Редакция таңдауы
Қаратөбеде өткен айтыстың бас жүлдесін маңғыстаулық ақын жеңіп алды
Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, айтыс ардагері Шолпан Қыдырниязованың 70 жас мерейтойына орай Қаратөбеде «Айтыстың Шолпан жұлдызы» атты аймақтық-республикалық ақындар айтысы өтті. Оған Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан суырыпсалма ақындар қатысты.
06 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі ресми парақшасында жазды.
06 Мамыр, 2019
Соңғы үш жылда өңірлер жалпы сомасы 52 млрд теңгеге 111 денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартын жасасты. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов мәлімдеді.
06 Мамыр, 2019
МЖӘ: Рейтингі жоғары 4 облыс анықталды
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытында қай өңірлер алда келе жатқанын мәлім етті.
06 Мамыр, 2019
Батыс Алтайдағы балғын шаңғышылар
Риддер десе, Полторанин, Полторанин десе, Риддер еске түседі. Риддер десе, көз алдыңызға тау басында құйындатып шаңғы теуіп жүрген адамдар елестейді. Шынында, Риддер – шаңғышылар шаһары. Үш-төрт жыл бұрын облыстық «Дидар» газетіндегі әріптестерімізбен бірге осы қалаға шаңғы тебуге (дұрысы, үйренуге, көруге) келгенімізде биік тауда қолына құндақтағы баласын байлап алып, зырылдатып шаңғы теуіп жүрген әйелді көріп, таңғалғанымыз бар. Батыс Алтайдағы жұрттың еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін қысқы спорттың қызығына берілгенін сол кезде анық байқағанбыз.
06 Мамыр, 2019
Археологтар Сегізсайға жиналады
Биылғы 11-13 маусым күндері Батыс Қазақстан облысындағы Есенамантау үстірті мен Елекшар қорымында бұған дейін қазба жұмысын жүргізген археолог-ғалымдардың қатысуымен «Көне Сегізсай» тақырыбында далалық археологтар симпозиумы өтеді.
06 Мамыр, 2019
Тіл үйренуге талап пен табандылық керек
Еліміздің әр өңірінен жиналған жастар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ағылшын, неміс тілдері бойынша республикалық студенттік олимпиадада бақ сынады. Бір ерекшелігі, қатысушылар – тілдік емес мамандықтардың 1-2 курс студенттері.
06 Мамыр, 2019
Кеншілер астанасында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі кеңінен аталып өтті. Бұл күні орталық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік концерт ұйымдастырылып, этномәдени орталықтардың көрмесі қала тұрғындары мен қонақтарына айқара есік ашты.
06 Мамыр, 2019
Көпвекторлы экономикалық саясаттан айнымау керек
Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту ел экономикасын дамытудағы басым бағыттардың бірі саналады. Соған байланысты жүктердің транзит ағынын қамтамасыз ету, көлік дәліздерін құру және жаңғырту бүгінгі таңда кезек күттірмейтін стратегиялық міндет деуге болады.
06 Мамыр, 2019
Бүгінде «ҚазАгроҚаржы» – аграрлық сектордың күретамыры» деп бекер айтылмайды. Қазір еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отырғаны белгілі.
06 Мамыр, 2019
Ақылды технология есебінен алға басады
Толайым табысты молайтудың жолдары көп. Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында атап көрсеткендей, агроөнеркәсіп кешеніне «ақылды технологияларды» енгізу – бүгінгі басты талаптардың бірі.
06 Мамыр, 2019
Ядролық қарусыз әлем құру – адамзаттың асыл мұраты
Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1994 жылы Қазақстан тарапы ядролық қарусыз мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылған болатын. Оған дейін біздің еліміз Семей сынақ полигонын жабу, ядролық ел мәртебесінен бас тарту және КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған барлық ядролық қаруды Қазақстанның аумағынан шығару сынды ауқымды жұмыстарды жүзеге асырған еді.
06 Мамыр, 2019
Шотландия тәуелсіздікке қайта ұмтылмақ
Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуға талпынысы Шотландияның дегбірін қашырды. 300 жылдан бері ағылшындардың шалғайынан ұстап келген ел 2014 жылдың қыркүйек айында алғаш рет биліктегі ұлтшылдардың бастамасымен тәуелсіздік алуға байланысты референдум өткізген болатын. Сол кезде халықтың 55 пайызы Біріккен Королдіктің құрамында қалуға ықылас білдірген еді.
06 Мамыр, 2019
Кандидаттарды тіркеу туралы қаулы қабылданды
Жұма, сенбі күндері Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, оның төрағасы Берік Имашев 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәді-Бек Түгел, Амангелді Таспихов, Дания Еспаева президенттікке кандидат ретінде тіркеуге ұсынылғанын айтты.
06 Мамыр, 2019
Мәскеудегі ұшақ апатынан 41 адам қаза тапты
Тергеу комитеті Шереметьево әуежайында өртенген Sukhoi Superjet 100 ұшағының бортында болған 78 адамның 37-сі тірі қалғаны туралы мәлім етті. Бұл жайлы журналистерге жексенбі күні ТК ресми өкілі Светлана Петренко айтты деп хабарлайды ТАСС.
06 Мамыр, 2019
Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының жұмысы жайында арнайы брифинг өтті. Оған кандидаттың сенім білдірілген адамы, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев және басқа да бірқатар сенім білдірілген адамдар қатысты.
06 Мамыр, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының жүзеге асырылу барысы, оның ішінде, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларды қолдау, осы бағытта қабылданған заңнамалық құжаттармен қатар, жалпы заң шығарушылық жұмыстарды сайлаушыларға түсіндіру мақсатында аймақтарға шыққан Мәжіліс депутаттары қоғамдық қабылдау өткізуде, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
06 Мамыр, 2019
Өңірде ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған «Кереку-Баян өңірінің 100 тарихи тұлғасы» атты қысқа метражды деректі фильмнің алғашқы көрсетілімі болып өтті.
06 Мамыр, 2019
«Сарыарқа» магистралінің құрылысы қарқынды
«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырынан басталған «Сарыарқа» магистралінің құрылысы жыл соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Құбыр жолы Қазақстанның бас қаласы мен орталық және солтүстік аймақтарын көгілдір отынмен толық қамтамасыз етеді.
06 Мамыр, 2019
21 сәуірден бері Шри-Ланка елінде бірнеше теракт болды. Дәл осы уақытта Шри-Ланка христиандары Пасха мерекесін тойлап жатқан. Олар әдеттегідей мейрамды атап өту үшін жергілікті шіркеулерге барған. Дәл сол сәтте үш шіркеуде және төрт қонақүйде жарылыс болады. Оларды жанкештілер жүзеге асырған.
06 Мамыр, 2019