Редакция таңдауы
Астанада «Deni sau ult» атты ұлттық медициналық саммит өтті. Оған Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың дәрігерлері, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, отандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.
14 Желтоқсан, 2023
Патрульдік полицияға – 96 көлік
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлеріне су жаңа 96 көліктің кілті табыс етілді. Осымен жыл басынан бері өңірде полицияға берілген қызметтік авто саны 148-ге жетті.
14 Желтоқсан, 2023
1973 жылы халық батыры Амангелді Имановтың 100 жылдығына орай ашылған Арқалықтағы «Дала аймағының тарихы» облыстық мұражайы өзі жұмыс істеп тұрған жарты ғасырлық кезең ішінде өңір тарихының алтын сандығы іспеттес рухани-мәдени қазынаның орталығына айналды.
14 Желтоқсан, 2023
Ұрпақ тәрбиесі – таусылмайтын тақырып. Күнделікті күйбең тіршіліктен де баланың үйренері көп. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналықтың түп-төркіні осы ойымызды айқындай түсері анық.
14 Желтоқсан, 2023
Телевизияда өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеріп, елдің жүрегінде қалған журналист Бейсен Құранбектің еңбегі ұмытылмайды. Жыл сайын Жетісу жері аяулы перзентін еске алып, түрлі іс-шара ұйымдастырып келеді. Соның бірі – шағын футболдан БАҚ өкілдері арасындағы республикалық турнир. Биыл үшінші рет өткен доп додасы жылдағыдай тартысты болды.
14 Желтоқсан, 2023
Газа секторынан Қазақстанның барлық азаматы эвакуацияланды - Сыртқы істер министрі
ҚазАқпарат тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялаудың қалай өткені туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2023
Алматыда Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, көрнекті ақын, белгілі ғалым Бауыржан Жақыптың «Күлімсіреп аспан тұр» атты әдеби сазды кеші өтті. Жырға құмар жүректерді М.Әуезов атындағы «әкемтеатрға» жинаған жып-жылы жүздесуде сыршыл ақынның поэзия әлеміне саяхат жасадық.
14 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті елінің айтулы жетістікке қол жеткізуімен, атап айтқанда, Әзербайжанның 2024 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы өтетін мемлекет ретінде таңдалуымен құттықтады. Жеделхатты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2023
Қаңтар қарлы, ақпан ақтүтек: Синоптиктер қыстың екі айына болжам айтты
Биыл елдің солтүстік, орталық аймағында қараша қарсыз өтіп, ауа райы тосын мінез танытты. Синоптиктер өткен айды «тарихтағы ең жылы қараша» деп таңбалады. Ал желтоқсанда күн райы жиі құбылып тұр. Айдың алғашқы күндері жылы өтсе де, кейінгі он күндікте қыс күшіне мініп, аяз қысты. Мамандар алдағы қыстың екі айы қаңтар, ақпанда елімізде қандай ауа райы болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2023
Халықтың мобильді аударымдары не үшін бақыланатыны айтылды
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарының мобильді аударымдарына салықтық бақылау қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2023
1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға шектеу қойылады
Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдарға шектеу қойылады. Пилоттық жоба шеңберінде 3 айдың ішінде бір картадан тек қана 100 аударым ғана тегін жасауға рұқсат етілмек, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
14 Желтоқсан, 2023
Астанада шырша шамы Тәуелсіздік күнінен кейін жағылатын болды
Елордадағы бас шырша EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында орналасады. Шыршаның шамын жағу шарасы 17 желтоқсан күні, сағат 20:00-де өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2023
«Тақиялы періште» ағылшынша сөйлесе... Америкалықтар қазақтарға ерекше сый жасады
Қазақстандағы АҚШ елшілігі Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады. Елшілік қызметкерлері қазақ көркем фильмдерін ағылшын тілінде дыбыстап, көпшіліктің ризашылығына бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Желтоқсан, 2023
Атырауда жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттар берілді. Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына 50-ден аса азамат өз жобасын ұсынған. Олардың 10-ы үздік деп танылып, қайтарымсыз грантқа ие болды.
14 Желтоқсан, 2023
Бүгін елімізде анимация саласы біртіндеп жанданып келеді. Бұл сөзімізге таяуда ғана You Tube-та жарық көрген «Шырақ» мультфильмі дәлел бола алады. Құндылықтар дәріптелген анимациялық туынды әлеуметтік желіде біразға дейін трендтен түспеді. Халықтың рухани мәдениетін байыту жолындағы игі істе, әсіресе, жастардың қызығушылығы басым. Осы тұста отандық анимацияның бүгіні мен болашағына көз салдық.
14 Желтоқсан, 2023
Үлескер мүддесі қалай қорғалады?
Осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде тұрғын үй құрылысының үлестік қатысу саласында бірыңғай республикалық веб-сайт құрылған. Онда тұрғындар үлестік құрылыс саласында құқықтық қолдауға қолжеткізіп, салынып жатқан нысандар жөнінде мәліметтер алуға және дұрыс таңдау жасауларына көмектесетін ақпараттармен қамтылған-ды.
14 Желтоқсан, 2023
Ізгі ниетті адамдардың көптігі көңіліңді қуанышқа бөлеп, қос қолтығыңнан періштедей демеп, сенімге селкеу түсірмейтіндігі анық. Кейінгі жылдары еріктілер қатары еселене түсіп, мейірім-шапағат мелтектеп тұр.
13 Желтоқсан, 2023
49 жастағы Нұрбай Матсалаев қазір автосервисте жұмыс істейді. Биыл көптен бері ішке бүккен арманын жүзеге асырып, қайтадан студент боламын деп шешкен. Сөйтіп, Ақтөбедегі Heriot-Watt University-ға оқуға түсіпті.
13 Желтоқсан, 2023
Киноның көркі болған Сағи бейнесінің сағым-сағынышқа айналғанына да біраз жыл өтті. Бірақ оның фильмде сомдаған Шоқанын көріп, сұлу сұлбалы сырбаз жігіттің оттай жанған жанарына қарап-ақ жарты әлемді ұмытқандай боласың. «Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы – ұлтымыздың кемеңгер ұлы Шоқан өмірде дәл осындай-ақ болған шығар» деген сезім ұзақ әсерлендіретіні де рөлдің сәтті шыққандығынан болса керек. Мұндай кезде: «Актердің кейіпкер болмысына дендеп енгені соншалық, Шоқандай теңіз тұлғаның түпсіз терең иірімі Сағиды да өзімен бірге шексіз шыңырауына үйіріп әкетті ме екен...» деген тылсымы басым түсініксіздеу ойдың және дендейтіні бар... Қалай десек те, бұл – тағдыр. Уақыт-ағзам алақанындағы өмір-өрісі аққан жұлдыздай келте қайырылған қос таланттың тағдыры да бірін бірі айна қатесіз қайталағандай ма?..
13 Желтоқсан, 2023
«Әлемді сұлулық құтқарады» деді Достоевский. Пикассо: «Еңбек пен әйел өмірді ұзартады» деген тұжырымды ой айтты. Бақсақ, қайбір ұлы шығарманың бойында алтын кездіктей жарқырап әйел бейнесі мұнартады.
13 Желтоқсан, 2023