Редакция таңдауы
Елорда әкімі өсімдіктері қурап жатқан бірнеше саябаққа барды
Қала әкімі А. Көлгінов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрімен бірге саябақтар, бульварлар мен ботаникалық бақтарды аралап, жаяу жүріп өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
21 Тамыз, 2019
Бюджетті тиімді жұмсауға бақылау күшейтілді – Г. Исимбаева
Бұл туралы Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.
21 Тамыз, 2019
Түркі Академиясының президенті Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті
Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті. Бұл туралы twesco.org хабарлады.
21 Тамыз, 2019
Бас басылым. Мемлекеттік тілдің мерейін асырған мақалалар
Редакциядан: Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы аймақтар арасында алғашқы болып «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай «Тіл тарихы: 100 жылдық жылнама» деген атаумен публицистикалық шығармаларға байқау жариялаған болатын. Байқауда 6 қатысушының шығармасы топ жарып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Осы байқауда жүлделі 1-орын алған журналист Болат Мәжиттің мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
21 Тамыз, 2019
Мәскеу облысының Алабино полигонындағы «Патриот» саябағында бесінші халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі мен жалпы командалық есептегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы үшінші орынды еншіледі. АрХО жабылу рәсіміне еліміз әскери ведомствосының басшысы Н.Ермекбаев арнайы барды.
21 Тамыз, 2019
Қаржы орталығының мүмкіндігі кеңейтілмек
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту мәселесі қаралды.
21 Тамыз, 2019
Отандық сүт стандартқа сай ма?
Қазақстан Сүт одағының хабарлауынша, елімізде жыл сайын 5 млн тонна шикі сүт өндіріледі. Алайда қайта өңделетін сүттің 50%-ы (700 мың тоннаға жуық) Кеден одағының техникалық регламентіне сай емес. Сапасыз өнімнің дені қосалқы шаруашылықтарға тиесілі.
21 Тамыз, 2019
Жолаушы тасымалдаудағы жүйелілік пен қауіпсіздік
Тараз қаласына күн сайын талай адам келіп, талай адам кетеді. Сәт сайын шаһардың қос қақпасынан ары-бері қатынап жүрген көпшілікте қисап жоқ. Алайда көп жағдайда жолаушылардың дені қаладағы автобекет арқылы жүретіні белгілі. Мұнда толған такси, айтқан ақшасын беріп діттеген жерге жетіп алуға болады. Бұрын тіпті автобекеттің айналасы толған көлік еді. Алматы, Қордай, Шу, Меркі, Құлан бағыттарына арнайы қатынайтын көліктерден бөлек, кейбір өз бетінше кетіп бара жатқан жолаушылардың өздері баратын жеріне бос кетпей, адам жинауды әдетке айналдырған болатын. Бағасы әрине, басқаларға қарағанда арзан. Алайда бұл жерде таксилетіп жүргендердің тірлігі қаншалықты талапқа сай және жол қауіпсіздігін олар қаншалықты қамтамасыз ете алады деген сауалдың туатыны анық.
21 Тамыз, 2019
Ара-тұра үлкендер аузынан жай айтыла салғандай көрінетін қарапайым тіркестерге бала жастан қанық боп өскенмен, олардың астары терең мән-мағынасын есейе келе ұғып, базбіріне пәлендей ден қоймаған шақтар да болғаны қашанда көкейде.
21 Тамыз, 2019
Астың дәмін тұз келтірсе де...
Жуырда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және жастардың денсаулығын нығайту үшін нан және нан-тоқаш өнімдерінде тұзды кезең-кезеңмен азайту. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, тамақ өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайтуды жаппай тұтынылатын өнім ретінде наннан бастаған тиімді. Сондықтан осындай меморандум жасалса керек.
21 Тамыз, 2019
Білім мен ғылымды бөлетін уақыт келген жоқ па?
Мемлекеттік қызмет саласында әкімшілік реформалардың жиі жүргізілуі Қазақстан үшін таңсық емес. Талай министрлік бірікті, бөлінді, қайта қосылды, тарап кетті. Әрбірінің өз себебі де болды.
