 Шілде, 2019
Би бейнелеген Шыңғысхан шындығы
Жарты әлемді жаулаған жаһан әміршісі – Шыңғысхан тағдырына қатысты айтылар түрлі аңыз да, талас та көп. Ал тартыс, драматургиялық шиеленіс дегеніңіз – спектакль үшін таптырмас өзек. Міне, сондықтан да болар, ұлы қаһан тақырыбына өнердің түрлі жанры оқтын-оқтын оралғыш келетіні...
19 Шілде, 2019
Ақтөбе тұтастай ел экономикасының өрге басуына өз үлесін қосып келе жатқан өркенді өңірлердің бірі. Облыста былтыр экономикалық өсім 5 пайызды құрауы осы пікіріміздің басты айғағы. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен біршама жоғары. Осындай өндірісі мен өнеркәсібі өркен жайған өңірде автожол құрылысының қарқыны баяулығын, жарамсыздық деңгейі жоғары облыстық және аудандық жолдарды қалпына келтіру ісі төмендігін немен түсіндіруге болады?
19 Шілде, 2019