Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистикалық әлеуетті дамытуды Үкімет жұмысының негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіледі. Бұл тапсырманы орындау шарасы тиянақты жүргізіліп келеді.
31 Желтоқсан, 2023
Ең төменгі жалақы мөлшері өседі
Ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) еңбек нарығын реттеуде негізгі орын алып, ең төменгі әлеуметтік стандарт ретінде жыл сайын тиісті қаржы жылына Республикалық бюджет туралы заңмен айқындалады. Бұл мемлекеттің толық күн жұмыс істейтін және еңбек уақытының нормаларын орындайтын қызметкердің белгілі бір деңгейден төмен жалақы ала алмайтынына кепілдік беретінін білдіреді.
31 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысына мерекелік құттықтау жеделхаттары келіп жетті
Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
30 Желтоқсан, 2023
Алты облыс аумағында 15 жол учаскесі жабылды
Ауа райы нашарлап, қар аралас жаңбыр, көктайғақ секілді қолайсыздықтардан республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Желтоқсан, 2023
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегерлері белгілі болды
Мемлекет басшысы 2023 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
29 Желтоқсан, 2023
2023 жылы еліміз қандай әлеуметтік жетістіктерге жетті?
2023 жылы еліміздің әлеуметтік саласында бірнеше жағымды жаңалық болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының биыл пайдалануға берілген жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
29 Желтоқсан, 2023
Тұңғыш әлем чемпионына «Үздік спортшы» атағы берілмеді. Саңлақтардың биылғы жылғы жетістігі
Биыл еліміздің спортшылары халықаралық сайыстардан 586 медаль олжалады. Сан жағынан саралағанда аз табыс емес. Олимпиадалық спорт түрі бойынша 121 алтын, 111 күміс, 141 қола медаль иеленді. Олимпиадалық спорт санатына енбейтін сайыстардан 118 медаль бұйырды. Пара спортшылар биылғы жылы айтулы сайыстардан 33 алтын, 33 күміс, 27 қола медаль алды.
29 Желтоқсан, 2023
Адай жылқысы ұлттық бренд ретінде тіркелді
Бүгін Әділет министрлігі Адай жылқысының 6 түрін жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Желтоқсан, 2023
Катонқарағай мен Марқакөл жеке аудан болып құрылды
Шығыс Қазақстан облысында қос ауданның халқы малақайларын аспанға атып, қуанып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.
29 Желтоқсан, 2023
Әлеуметтік орнықтылық, сапалы тұрмыс баспанамен байланыстырылатын басты қағидалар екені әркімге аян. Яғни елдегі тұрғын үймен қамту деңгейі халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Бұл тұста кез келген мемлекет өз азаматтарының игілігін қамтамасыз ететін тиімді тетіктерді іске қосады. Бүгінгі таңда елімізде тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру үшін кешенді іс-шаралар қолға алынған.
29 Желтоқсан, 2023
Азаматтар ақшасын қайда сақтайды?
Салымшылардың құқығын қорғайтын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) үшін биылғы жыл жемісті болды. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың арнайы резервінің мөлшері рекордтық көрсеткіш – 1,1 трлн теңгеге жетті. Бүгінде салымшы-жеке тұлғаларға тиесілі шоттардың 99,8%-ы кепілдікпен толық көлемде қамтылған. Осы орайда Қор төрағасы Әділ Өтембаевпен әңгімелестік.
29 Желтоқсан, 2023
Жалақысы өскен салаға жастар неге бармайды?
Жыл аяқталуына санаулы күндер қалғанда еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 50-100 пайыз аралығында өсіп, сала мамандарын бір қуантып тастағаны бар. Әрине, сақырлаған сары аязда қаңтарылып қатпауы үшін сантехник, электрик пен дәнекерлеушілер секілді білікті мамандар ауадай қажет-ақ.
29 Желтоқсан, 2023
2023 жыл еліміз үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Әсіресе өнер адамдарына айрықша қолдау көрсетілді. «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның халық әртісі» деген атақтар қайта жаңғырып, ел руханиятының мерейін асырып жүрген тұлғаларға берілді. Жаңа жыл қарсаңында сол атаққа ие болған азаматтардың үшеуіне хабарласып, өткен жыл мен Жаңа жылға байланысты ой-пікірлерін білген едік.
29 Желтоқсан, 2023
Саяси оқиғалардың салиқалы жылы
Биыл ел өмірінде болған елеулі өзгерістер көп. Ішкі саясаттағы реформалардың іске асырылуы сайлау жүйесіне қан жүгіртсе, алыс-жақын елдермен арадағы әріптестігіміз де әлемдік алаңдағы абыройымыздың артуына сеп болды. Жыл басындағы Сенат пен Мәжіліс, одан кейін мәслихат сайлауының соңы қарашада аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерінің қанатқақты сайлауымен жалғасты. Бұл саяси үдеріс осы жылы мемлекеттік басқару жүйесінің барлық орталық органын ауқымды қайта жүктеуді толығымен аяқтауға мүмкіндік берді.
28 Желтоқсан, 2023
Президент жаңа заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Желтоқсан, 2023
Қуанышы мен қиындығы қайшыласқан Қоян жылын шығарып салуға санаулы күндер қалды. Әдеттегідей, әлбетте, келер жылдан да тек жақсылық күтеміз. Желтоқсанның жаңбыры мен ызғары жағаласып жатса да, жұрт Жаңа жыл мерекесінің лебін сезініп отыр.
28 Желтоқсан, 2023
Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
28 Желтоқсан, 2023
Мұнай бағыты басымдығын әртараптандыру
2023 жыл мұнай дәуірінің екінші кезеңінің беталысын тасымалдауды әртараптандырудың нәтижесі анықтайтынын байқатты. Демек мұнай дипломатиясындағы ойын ережесі соның нәтижесіне қарап анықталады. Қысқасы, бұл жыл бізге «Ресей арқылы мұнай тасымалдасаң, балама бағыт ойыңда болсын» деген қағиданы миымызға мықтап шегелегендей.
28 Желтоқсан, 2023