21 Тамыз, 2019
«Россельхознадзор» қазақстандық бес кәсіпорыннан шектеуді алып тастайды
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне РФ ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі Федералдық қызметінен бес қазақстандық кәсіпорыннан уақытша шектеулерді алып тастауға қатысты хат келіп түсті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
20 Тамыз, 2019
Қостанайда еліміздің ұлттық театрларының республикалық V фестивалі басталды
Қостанайда еліміздің ұлттық (этникалық) театрларының республикалық V фестивалі басталды. Фестивальдің ашылу салтанаты І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында өтті.
20 Тамыз, 2019
Алматылықтар бюджетті неге жұмсау керектігін өздері шешеді
Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз-орталығында «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша брифинг өтіп жатыр. Open Almaty порталында «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау 19 тамыздан 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
20 Тамыз, 2019
Жеміс-көкөніс өнімдері өндірісін арттыру үшін барлық экономикалық жағдайлар жасалған - АШМ
Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров ҚР Үкіметінің алаңында өткен брифинг аясында азық-түлік тауарларына бағаны тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
20 Тамыз, 2019
Қазақстанда тағы бір медициналық пойыз іске қосылды
«Алматы-2» бекетінен «Жәрдем» қосымша мамандандырылған медициналық пойызы сапарға аттанды. Пойыз «Денсаулық» медициналық жобасына қосымша ретінде іске қосылып, 6 облысты қамтитын болады. 2019 жылдың соңына дейін екі медициналық пойыз 80 мың қазақстандыққа көмек көрсетеді деп күтілуде. Бұл туралы «Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлады.
20 Тамыз, 2019
Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
«Хабар» Агенттігі Ерлан Қалижанұлы Бекхожиннің «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанын хабарлайды.
20 Тамыз, 2019
Елімізде 2015 жылдан бері 11 мың адам жол бойында көз жұмған
Бас прокуратурада заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті. Кеңес барысында екі мәселе талқыланды: кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және жол қауіпсіздігі. Қос мәселе де қоғамда маңызды.
20 Тамыз, 2019
Жол мамандарын даярлайтын оқу орны керек
Кез келген ел үшін жол экономиканың күретамыры саналады. Автокөлік жолы оқтаудай түзу, тақтайдай тегіс мемлекетте жүк тасымалы мен адамдардың барыс-келісі жақсарып, туризмі де, экономиканың көптеген салалары да дами түспек. Тәжірибелі маман, «Қазақстан жол-ғылыми зерттеу институтының» ғылыми кеңесшісі, еліміздегі тұңғыш жол профессоры Бақытжан МҰРТАЗИН бізбен сұхбат барысында бүгінгі жол саласына қатысты түйткілді мәселелердің түйініне тоқталып, назарға алатын жайттарды жіпке тізуге тырысты.
20 Тамыз, 2019
Ұлы даланың тілде өрілген тарихы
Бүгінгі күні ұлттың, нақтылап айтқанда, қазақ халқының өзін өзі іздеуі, өзіндігін табуы айрықша өзектілікке ие болып отыр. Ғылымда ұлттың өзіндігін айқындауды «ұлттық бірегейлік» деп атау орныққан. Бір қарағанда бұл жеңіл, ешқандай күрделілігі жоқ мәселе болып көрінуі мүмкін. Ал шынтуайтына келгенде, қазақты қазақ етіп тұтастырып тұрған не, қазақ ұлтының тек өзіне ғана тән, өзгелерден ерекшелеп тұрған басты айырымы неде, қазақ десе ойымызға не оралады, көз алдымызға қандай түсінік-елес үйіріледі, қазақты ұлт ретінде ұйыстырып тұрған басты қандай құрал, қазақты алға құлшындыратын, рухына қуат, көңіліне шабыт беретін қандай қасиет деген сауалдар тізбегі көлденең шыққанда, абдырап, кәдімгідей ойланып қалатынымыз белгілі. Сөз жоқ, бұл сұрақтарға көңілге қонымды, уәжі толымды, қисынға нанымды жауап іздеу және табу, бұлтартпас фактілерге сүйеніп тұжырымдау өзекті де қажетті мәселелердің қатарында.
20 Тамыз, 2019