Редакция таңдауы
Ауаға тарайтын зиянды қалдықтардан қалай арыламыз?
Елімізде экологиялық ахуалды оңалтуға нақты қадам жасала бастады. Президент Қ.Тоқаев ұлықтау салтанатында: «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды.
29 Шілде, 2019
Тауына қасиет тұнған, даласына сұлулық қонған Қарқаралы өңірі – талай хас батырды өмірге әкелген киелі мекен. Бұл жақтағы халық та отаршылдыққа мойымаған, өр тұлғалы, ер мінезді, сертке берік, шешен келеді. Солардың қанынан жаратылып, Жарлы өзенінің бойында Қарқаралы тауларының Шаңкөз шыңына қарап құмартып өскен, қазақтың қайсар қыранына айналып өмірі қиылған Нұркен Әбдіров аты алты Алашқа аңыз болған, тәні қан майданның қызыл қырғынында қалған айбоз ұл еді.
29 Шілде, 2019
Тұрғындардың сүйенері – «Ақжайық»
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында орналасқан «Ақжайық» шипажайында келушілерді минералды сумен емдейтін жаңа ғимарат құрылысы басталды. Шипажайды Барбастау-Еңбек тас жолымен жалғайтын 7 шақырымдық жол бөлігі де күрделі жөндеуден өтпек.
29 Шілде, 2019
Жамбыл облысында білім ошақтарының саны артады
Бүгінде елімізде жастардың сапалы білім алуына мемлекет тарапынан тиісті жағдай жасалып келеді. Ол үшін өңірлерде апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды білім ошақтарының мәселесін шешу маңызды. Білім бәсекесіне қабілеттілік күн тәртібінде тұрған мәселе болғандықтан, бұл өңірлер үшін де аса өзекті. Бұл орайда, білім бәсекесін арттыруға Жамбыл облысы да өзіндік үлесін қосып отыр.
29 Шілде, 2019
Өткен жұма күні, яғни 25 шілдеде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын бастады.
29 Шілде, 2019
Әлеуметтік жобалардың әлеуетімен танысты
Премьер-Министр Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен жобаларды аралады.
29 Шілде, 2019
Көпшілікті алаңдатқан «қауіпсіздік сертификаты»
Шілденің ортасында Қазақстанның ұялы байланыс операторлары абоненттеріне ұлттық қауіпсіздік сертификатын орнату керегін ескертіп, хабарлама жіберді. Хабарламада айтылғандай сертификат «Байланыс туралы» заңның 26-бабына сәйкес интернетке қосылу мүмкіндігі бар әрбір құрылғыға орнатылуы тиіс. Сондай-ақ құрылғыда қауіпсіздік сертификатының болмауы белгілі бір интернет-ресурстарға кіргенде қиындықтар туғызатынын атап өткен. Пайдаланушылар мен интернет сервисі арасында берілетін ақпаратты шифрлау кілті – сертификатты орнатуға қатысты желіде сан алуан пікірлер жазылды. 26 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінің ашық алаңында «Қауіпсіздік сертификатын орнату» тақырыбына байланысты баспасөз конференциясы өтті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының орынбасары Зекен Исмаилов қауіпсіздік сертификатына қатысты сұрақтарға жауап берді.
29 Шілде, 2019
Дамушы мемлекеттер дамыған елдердің қоқысынан бас тартуда
Дамыған мемлекеттер дамушы елдерге тек қарыз беріп, озық технологияларын экспорттап қоймай, кейде, тіпті қоқыстарын да жіберіп тұрады. The Guardian басылымы жүргізген сараптама нәтижесінде, экологиялық жағдай мемлекеттік дәрежеде бақыланбайтын елдерге АҚШ жыл сайын 1 млн тонна көлемінде пластик қалдықтары сынды қоқыс жіберетіні белгілі болды.
29 Шілде, 2019
Білікті мамандар басқа елді неге бетке алады?
Кез келген мемлекеттің еңсе тіктеп, өркен жаюы адам капиталының әлеуетін арттырумен тікелей байланысты. Бұл тұрғыда көпшіліктің саны емес, сапасы маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда сөз қозғағанда көші-қон мәселесіне мән бермеу мүмкін емес. Өйткені жыл сайын шетелге қоныс аударып жатқан азаматтардың қатары көбеюі, олардың арасында білімді, тәжірибесі толысқан мамандардың көптеп кездесуі, сондай-ақ өзіміздің қаракөздердің де шекара асуы – алаңдатарлық жайт.
29 Шілде, 2019
Петропавл-Ганновер әуе рейсі қайта жаңғыртылады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Германияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тило Йоханес Клиннердің кездесуі барысында Петропавл-Ганновер әуе қатынасын қайта жаңғырту мәселесі де талқыланды.
28 Шілде, 2019
«Birge.TazaQazaqstan» акциясына 3 000 талдықорғандық қатысты
«Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясына Жетісу жұрты да үлес қосты. Шара аясында бүгін облыстың барлық қала, аудандарында жалпыхалықтық сенбілік өтті.
27 Шілде, 2019
Алматы жалпыреспубликалық экологиялық акциясына қосылды
Алматы ҚР Премьер-министрі бастаған #Birge #TazaQazaqstan жалпыреспубликалық экологиялық акциясына қосылып, тазалық акциясын Көкжайлаудан бастады.
27 Шілде, 2019
Үкімет басшысы бастаған елорда жұрты Есіл мен Қарасу өзендерін тазалауда
Акция барысында елордалықтар Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауын тазартуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27 Шілде, 2019
Мен үшін әлем чемпионаты әлі аяқталған жоқ - Дмитрий Баландин
Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден финалдық бәсеке аяқталып, қазақстандық Дмитрий Баландин жетінші орын алды.
27 Шілде, 2019
Қостанайда «Егеменнің» 100 жылдығына арналған байқау өтті
Қостанайда жас журналистер арасында «Тіл тарихы: жүз жылдық жылнама» атты байқауы өтті. Ел газеті «Егемен Қазақстанның» биылғы 100 жылдық мерейтойына орайластырылған байқауға негізінен жас журналистер қатысты.
26 Шілде, 2019
Президент «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Nur Otan» партиясының қазіргі жағдайы, мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық тетіктерін жандандыру және Президент Әкімшілігімен бірлескен жұмыстарды қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді.
26 Шілде, 2019
Шымкент ЕҚДБ-ның әлемдік «Жасыл қалалар» жобасына енді
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбританияның Лондон қаласында Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) штаб-пәтерінде келіссөздер өткізді.
26 Шілде, 2019
Премьер-министрдің орынбасары Арыстағы Шымкент секторының құрылыс жұмыстарымен танысты
Бүгін Арыс қаласына жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысуға Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек келді.
26 Шілде, 2019
Мемлекет басшысы Тунис Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабаралады.
26 Шілде, 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонды құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонды Ұлыбританияның Премьер-Министрі лауазымына сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
26 Шілде, 2019